Органикалық пигмент – күйе
Органикалық пигменттері бояудың басылым қасиеттері қанағаттанарлық дәрежеде. Атап айтқанда, олар спирт лактарына төзімді келеді.
Лактық пигменттер – бұл қышқыл бояғыштар екі және үш валентті металдардың ерімейтін тұздары немесе кейбір негізгі бояғыштардың кешенді тұздары.
Лак пигменттерін барий, кальций немесе стронций хлоридтерінің судағы ерітінділерінде қышқыл азобояғышты тұндыру арқылы алады.
Кальцийлі лак пигменті барийге қарағанда көкшілдеу боп келеді. Барий мен кальцийге қарағанда стронцийдің лак пигменті жарыққа төзімділігі жоғарылау.
Лак пигменттерінің маркасын белгілеу екі әріптен тұрады:
Біріншісі реңді көрсетсе, мәселен С – көкшіл, Ж-сарғыш, екінші әріп тұндырғышты көрсетеді; Б – барий, К – кальция және т.б.
Түсі қызыл, қышқыл азобояғышты лактық пигменттердің түсі анық қаныққан, басу қасиеттері жақсы, мөлдірлігі жоғары, баспа – таңбадағы жылтырлығы жақсы, бірақ жарыққа беріктігі орташа. Сондықтан оларды шығарып ішін рәсімдеу элементтерін басуға басылым өнімінің жарыққа беріктігінің жоғарылығын қажет етпейтін жағдайда қолдануға болады.
Рубинді пигмент СК триадты бояуларда қолданылады.
Негізгі бояғыштардың негізгісі – тон майлы индулин және метилфиолетті негізі суда ерімейді, бірақ Олеин және нафтен қышқылдарында жылытқанда ериді, одан соң индулин ерітіндісі (олеат немесе нафтенат) қаныққан көк түске, ал метилфиолет фиолет түсіне боялады. Бұл ерітінділер шығыңқы басылымның қара газеттік, кітаптық және т.б., жинақы сіңіруімен баспа-таңбада кептірілетін офсеттік басуда да қолданылатын бояуларды түсін келтіру үшін пайдаланылады. Тоң майда еритін бояуға түс келтіргіштер бояу тұтқырлығын жоғарылатпайды, сондықтан күйе мөлшерін азайтуға қажеттілігі жоқ. Сонымен қатар олар басу қасиеттерін жақсартады, беттік-активті заттар ретінде пигменттерді тұрақтандырады, баспа-таңбалардағы бояудың кеуіп кетуін жақсартады. Бірақ майда еритін бояуға түскелтіргіштерді байкап қолдану керек, өйткені шамадан тыс артық қолданылса, баспа-таңбаны тесіп кетуі мүмкін.
Индулин мен метилфиолетті негіздерден басқа негізгі бояғыштардың барлығының негізі бар, мәселен родамин негізі, одан шығыңқы басудың офсеттік газеттік және кітаптық жоғары сапалы түрлі түсті бояуларын баспа шығаруға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталып өткен бояғыштардың негіздері олеаттар түрінде өндірісте қолданылады.
Милори – химиялық құрамы күрделі, қанық көк, жарыққа берік, майда түйірлі, жасанды органикалық емес пигмент суда, майларда, лактарда ерімейді. Милориден алынған бояудың басылым қасиеттері қанағаттанарлық: жұқа қабаттарындағы бояу – мөлдір, қалың жерлерінде - жамылғы (кроющая), бұл оның аса қаныққандығымен түсіндіріледі.
Қышқылдар милориге әсер етпейді, бірақ сілтілер оны темір (III) гидроксидіне дейін толық ыдыратады. Сондықтан милоридан жасалынған бояулармен сілтілермен оның қосылыстарымен, мәселен сабын оралымын немесе сілтілік желімдермен жапсыратын баспа-таңбаларда басуға болмайды. Милори бояулары жақсы кебеді, өйткені оның құрамындағы темір-сиккативті металл. Басқа бояулар қоспасымен милори сиккатив ретінде әсер етеді.
Күйе (жаңа терминология бойынша техникалық көміртегі) – бұл аса майда түйіршікті, қаныққан қара, жарыққа аса берік пигмент. Химиялық құрамы жағынан күйе таза көміртегі, оны газтәріздес және сұйық көмірсутектерді мысалы метанды 1200оС температура термиялық реакция көмегімен алады. Іс-тәжірибеде органикалық шикізатты термиялық ыдырату жолымен күйе алынады. Ауа белгілі бір мөлдшерде беріледі, көмірсутектер жану кезінде күйе бөлініп шығуы керек. Полиграфиялық бояу жасау өндірісінде қолданылатын күйе алудың екі жолы бар: канал мен пеште. Канал күйесін табиғи метан газын горелкада жағу жолымен алады. Жалынды суытып отыратын канал бетіне ұстайды, сонда күйе бөлініп шығады. Күйенің шар тәріздес өлшемдері 30-40 нм, оның меншікті беті шамамен 100 м2/г.
Пеш күйесін табиғи метан газын арнайы пеште жағу жолымен алады. Пайда болған күйені электрсүзгі көмегімен ұстайды. Пеш күйесінің өлшемі 60нм, меншікті беті шамамен 40 м2/г.
Канал күйесінің сапасы қаралығымен майда түйіршілігі жағынан пеш күйенің сапасынан жоғары. Сонымен қатар пеш күйесінің абразивті қасиеттері бар, бұл ротациялық басуда стереотиптік таралымға тұрақтылығына кедергі жасайды. Канал күйесінен жасалынған бояудың басылым қасиеттері жақсы. Сондықтан полиграфиялық бояулар көбінесе канал күйесінен жасайды. Канал күйесінің кемшілігіне оның түсінің бояудың жұқа қабатының жағымсыз қоңыр реңдігі және бояу кебуін баяулату қабілеті жатады. Бұл кемшіліктері көк, фиолетті бояу түсін келтірушілей мен сиккативтерді қосуымен жойылады.
Пеш күйесінің кейбір артықшылықтары бар: көгілдір реңді, майлылығы аз. Оның бағасы канал күйесіне қарағанда арзан. Шикізат массасымен салыстырғанда пеш күйесінің шығарылымы 30%, ал канал күйесінікі небары 4% құрайды. Сондықтан пеш күйесі кейбір газет, кітап-журналдық бояулар жасау үшін қолданылады, оны пайдаланудың болашағы өте зор.
Ақ пигменттер ақ жамылғы бояулар қаңылтыр, фольга, полимерлік пленкалар, түрлі-түсті қағазбен, қатырмаға басу үшін қолданылатын үгітілген ақшыл бояулар. Олар кәдімгі түрлі-түсті полиграфиялық бояулар жасау үшін қолданылады.
Толықтырғыштар (алюминий гидрооксиді, барий сульфаты –бланфикс және т.б.) бояудың түқыр пластикалық қасиетін реттеу үшін, бояу қанықтылығын төмендету немесе пигмент түсін жақсырақ көрсету үшін, қажетті болған жағдайда, бояу ашықтығын көтеру үшін, баспа-таңбаларға кейбір күліңгірттік беру үшін, басу кезінде бояудың шашырап кетуін азайту үшін, бояу құнын арзандату мақсатымен, сонымен қатар борланған мен борланбаған қағаз өндірісінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |