Қызметші(сервистік) программалар-әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.
Ақпараттық жүйелердің құрылымы подсистема деп аталатын оның жеке бөліктерінің жиынтығын құрайды.
Подсистема – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйе бөлігі.
Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану сферасына қатыссыз подсистема жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификацияның құрылымдық белгісі туралы айтылады, ал подсистеманы қамтамасыз етуші деп атайды. Сондықтан, кез келген ақпараттық жүйенің құрылымы 2-суреттегі қамтамасыз етілетін подсистема жиынтығы ретінде көрсетілуі мүмкін.
4-сурет. Ақпараттық жүйе құрылымын қамтамасыз ететін подсистема жиынтығы
Қамтамасыз ететін подсистема ішінде ақпараттық, техникалық, математикалық, программалық, өндірістік және құқықтық қамтамасыз ету бойынша бөліп қарастыруға болады.
Ақпараттық қамтамасыз ету
Ақпараттық қамтамасыз ету подсистемасының міндеті шешімдер қабылдау үшін нақты ақпаратты беруден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |