1. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» түрінде жауап беріңіз. Ответьте на вопросы утвердительно (иә) или отрицательно (жоқ).
1. Талапкердің аты-жөні - Асқар Ғалымұлы.
Иә
Жоқ
2. Талапкер сынақ тесті бойынша өз баллын біле алмады.
Иә
Жоқ
3. Талапкер оқуға түсе алатын шығар.
Иә
Жоқ
4. Сынақ тесттерінің қорытындысы ешқайда жоқ.
Иә
Жоқ
5. Талапкер тест қорытындысы туралы газеттен әлі оқымаған.
Иә
Жоқ
2-САБАҚ.
Грамматикалық тақырып: Міндеттілік модальдылық.
Лексикалық тақырып: Білім беру жүйесіндегі серпіліс
Міндеттілік модальдылық. Модальность долженствования.
Міндеттілік модальдылық (модальность долженствования) етістік қимылды жасауға субъектінің міндетті екенін білдіреді. Мысалы, Әр адамды қазіргі заманғы әлемде іс істеуге, білім ала білуге, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет. Осы мысалдағы ала білуге, сүре алуға, сүре білуге деген етістіктер қимылды жасауға субъектінің міндетті екенін білдіреді.
Тілде міндеттілік мағынаны білдіретін мынадай аналитикалық форманттар бар: -у керек, -уге тиіс, -у қажет. Мысалы, Ол бүгін келуге тиіс. Мен сабақ айтуым қажет. Түсте үйге баруым керек.
Міндеттілік мағына болымсыз түрде де айтылады, ол үшін емес, жоқ көмекшілері форманттарға тіркеседі. Мысалы, Ол осы жайтты білуге тиіс емес.
(Н. Оралбай. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2007 жыл).
1-грамматикалық жаттығу. Қажетті тұлғаны қойыңыз. Вставьте нужную форму.
1. Сіздердің сапалы білім алу...
2. Сенің ол құжаттарды біл...
3. Келесі жылы қайта кел...
4. Нұрман жаңа машина ал...
5. Менің оған болған жағдайды айт...
6. Жаман әдеттен бас тарт...
ларыңыз керек у керек уым қажет уға тиіс уің қажет уім керек
2-грамматикалық жаттығу. Қажетті тұлғаны қойыңыз. Вставьте нужную форму.
1. Жиналыста сөйле... қажет емес.
2. Оған айт... қажеті жоқ.
3. Өзгеге кір... болмайды.
4. Бұл жерде жүр... қажеті жоқ.
5. Жұмысқа кешігіп кел... қою қажет.
6. Бұл өзеннен балық аула... болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |