?
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. ЕурАзЭҚ қандай ұйым?
2. Ол қай жылы құрылған?
3. ЕурАзЭҚ-тың мақсаты не?
4. Оған қай мемлекеттер мүше?
5. Оның құрамына қандай органдар кіреді?
3 -тапсырма. ЕурАзЭҚ – қа мүше мемлекеттерге сипаттама беріңіз.
Қазақстан Республикасы
Тәжікстан Республикасы
Өзбекстан Республикасы
Беларусь Республикасы
Қырғыз Республикасы
Ресей Федерациясы
4-тапсырма. Оларды бақылаушы мемлекеттерге сипаттама беріңіз.
Украина
Армения Республикасы
Молдова Республикасы
5-тапсырма. Ұйымдардың аттарын аударыңыз.
Қауымдастық Соты –
Мемлекетаралық кеңес –
Интеграциялық комитет –
Парламентаралық Ассамблея –
Ортаазиялық экономикалық әріптестік –
Еуразиялық экономикалық қауымдастық –
6-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
Экономикалық қауымдастық, кедендік шекаралар, сыртқы экономикалық саясат, халықаралық құқық ережелері, бірыңғай экономикалық кеңістік, Ортаазиялық экономикалық әріптестік.
7-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып оқыңыз.
Еуразиялық экономикалық қауымдастық – ТМД кеңісті-гіндегі ең дамыған ... бірі. Аталған аймақтық бірлестік жұмысына қатысу Қазақстанның сыртқы ... бірі болып табылады.
2003 жылғы желтоқсанда ЕурАзЭҚ БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы ... мәртебесіне ие болды, бұл осы интеграциялық бірлестікті дүниежүзілік қауымдастық танып отыр дегенді білдіреді. ЕурАзЭҚ-ке мүше мемлекеттердің өзара ықпалдас-тығы тауарлар аталымының басым көпшілігі бойынша ортақ кеден тарифтері енгізілген, тарифтік емес реттеу бойынша келісілген шаралар жүзеге асырылып жатқан, үшінші елдерге қатысты ортақ ... қалыптастырыла бастаған кезеңге жетіп отырғанын атап өткен жөн.
Бүгінде ... кеден аумағын құру басталды. Гуманитарлық салада біздің елімізде азаматтардың білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету салаларындағы қажеттіктерін неғұрлым толығырақ ... мүмкіндік беретін бірқатар нақты бірлескен қадамдар жасалды. ЕурАзЭҚ құру туралы ... қол қойылған сәттен бері оның нормалары мен қағидаларын нақты толықтыру, қауымдастықтың ... құру және олардың қызметін реттейтін құжаттарды әзірлеу, жаңа халық-аралық ұйымның ... тұлғаларының құқықтық мәртебесін бекіту, олардың өз міндеттерін ... жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша халықаралық-құқықтық жұмыстың едәуір көлемі атқарылды.
Қажетті сөздер: Аймақтық бірлестіктердің, бақылаушы, сауда режимдері, шартқа, саяси басымдықтарының, қанағаттандыруға, тиімді, лауазымды, басқару органдарын, біртұтас.
Достарыңызбен бөлісу: |