4. Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ресурстарын қалыптастыру.
Адам ресурстарын жоспарлау штат пен қызметкерлердi жинақтау үшiн жоспарлау рәсiмдерiн қолдану болып табылады. Жоспарлау процесi үш кезеңнен тұрады:
«Қолда бар ресурстарды бағалау»
Жұмыс iстеп тұрған ұйымда еңбек ресурстарын жоспарлауды қолда барын бағалаудан бастаған дұрыс. Басшылық нақты мақсатты жүзеге асыру үшiн қажет әрбiр операцияны орындаумен қанша адам шұғылдануда екендiгiн анықтауы тиiс.
«Болашақ қажеттiлiктердi бағалау»
Жоспарлаудың келесi кезеңi
қысқа мерзiмдi және перспективалы мақсаттарды жүзеге асыру үшiн қажет
қызметкерлердiң санын болжау болып табылады.
«Болашақ қажеттiлiктердi
қанағаттандыратын
бағдарламаларды әзiрлеу»
Өзiнiң болашақ қажеттiлiктерiн анықтаған соң, басшылық оларды қанағаттандыру бағдарламасын әзiрлеуi тиiс. Қажеттiлiктер - бұл мақсат, ал бағдарлама оларға жету құралы. Бағдарламада ұйым мақсаттарына жету үшiн қажет қызметкерлердi тарту, жалдау, даярлау және жылжыту туралы шаралар мен нақты график болуы керек.
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |