Қысқа мерзімді сабақ жоспар
САБАҚ:
|
Мектеп:
|
Күні: 9.04.18
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 8
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандық
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
Т/А-4 8.1.4.1. Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.
Ж-4. 8.3.4.1. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументивті эссе).
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлығы: Тыңдалған мәтіндегі мәселені топпен талдай отырып, негізгі ойды анықтау арқылы түсіндіруге арналған жазба жұмысында салыстырып, өз ойын дәлелдеп жазу.
Басым бөлігі: Жазылған эссе бойынша аргументтерді салыстырып, өмірмен байланыстыру.
Кейбірі: Тыңдалған және талқыланған мәтіндегі мәселелерді пайдалана отырып, эссе жазу барысында тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерді салыстыру.
|
Бағалау критерийлері
|
Тыңдалған мәтіндегі негізгі ойды, көтерілген мәселені анықтайды.
Жазылымдағы эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімді салыстырады.
Өз ойын дәлелдеп жазады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: Тыңдалым барысында берілген кестені толтыру арқылы оқушылар коммуникация, ұңғымашы, тау қондырғыларын жөндеу жөніндегі электрослесарі, электр дәнекерлеуші, кен байытушы сөздерімен танысып, түсінеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |