Қосымша материалдар
Полиграфия өндірісінде қолданылатын түптеу материалдарына каленкор,ледерий, булабинил, штапбелдік мата ж/е т.б. жатады.
Түптеу коленкор негізгі мата қағаздың болып келетін боялған н/е боялмаған матаны ниткаль деп атайді.
Түптеу коленкор келесі маталарда шығарылады: КОК, КМК, КОФ.
КОК-маркалы түптік коленкор ең қарапвйым мұқабалы қапта дайындауда қолданылады.
КМК-маркалы түптік коленкор модерін мақта қағаздық бағыштармен боялмаған матадан дайындалады. Беткі жағында крахмалды каолинді қабат жағынан кейін 10% нитроцеллюлозалармен лакталады.
КОФ-жеңіл қарапайым мұқабалық қаптарды дайындауда қолданылады.
Түптеу коленкордың 1м² салмағы 170-175гр ж/е 35гр болып шығарылады. Оның сапасы техникалық талаптарға сай болуы керек.
Түптік коленкордың бірнеше кемшіліктері бар:
1.Суға төзімді.
2.Басқа материалдармен төзімді.
3.Мұқабалыққап дайындауда желімнің толық сіңуі.
4.Оныөндіруде крахмал ж/е шикі заттары қолданылады.
5.Дұрыс сақталмаған жағдай беті көгереді.
Түптеу фольгалары
Түптеу фольгасының түрлері. Түптеу қаптарында жазуларды, суреттерді және орнаменттерді өрнектеу үшін ыстық өрнек салуға арналған қола, түрлі-түсті және «юбилейная» фольгасының түрлері қолданылады. Ыстық өрнек салуға арналған түптеу фольгасы сериямен шығарылады және 3 сандық индекспен белгіленеді: Бірінші сан фольганың түрін белгілейді: 1 – қола, 2 – аллюминийлік, 3 – алтын тәрізді «юбилейная» 4 – түрлі-түсті. Екінші сан субстраттың яғни өрнек салынатын материалдың атауын көрсетеді: 1 – коленкор және ледерин, 2 – қағаз және қатырма, 3 – бумвинил, балакрон, малинит. Үшінші сан фольганың негізін көрсетеді: 1 – калька, 2 – конденсаторлық қағаз, 3 – лавсанды пленка.
Қола фольга (сериясы 111,112 және 181). Оны дайындау үшін калька немесе конденсаторлық қағаз бетіне балқытылған монтан-воск, церезин және парафиннен тұратын жұқа қабат жағылады және қола опамен пудралайды. Бұл операцияның негізгі ерекшелігі – қола опаны балқытылған қабатқа рәзіңкелік білікшемен жағу, ол біріншіден қола жағылған беттің қалындығын және өткізбеушілігін, екіншіден жоғары шағылысу қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Қола опаның қалдығын щеткамен тазартып, фольга бетін сілтілік лакпен грунтейді.
Түптеу қаптарында қола түптеу фольгасымен өрнек салу алтынға ұқсас әдемі түр және жоғары жылтырлықты береді.
Достарыңызбен бөлісу: |