Диалогты тыңдаңыз, қайталаңыз. Слушайте, повторяйте.
- Әлия, сіздің Халық банкінде жұмыс істегеніңізге көп уақыт болды ма?
- Иә, біраз уақыт болды. Бес жылдан бері менеджер болып істеймін.
- Онда сізге банктеріңіздің қызметіне қатысты бірнеше сұрақ қоюыма рұқсат етіңіз. Банктеріңіздің қызметі туралы айтсаңыз?
- Біздің банктің құрылғанына биыл 86 жыл толып отыр. Банк ашық акционерлік қоғам болып табылады.
- Салымшыларыңыз көп пе?
- Иә, біздің банк сенімді банктердің бірі. Сондықтан акцияларымызды сатып алушылар да, салымшыларымыз да өте көп.
- Халыққа тағы қандай қызмет түрлерін көрсетесіздер?
- Халық банкі 2008 жылдан бері қайырымдылық көрсетудің бекітілген бағдарламасы бойынша демеушілік жасаумен айналысады. Мәселен, компьютерде оқыту, спорт және жастардың жоғары білім алуына үзбей ат салысып келеді.
- Әңгімеңізге рақмет! Банктеріздің ісіне табыс тілейміз!
- Рақмет!
- Сау болыңыз!
- Сау болыңыз!
Диалогты қажетті сөздермен толықтырыңыз. Дополните диалог подходящими словами.
- Әлия, Халық банкінде ... көп уақыт болды ма?
- Бес жылдан бері ... болып істеймін.
- Сізге банктеріңіздің қызметіне қатысты бірнеше ... қоюыма рұқсат етіңіз.
- Біздің банктің биыл ... 86 жыл толып отыр. Банк ... акционерлік қоғам болып табылады.
- ... көп пе?
- Халыққа тағы қандай ... көрсетесіздер?
- Халық банкі 2008 жылдан бері ... жасаумен айналысады.
демеушілік қызмет түрлерін салымшыларыңыз
ашық құрылғанына сұрақ менеджер жұмыс істегеніңізге
2-САБАҚ.
Грамматикалық тақырып: Есептік сан есімдер.
Лексикалық тақырып: Сауда орталығында. Сән үйінде.
1– тапсырма. Сауда-саттық дүкенінің ішіне қараңыздар. Не көріп тұрсыздар? Суретке қарап, заттардың атауын атаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |