Бедерлеу өнері - ежелден келе жатқан дәстүрлі қолөнердің бір саласы; ағаштан, сүйектен, мүйізден, былғарыдан, қыштан жасалған заттар мен алтын, күміс, мыс бұйымдарға түрлі әшекей, ою-өрнектердің ойылып бедерленуі. Көбінесе, зергерлік бұйымдар және ожау, астау, келі, келсап, кебеже, сандық, торсық сияқты тұрмыстық заттар жасауда қолданылады. Сәндік мақсатқа қоса белгілі бір заттың бетіне, табанына, қырларына беріктік, тұтқырлық сапа дарыту үшін ойық шаппашот, ыңғуыр, пышақ, сарнауық, қырғы, қашау, шекіме, т.б. арнаулы құралдар пайдаланған. Шеберлер сандық, кебежелерді қаптаған қаңылтырға ою-өрнектер сызып, оларды қуалай шекіме аспабымен із түсіріп, ұрып бедерлеген. Торсық жасағанда иі қанып, тобарсыған теріні ою-өрнекті ағаш қалыпқа қигізіп, ұрып бедер салады. Бедер түсіруші шеберлерді бедерші деп атаған. Бедерлеу өнері халық арасында бүгінге дейін өз жалғасып тауып келеді. Темір ұсталары металдың бетіне бедерлеп өрнек салу үшін слесарьлық құралдармен қатар, шынайы бедер салатын шапқыларды да пайдаланады. Олар арнайы болаттан жасалады (42-суретті қара).
Шапқының өлшемі әр түрлі. Жиі кездесетін шапқылардың ұзындығы 120-150 мм, жуандығы 2-20 мм аралығында болады. Темір ұсталары- на қарағанда зергердің кұрал-саймандары кішілеу келеді. Мұндай құралдар жұмыс істеуге де, шебердің өзімен бірге алып жүруіне де ыңғайлы. Оларды бедерлегіш құрал-саймандар деп атайды.
43-суретте көрсетілген бедерлегіштер темірден немесе ағаштан жасалады.
Ал 44-суретте темір бедерлеудің балғалары мен шапқылары, 45-суретте бедерленген бұйым үлгілері көрсетілген.
Қаңылтырдың бетіне бедер салу мен сым темірді көркемдеп өңдеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Бедер салу жұмысы, негізінен, қаңылтырдың бетіне жүргізіледі. Бұйымның бетін нүктемен,сызықпен бедерлеу тәсілдері дәл әрі алуан түрлі болып келеді.Мұнда сызықпен бедерлеу,нүктемен көлеңке беру әдістері көп қолданылады
Достарыңызбен бөлісу: |