Демонстрациялық жұмыс көрсетіледі, түрткі сұрақ арқылы жаңа сабақты ашады. Қайнаған су мен құбыр суына кір сабын салып әсерін оқушылар талдайды, және қайнаған суда сабын жақсы көпіршектенгенін байқағандарын айтады. Бұл кермек су немесе қатты су екенін айтып жаңа тақырыпқа көшемін.
Судың кермектілігі құрамында Са мен М иондарының бар болуынмен сипаталады.
Судың кермектігі уақытша және тұрақты кермек болып бөлінеді. Суда Са(НСО3)2 және Mg(HCO3)2 гидрокарбонаттары болғанда уақытша кермектік болады. Сондықтан кейде оны карбонаттық кермектік деп атайды. Уақытша кермектікті суды қайнату арқылы (ерімейтін карбонаттар СаСО3 және MgCO3 қақ түрінде тұнады) жоюға болады:
Са(НСО3)2 = СаСО3↓ +СО2↑+ Н2О
Бірақ судың көп мөлшерін техникада кайнату кымбатка түседі. Уакытша кермектікті қайнатудан баска, әк сүтін немесе соданы қосу аркылы жоюға болады:
Са(НСО3)2 + Са(ОН)2 - 2СаСО3↓ + 2Н2О
Mg(HCO3)2 + Na2CO3 = MgCO3↓+ 2NaHCO3
Егер табиғи судың құрамында кальций мен магнийдің басқа еритін түздарының (сульфаттар, хлоридтер, дигидрофосфаттар, ортофосфаттар, нитраттар) болса, судың турақты кермектігі болады немесе оны карбонатты емес деп те атайды. Тұрақты кермектік суды қайнату арқылы жойылмайды. бірақ әк суын немесе соданы қосканда барлық Саа+ жөне Mg2+ катиондары (уакытша және тұракты кер-мектік) СаСО3 және МgСО3 түрінде түнбаға түседі:
CaSO4+ Na2 CO3 = CaCO3↓ + Na2SO4
Жалпы кермектікті жоюдың, ең жақсы реагенті натрий орто-фосфаты Na3PO4:
3Ca(HCO3)2 + 2Na3PO4 = Ca3(PO4)2↓+ 6NaHCO3
3MgSO4 + 2Na3PO4 =Mg 3(PO4)2 + 3Na2SO4
Табиғи сулар кермектік дәрежесіне қарай:
өте жұмсақ су (1,5 миллиграм-эквивлентке дейін)
жұмсақ су (1,5-3,0 миллиграм-эквивлентті)
орташа кермек су (3,0-6,0 миллиграм-эквивлентті)
кермек су (6,0-9,0 миллиграм-эквивлентті)
өте кермек су (9,0 миллиграм-эквивленттен жоғары)
адасқан әріптер беріледі сол сөздерді құрастыру. Құрастырған сөздердің ағылшынша атауын жазамын:
су-water
кермек су-hard water
магний-magnesium
кальций-calcium
уақытша кермектік- temporary hardness
тұрақты кермектік- permanent hardness
содалық әдіс- the method of baking soda
натрондық әдісthe method soda
ізбестік әдіс-lime method
фосфаттық әдіс-phosphate method
|