Ел Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауы
5. Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрыңыз.
Бір-біріңізге сұрақ қойып, жауап беріңіздер.
6. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі құрмалас сөйлемдерді аяқтаңыз.
Бізде жолбарыстар жоқ, …
Қар барысы ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды, …
Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, …
Қазақстанның ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезеңде мұраты мынадай: …
7. Сөйлемдердегі ойды таратып айтыңыз.
Барыс өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалылығымен дараланады.
Барыс серпінді болуға, семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауға тиіс. Әйтпесе ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды.
Ол өз ұрпағының өресі мен пайымына нәр беруге тиіс, сөйтіп кез келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайында өз бетінше дербес өмір сүруге жетелеп, көрегендік танытады.
Барыстың бойына батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі тән болуға тиіс.
8. Мәтіннен туынды зат есім мен туынды сын есімдерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
9. Мына сұрақтарды талқылаңыз.
Соңғы он жыл ішінде қазақстандық Барыс қандай дәрежеге жетті деп ойлайсыз?
Қазақстан Азия Барысына айналу жолында өз мүмкін-діктерін толық пайдалана алып жүр ме?
10. «Мен өзім 2030 жылғы Қазақстанды қалай елестетемін?» деген тақырыпта ауызша ақпарат дайындаңыз.
3–сабақ.
Қазақстан жаһандану дӘуірінде
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
а) Жаһандану дегенді қалай түсінесіз?
ә) Қазақстанға жаһандану не әкеледі деп ойлайсыз?
Достарыңызбен бөлісу: |