Сабақ жоспар Мектеп: 124 жом күні: 11 қазан 2018 жыл



бет6/6
Дата20.04.2022
өлшемі78,25 Kb.
#140161
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қысқа мерзімді сабақ жоспар



САБАҚ: қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: 124 ЖОМ

Күні: 7 қараша 2018 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Есимова Б.З.

Сынып: 8 «Б» Т2

Қатысқан оқушылар саны: 13

Қатыспағандар: 13

Сабақтың тарауы

Денсаулық пен татулық – таптырмас бақыт. Т. Айбергенов «Бір тойым бар...»

Сабақтың тақырыбы

«Жерұйық» фильмі – ортақ тағдыр белгісі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, пікір жазу.

Сабақтың мақсаттары

Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, пікір жаза алады.
Өз ойын жаза алады.

Мәңгілік елдің құндылықтары

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Жетістік критерийлері

  • Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, пікір жаза алады.

  • Өз ойын жаза алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар

Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, пікір жаза алады. Өз ойын жаза алады.
Оқушылар: көзқарас, пікір, ой, баға беру тағы басқа синонимдік қатарларды түзей отырып, мәтін құрай алады.
Талқылау: экология, климат
Пән лексикасы және терминология: жылат, қиыншылық, жан, татулық, ынтымақтастық, жанашыр, парасатты, адалдық.

Осыған дейін меңгерілген білім

8.2.5.1 пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы
5 минут

5минут


Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті - релаксация «Теңізге саяхат»
- Оқушылар, ыңғайланып отырып, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалып, денеңізді бос ұстаңыз. Өзіңізді Каспий теңізінің жағалауында тұрмын деп елестетіңіз және алысқа көз жіберіңіз. Қасымызда жанымызға жақын, өзіміз жақсы көретін адал, сенімді досыңыз бар. Екеуіңіз мәз мейрам, еш уайым –қайғысыз күліп - ойнап, теңіз жағалауында жүрсіз.
Теңіз толқындарының шуылдаған дыбысы, теңізді өз мекеніне айналдырған шағаланың дыбысы құлаққа жағымды естіледі. Теңіздің салқын желі бетіңізге еседі. Сіз досыңызбен бірге теңіздің әсемдігіне, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің ауасын жұтып тұрсыз.
Жаныңыздағы досыңызға ішкі сырларыңызды, көңіл - күйлеріңізді, жабырқаған сәттеріңізді айтып, сыр тарқатып отырсыздар. Ішіңіз бір жеңілдеп, жақсы сезімге бөлендіңіз. Жаныңызда сенімді, адал досыңыздың болғанына қатты қуаныштысыз. Сіз өзіңіздің сенімді досыңызға қарап, іштей өз алғысыңызды білдірдіңіз.
Ал енді, сіздің оралатын уақытыңыз болды. Көздеріңізді асықпай ашыңыз! Қандай сезімге бөлендіңіз? Дәл осындай қуанышты көңіл-күймен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша оқушыларға бірнеше сурет көрсетіледі. Оқушылар осы суреттерді тамашалай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау жетістіктері таныстырылады.



АКТ
2-слайд

3-слайд

Сабақтың ортасы
4 минут

2 минут


7 минут

2 минут
3 минут


8 минут

Айтылым. 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

  1. Қандай Қазақстандық режиссерлерді білесің?

  2. Қазақ халқының тарихына байланысты қандай фильмдерді көрдің?

  3. Қазақстандағы халықтар достығы бейнеленген қандай фильмдерді білесің?



Жазылым. Айтылым. 2-тапсырма. Жұптық жұмыс.
Соңғы жылдарда Қазақстанда қандай фильмдер шығарылды? Сызбаға жаз. Ол фильмдер не туралы? Қысқаша айт.

«Көшпенділер»




«Қазақфильм» туындылары





Дескриптор:
-Жұпта талқылайды
-Өз ойын еркін айтады
Бейнежазба. «Жерұйық» фильмі интербелсенді тақтада көрсетіледі. Фильм бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылады.
Сөздікпен жұмыс. Жаңа тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді өзбек, орыс тілдеріне аударады.
Оқылым. 7-тапсырма. Мәтінді оқып, стилін анықта.
Дескриптор:
-Сөздердің өзбек, орыс тіліндегі аудармасын дұрыс айтады
-Мәтінді мәнерлеп оқиды
-Мәтіннің стилін анықтайды
Жазылым. 8-тапсырма. Төмендегі жоспарды мәтіндегі ойдың ретімен жаз. Жоспар бойынша мәтіннен және бейнежазбадан түсінігіңді айт. Өз сөзіңде мәтіндегі және бейнежазбадағы нақты деректер мен мәліметтерді қамты. Фильм неге «Жерұйық» деп аталады? Ойыңды дәлелде.
Дескриптор:
-Жоспарды мәтіннің ретімен жазады
-Жоспар бойынша мәтіннен және бейнежазбадан түсінігін айтады
-Бейнежазба мен мәтін негізінде эссе жазады

АКТ
4-слайд

Класстер
А4 парақтары


АКТ
«Жерұйық» фильмі


Оқулық
Мәтін
Оқулық

Сабақтың соңы
4 минут



Кері байланыс. Жазылым. «Бес бармақ» әдісі бойынша.
Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балаң үйрек – бірлесу. Мен жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл күйі. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?
Оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Үйге тапсырма . 11-тапсырма. «Жерұйық» фильмін көр. Осы фильмдегі өзің қалаған бір кейіпкерге мінездеме жаз.

Парақшалар



Қосымша ақпарат

Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет