Грамматикалық тест тапсырмалар
1. Қос сөздің сыңарын табыңыз. Найдите вторую часть парной основы.
Әпкем ыдыс-... жуды.
А) қасық
Ә) аяқ
Б) пышақ
В) шәйнек
Г) тәрелке
2. Қос сөздің сыңарын табыңыз. Найдите вторую часть парной основы.
Оның үйі кіп-... екен.
А) кең
Ә) үлкен
Б) кішкентай
В) жарық
Г) қараңғы
3. Қос сөздің сыңарын табыңыз. Найдите вторую часть парной основы.
Ауырған соң дәрі-... сатып алдым.
А) шипа
Ә) тамақ
Б) сусын
В) салат
Г) дәрмек
4. Қос сөздің сыңарын табыңыз. Найдите вторую часть парной основы.
Балам түрлі-... қарындашпен сурет салды.
А) сары
Ә) ақ
Б) түсті
В) қызыл
Г) жасыл
5. Қос сөздің сыңарын табыңыз. Найдите вторую часть парной основы.
Әжем көп мақал-... біледі.
А) мәтін
Ә) өлең
Б) ән
В) мәтел
Г) тақпақ
6. Қос сөздің сыңарын табыңыз. Найдите вторую часть парной основы.
Ата-... сыйлау парызымыз.
А) шешені
Ә) әкені
Б) әпкені
В) ағаны
Г) ананы
7. Қос сөздің сыңарын табыңыз. Найдите вторую часть парной основы.
Бұл дүкен ...-түні жұмыс істейді.
А) кеш
Ә) түні
Б) күні
В) түсте
Г) таңертең
«Мәдени мұра» бағдарламасы
Тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттаңыз. Слушайте, повторяйте, выучите.
период
|
кезең
|
осуществлять
|
жүзеге асыру
|
корень
|
күретамыр
|
истина
|
ақиқат
|
своеобразие
|
болмыс-бітім
|
облик
|
бет-бейне
|
духовное своеобразие
|
рухани болмысы
|
мудрость
|
ақыл-ойы
|
здравомыслие
|
парасат
|
цивилизация
|
өркениет
|
золотой фонд
|
алтын қор
|
родная культура
|
төл мәдениет
|
потенциал
|
әлеует
|
духовно - культурный
|
рухани - мәдени
|
всецело
|
тұтастай
|
безгранично
|
шексіз
|
лучшие произведения
|
ең үздік туындылар
|
1. Тыңдаңыз. Қайталаңыз / Слушайте. Повторяйте
2007-2009 жылдар Қазақстанда «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру кезеңі болып табылады.
Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болсын өзге жұртқа ұқсамайтын болмыс-бітімін көрсететін, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгісі – мәдениеті.
Мәдениетті халық тіршілігінен, мемлекет саясатынан бөліп қарастыруға болмайды.
Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.
«Мәдени мұра» бағдарламасы – мәдениетке деген мемлекеттік көзқарасты айқындайтын маңызды жоба.Ол Қазақстанның әлеуеті мен гуманистік бағыт-бағдарын танытады.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай бірнеше міндеттер қойылды:
-білім беру саласын дамыту;
-қазақтың тарихи-мәдени ескерткіштерін қалпына келтіру, жаңарту;
-қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерттеудің тұтастай жүйесін жасау;
-ұлттық әдебиетімізді том-том етіп шығару;
-әлемдік көркем әдебиеттің ең үздік туындыларын жүйелі түрде ана тілімізге аудару. (Н.Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдағандағы сөзі) (142 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |