Жыныс генетикасы. Жыныспен тіркес тұқым қуалайтын белгілер.
Барлық оқушылар:
Жыныс хромосомаларындағы тіркес тұқым қуалйтын белгілер туралы білу.
Оқушылардың басым бөлігі:
Жыныс хромосомдары арқылы тіркесіп тұқым қуалайтын гендерді айқындайтын белгілер туралы есептер шығарып, талдау арқылы терең түсіну.
Кейбір оқушылар:
Өз бетінше есеп шығарып, тіркес тұқым қуалаудағы жыныс хромосомдарының маңызына түйінді ойларын тұжырымдай біледі.
Тілдік мақсат
Оқушылар:
Негізгі сөздер мен тіркестер: ген, хромосома, аутосома, жыныс хромосомасы.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар: Гендер тіркесі, жынысқа тіркес тұқым қуалау, гомозиготалы жыныс, гетерозиготалы жыныс, жыныс бақылауындағы белгілер.
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Мәтінмен оқушыларды талық таныстырамын, Блум бойынша сұрақтар құрастырады, топта талқылаудан кейін көбірек есте қалады, сыни ойлау жүзеге асады. Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдалынады. Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді. Ой бөлісуге, пікір алмасуға дағдыланады, қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді.
Жазылым бойынша ұсыныстар:Терминдерді дәптерге үш тілдік аудармасын жазады: Ген- Gene-ген
хромосом- chromosome- хромосома
аутосом- autosoma- аутосома
жыныс хромосомасы- the sex chromosome-половая хомосома
Алдыңғы тақырып
Көп аллельдер. Талдаушы шағылыстыру. Дигибридтік және полигибридтік будандастыру.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
2 мин
Ұйымдастыру: Сыныптың сабаққа әзірлігін бақылау.
Топқа бөлу: Конфеттер түсімен топқа бөлемін.
Оқулық, дәптер
Ортасы
30 мин
Білу: Блиц-турнир: Әр топқа 5 сұрақ қойылады. Оқушылар жылдам 20 секунтта жауап береді. Тек дұрыс жауабын айту керек. Дұрыс жауап бір балл. Таймкипер 20 секунтта ескерту айтып, тоқтатады. Өздеріне тиесілі балын бағалау парағына қояды.
Ітоп Тұқымқуалаушылықты және өзгергіштікті зерттейді. Генетика
Мендель тәжірибеге алған өсімдік. Асбұршақ
Мендельдің І заңы. Басымдылық заңы
Бір белгінің екіншісінен басым болуы. Басымдылық
Қарама-қарсы қалыптағы белгілердің дамуына жауап беретін ген. Аллельдер
ІІ топ 1.Гендік және сыртқы көріністер жиынтығы. Фенотип 2.АА генотипі-басымдық бойынша қандай генотип?
Гомозиготалы 3. Ал АаВв ше? Дигетерозиготалы 4.І қан тобының генотипі. ОО 5.Дигетерозиготалы ағзаның генотиптен неше гамета түзіледі. 4 ІІІ топ Генетиканың негізін салушы чех ғалымы. Г. Мендель
Мендель нәтижелерді талдау үшін қандай әдіс алды. Санақ(статистикалық)
Көрінбей қалатын белгі. Рецесивті
Генетикалық белгілердің гендік жиынтығы. Генотип
Генетикалық есептерді шығаруда қолданылатын тор көз. Пэннет торы
ІV топ 1.ІІ қан тобының гомозиготалы күйдегі генотибі. АА 2.Екі жұп белгі бойынша шағылыстыру. Дигетерозиготалы 3.Дигомозиготалы ААВВ генотибінен неше гамета түзіледі ? бір АВ 4.Мендельдің ІІІ заңы. Тәуелсіз тұқым қуалау заңы 5.Қандай жағдайда балаларының қан тобы ата-аналарының қан тобына сәйкес келмейді? Гомозиготалы және гетерозиготалы генотипті болғанда немесе І және ІV қан топтарында Қолдану: «Он сұрақ» әдісімен үй жұмысын бекіту. Тақтаға топтан бір оқушы шығып, жасырылған сөзді табады. Ол сөзді басқа оқушылар берген сипаттамасына сүйене отырып табады.
Жаңа тақырыпты түсіндіру «Ой қозғау» Жаңа тақырыптың мағанасын ашу үшін оқушыларға ойланып жауап беретіндей сұрақ қойылады.
-«Барлық бір түрге жататын тірі ағзаларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады?( Жыныстық белгі арқылы екі топқа ажыратылады) Тұқымқуалайтын аурулар дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай ауруларды білесіндер?»
Түсіну: Презентация арқылы жаңа сабақты интернет жаңалықтарымен қосымша мұғалім түсіндіріп өтеді.( 5мин.) Мәтінмен оқушылар 5минут танысады.
Цитогенетика ғылымы дамуының нәтижесінде жануарлардың аталық және аналық жасушаларындағы хромосомаларда айырмашылық бар екені анықталды. Организмнің жынысы ұрықтану кезінде анықталады. Ол хромосомалар жиынтығына байланысты. Адамның дене жасушаларында 46 хромосома бар. Олар 23 жұп түзеді. Олардың 44 хромосомасы (22 жұбы) еркектерде де, әйелдерде де мөлшері, қызметі жағынан бірдей ұқсас болып келеді. Оларды аутосомдар деп атайды. Ал 23-жұпты жыныстық хромосомалар деп атайды.
Аналықта жұп X хромосомалар болғандықтан, мейоз нәтижесінде оларда бір типті жұмыртқа жасушасы түзіледі, әрқайсысында бірден X хромосома болады. Аталықта сперматозоидтердің бір типінде X хромосома болса, екінші типінде Ү хромосома болады. Сондықтан ұрықтану кезінде екі түрлі комбинация түзіледі.
1. X хромосомасы бар жұмыртқа жасушаны X хромосомасы бар сперматозоид ұрықтандырған жағдайда зиготада жұп XX хромосомалар болады. Мұндай зиготадан аналық даралар жетіледі.
2. X хромосомасы бар жұмыртка жасушаны Ү хромосомасы бар сперматозоид ұрықтандырған кезде, зиготада X және Ү хромосомалар болады. Мұндай зиготадан аталық даралар жетіледі. Сонымен сүтқоректілерде аналық жыныс — гомогаметалы да, аталық жыныс — гетерогаметалыболады.
Ү хромосомада аталық бездерді калыптастыратын гендер бар. Осының аркасында жыныс органдары мен белгілері жетіледі.
Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы
Гендері жыныс хромосомаларда орналасқан белгілерді жыныспен тіркескен белгілер деп атайды. Ал белгілердід жыныстық хромосомалары (X және Ү) арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілуін жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы деп атайды. Бұл құбылысты Т.Морган дрозофила шыбынынатәжірибе жүргізгенде ашкан.
Дрозофила шыбынының көзінің қою қызыл түсті белгісі (W), ақ белгісінен басым (w). Гомозиготалы қызыл түсті аналық шыбынды (XWXW), ақ көзді аталық шыбынмен (XWY) шағылыстырғанда, F1-де ұрпақ шыбындардың көздерінің түсі қызыл болған. Ғ2- ұрпақта белгілер 3 : 1 қатынасында ажыраудың орнына, барлық аналық шыбындар қызыл көзді, аталық шыбындардың жартысы қызыл, қалған жартысы ақ көзді болған. Ал ақ көзді аналық шыбынды, көзінің бояуы қою қызыл түсті аталығымен шағылыстырғанда, F1 — ұрпақта аналық шыбындар әкесінен қызыл түсті, аталық шыбындар анасынан ақ түсті алатындықтан, белгілер айқас тұқым куалайды. Ғ2— ұрпақта жыныстык хромосомалардың тұқым қуалауына сәйкес, аналық шыбындардың жартысы ақ көзді, жартысы кызыл көзді, осымен қатар аталық шыбындардың да жартысы қызыл, жартысы ак көзді болады.
Жыныстық хромосомаларда орналаскан гендер аныктайтын белгілердің тұқым қуалауы, Мендель анықтаған белгілердің ажырауынан өзгеше болады. X және Ү хромосомалардың гомологті емес бөліктері бар, сондықтан да X хромосомадағы гендердің аллельдері Ү хромосомада болмайды. Керісінше, Ү хромосомада бар гендердің аллельдері X хромосомада жоқ. Гендердің мұндай күйін гомизиготалы деп атайды.
Егер ген X хромосомада орналасқан болса, онда ген әкесінен қыздарына, шешесінен қыздарына және ұлдарына белгілер теңдей беріледі. Белгілердің шешесінен ұлдарына, ал әкесінен кыздарына берілуі Крисс-кросс тұқым қуалау деп аталады.
Белгілерді бақылайтын гендер Ү хромосомада орналасса, онда X хромосомада оған сәйкес бөлік болмағандықтан, әкеден тек ұлдарына беріледі. Себебі қыздарына Ү хромосома берілмейді. Мысал ретінде адамда аяқ саусақтарының арасында жарғактық болуы, құлақтың ішінде шоқ түктің болуы, тек әкеден ұлдарына берілетін белгілер. Құстарда, кейбір балықтардың түрлерінде және көбелектерде көптеген белгілер жыныспен тіркесіп берілетіні анықталған. Бұл жағдайда белгілерді анықтайтын гендер X хромосомада орналасқан. Бірақ аналық гетерогаметалы да, аталық гомогаметалы болады.
Қолдану: Кім жылдам?
1 – есеп. Дальтонизм жынысқа тіркес тұқым қуалаудың басылыңқы аллельдерінің генімен анықталады. Түсті көрмеу Х хромосомада болатын басым аллельмен кодқа жазылады. Дені сау әйел және еркек – дальтониктің қандай ұрпағы болуы мүмкін.
2-есеп. Дальтонизмдегі сияқты гемофилия гені жынысқа тіркес және қалыпты қан ұюға қатысы бойынша басылыңқы болып табылады. Егер шешесі таратушы, әкесінің қаны қалыпты ұйитын болса, ұрпақ қандай болуы мүмкін ?
Оқушылар есептерді шығарып талдайды. топтық жұмыс жасайды. Флипчартқа есептерін жазады. Тақтаға алып шығып қорғайды. Постер қорғап, тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді. Ой бөлісуге, пікір алмасуға дағдыланады.
Талдау: «Дұрыс және бұрыс идея» диограмма Бұл құбылысты Т.Морган дрозо фила шыбынына тәжірибе жүргізгенде ашкан.
Ғ2- ұрпақта Г.Мендельдің белгілердің 3 :1 ажырау заңы жүзеге асады.
Кейбір белгілер жыныспен тіркес тұқым қуалайды.
Неге?
Адамда аяқ саусақтарының арасында жарғактық болуы, құлақтың ішінде шоқ түктің болуы, тек әкеден ұлдарына берілетін белгілер.
Жинақтау: Болжау стратегиясы
Егер мен ДНҚ сараптама орталығында сарапшы болсам……..
Егер генетик болсам…………….
Егер мен отбасы орталығында психолог болсам.........
Оқушылар берілген тапсырманы ойланып жауап береді және эссе жазады. Ой бөлісуге, пікір алмасуға дағдыланады, қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді. Күлегеш арқылы бағаланады.
Бағалау: Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау арқылы берілетін аурулар туралы хабары жоқ отбасыларының жанұясын сақтау мүмкіндігі қандай?
Оқушылар өз ойларын айтып тақырыптың мәнін ашады. Күлегеш арқылы бағаланады.
Бағалау парағы, күлегештер
Интерактивті тақта, кеспе қағаздар,
Бағалау парағы
Табыс критерийлеріне сәйкес тапсырманы орындап, жиынтық балды бағаға айландырамын.
«Таңдау» әдісі.
1. Мен сабақ
қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім
көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды
мұқият ______________ зейінсіз
тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға
жиі ______________ сирек
қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме
ризамын ____________ риза емеспін.
Эссе жазу. Есеп құрастыру.
Бағалау парағы
Рефлексия парағы
Күнделік
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Сабақ мақсаты сараланып беріледі. Сол мақсатқа сәйкес Блум бойынша тапсырмалар беріліп, талқыланады.
Әр тапсырманы уақтылы формативті бағалап, табыс
критерийлеріне сәйкес тапсырманы орындап, жиынтық балды бағаға айландырамын.
Медецина саласымен пәнаралық байланыс бар. Презентация қолданылады, бейнекөрініс көрсетіледі.
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттар шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1:
2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1:
2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? 1: