Сабақ: «І дыбысы мен әрпі»



Дата03.08.2017
өлшемі231,34 Kb.
#22534
түріСабақ
Шежін орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ: «І дыбысы мен әрпі»

Пәні:Әліппе


Алматы облысы

Панфилов ауданы

Шежін орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі Майчубаева Гүлдана Әзімбайқызы

Әліппе

Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. І дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру, сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру,сөз ішінде І әрпінің орнын анықтау.

2.Сөздік қорын,тіл байлығын ,ой-өрісін дамыту. Озық ойлы оқушы болуға баулу

3.Ұйымшыл болуға,ұқыптылыққа, зеректілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:саяхат сабақ

Оқыту әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: сабаққа қатысты суреттер, әріптің жазу үлгісі,кеспе әріптер «Сиқырлы әріптер» электронды оқулық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу

Сабаққа психологиялық дайындық

Шаттық шеңберін құру

Ақ көңілді жүрекпен,

Ақ ниетті тілекпен

Амандасып алайық,

Қонақтарға ізетпен.



ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

«Сөз ойла,тез ойлан» ойынын ойнату

- Ж әрпі бар сөздер айтқызу ,буынға бөлгізу

- Ж әрпі бар сөздерге сөйлемдер құрату

-Ж дыбысы қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерінде жазылады?

Сөздерді тізбектей оқыту.

ІІІ. Мақсат қою:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау



І Ү. Жаңа сабақ:

-Балалар сендер саяхатшы Дара мультфильмін білесіңдер ме?

Сол Дара қызбен бірге бүгін сабақта саяхатқа барамыз.Ол бізді орманды аралауға шақырады.

Ол үшін жолымызда кездескен бірнеше кедергілерден өтуіміз керек

1-кедергі көлден өту.Көпір үстінде қабаған ит бар тапсырманы дұрыс орындасақ

ол бізді көпірден өткізеді ол үшін мына тапсырмаларды орындайық

Лездеме сұрақтар қатары

- Сен сырт киімдеріңді қайда қоясың?

-Ілгішке іліп қоямын.

Ендеше ілгіш деген сөздің басында қандай дыбыс естіп отырмыз?

-І дыбысы. Олай болса бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз І дыбысы мен әрпі

Электронды оқулықпен жұмыс

І дыбысы-дауысты дыбыс. Сөздер айту, сұрау, буынға бөлу.

Ілгіш сөзіне дыбыстық талдау жасату.

І-дауысты ,жіңішке

Л-дауыссыз,үнді

Г-дауыссыз,ұяң

І-дауысты,жіңішке

Ш-дауыссыз,қатаң

ә) Сурет бойынша әңгімелету.

Ірімшік сүттен алынады.Ілгішке киімімді ілдім. Ілебай үздік оқушы.

Балалар Дараның ормандағы достарын біреулер торға қамап тастапты.Оларды

босату үшін аюдың табанының астындағы кілтті алуымыз керек.Аю өте

қорқынышты жыртқыш аң.Оның тапсырмасын қатесіз орындайық

Мәтінді оқып беру, мазмұнына түсінік беру.

Аюдың табынының астындағы кілтті алдық.Енді аңдарды босытау үшін

келесі тапсырманы орындайық.

б) «Ойлан тап» ойыны арқылы тәуелдеу.

Менің інім. Сенің інің. Оның інісі.

І дыбысы бар сөздерді табу,айту

Сергіту сәті

«Көңілді күн»

г) Дәптермен жұмыс

Іі әрпін, сөздерді жаздыру

Сөздік диктант алу

Ү. Жаңа білімді тексеру.

«Кім жылдам?» ойынын ойнату

1. Сөздегі І әрпінің орнын тап, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құра.


...н, т...с , п...л, т...л, ....н.... , к...лт, ...лг...ш, к...рп.....
Піл ірі жануар. Айжанның тісі ауырды.Ол тіс дәрігеріне барды.Әсет кірпіге сүт берді

Міне балалар біз Дараға өз көмегімізді көрсеттік.Барлық тапсырмаларды орындап, Дараның достарын тордан босаттық.

Дара сендерге рахмет айтты

ҮІ. Білімді бекіту.

«Білгір болсаң тауып көр»

Жұмбақ шештіру



ҮІІ. Сабақты қортындылау:

-Біз бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық?

-І дыбысы қандай дыбыс?

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет