Жаңа сабаққа бағыт-бағдар беріп,өздеріне тапсырма ретінде бір-біріне түсіндіру әдістерін сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары арқылы үйретіп, яғни өзім көп сөйлемей, оқушыларды ой-пікір айтуға дағдыландыру арқылы оқушы мұғалім ретінде жаңа сабақты тобына баяндауда, бір-біріне сұрақтар қоя отырып, еріксіз диалогқа түсті. Бұл жағдайда оқушы өзіне жүктелген жауапкершілікпен қатар өзін-өзі реттеп,қалай оқу керектігін үйренді.Топтық жұмыc aрқылы оқушылaр aрacындa өзaрa қaрым-қaтынac орнaп, тиiмдi aрaлacу және жaғдaяттaрды бiрiгiп шешу дaғдылaры дaмыды.Топтacып жұмыc icтеу оқушылaрғa жеңiл, тaқырыпты оңaй, қинaлмaй өзaрa тaлқылaп, өз ойлaрын aшық, еркiн жеткiзе aлуынa мүмкіндік тудырды. Нәтижеciнде тaнымдық ойлaуы толық дaмығaн, өз ойын еркiн, aшық жеткiзе aлaтын, жеке тұлғa қaлыптacaды деп ойлaймын.
Сабақта талантты және дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру барысында кеңейтілген деңгейлік тапсырмаларды жоспарладым.Оқушыларға білім беруде АКТ-ны пайдалану уақытты үнемдеуге, шапшандыққа, ептілікке, пәнге деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізетініне көз жеткізуге болады. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, топтық бағалауы,әділдікке,шынайылыққа,өз пікірін дәлелдей алуға үйренуіне жағдай туғызады.Оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қолжетімді болуын ескеріп,сабақ соңында кері байланыс орнаттым.
Достарыңызбен бөлісу: |