Төмендегі берілген сөйлемді сұқбаттағы тәртіппен орналастырыңыз. Расположите предложения в соответствии с диалогом.
- Арман, студенттер негізінен білім алу үшін оқи ма, әлде диплом алу үшін жүр ме?
- Ол не дегеніңіз, ата. Әрине «бес саусақ бірдей емес қой», мен білетін студенттердің барлығы нарық заманының ерекшелігін түсінген жастар. «Білімді болмасаң көштен қаласың» деп ойлайтындар.
-Арман, сен қайда оқисың?
- Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде.
- Елбасымыз көреген ғой.
Ф. Бэкон деген ғұлама: «Білім – ел мен халыққа пайда әкелгенде ғана күш», деген екен. Алған біліміңнің халқыңа пайдасы тисін.
- Әумин! Айтқаныңыз келсін, ата!
- Оларың жөн екен. Жастардың өмірге көзқарасы тек ақшамен өлшенетін сияқты болып тұрады. «Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда» деп ән айтатын көрінеді.
- Ой ата, сіз де айтпайтынды айтады екенсіз. Нарық заманында мәселенің көбі ақшаға тірелетіні рас қой. Елбасымыз өзінің лекциясында Артур Шопенгауэрдің үлкен дәулет пен билік адамды бақытты ете алмайды. Ондай адамдардың әрқайсысында да «өзіне тән қам-қарекеті мен мұқтаждары бар кедей жасырынып жатыр» деген сөзін келтірді емес пе.
2-САБАҚ.
Грамматикалық тақырып: Атау септігінің қызметі.
Лексикалық тақырып: Ұлттық кадрлар мемлекеттің негізі.
Атау септігі
1-тапсырма. Атау септігін есіңізге түсіріңіз (вспомните формы И.п. существительных).
Септіктер
|
Сұрақтар
|
Жалғаулары
|
Тәуелдік жалғаудың
І, ІІ жақтарынан кейін
|
Тәуелдік жалғаудың ІІІ жағынан кейін
|
Атау септігі
|
кім? не? кімі? несі?
|
|
-м,
-ң
|
-і,
-сі
|
2-тапсырма. Атау септігінің мағыналарына назар аударыңыз:
- Белсенді әрекет иесі Дулат теледидар көріп отыр.
- жақ (зат) атауы Бұл – Айжан. Мынау – кітап.
- Қаратпада тұлға сипаты Дастан, қайда барасың?
- Квалификативтік белгі иесі. Бақыт – дәрігер
- факт, оқиға Ертең – сайлау
- заттың бар, жоқ екендігі Қалада жақсы театр бар.
- Иеліктегі затты білдіреді Менің кітабым бар.
- Жақ, зат идентификациясы Менің атым – Салтанат
- Қажеттілік мәні Дүкеннің аты – «Заңғар»
Маған білім керек
- уақыттық кезеңдегі әрекет иесі Сабақ сағат 2-де басталады.
Уақыттық кезең (период) Бүгін жұма.
- субектінің физикалық, Баланың ыстығы бар.
эмоциалық қалып-күйі Басым ауырып тұр.
Іс-әрекет субъектісі Әкем жазып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |