Сабақ жоспары 11-сабақ қазақ әдебиеті 8-сынып



Дата19.02.2017
өлшемі49,26 Kb.
#10826
Камзина Марпуганың қысқа мерзімді сабақ жоспары


11-сабақ

қазақ әдебиеті 8-сынып

Тақырыбы

1 сабақ

А. Йүгінекидің афористік сөздерінің тәрбиелік мәні («Ақиқат сыйы» дастанын талдау)

Мақсаты

1.А. Йүгінекидің өмірі мен шығармашылығынан мағұлұмат бере отырып, «Ақиқат сыйы» дастанын мәнерлеп жатқа айту, даналық ойларын түсініп оқу. Дастанның идеясы мен көркемдік ерекшелігіне талдау жасау. Теориялық білімді практикада қолдана білу.

2. Білімге деген құштарлығын ояту. Ұлағатты сөзін оқушы бойына дарыту. Пәнді сүюге баулу.

3. Зерттеушілік қабілетін дамыту. Ғылыми жобаларға қатысуға ынталандыру.


Сабақтың түрі

Жаңа білім беру сабағы. Іздендіру-зерттеу сабағы

Сабақтың эпиграфы

«Жақсы уақыт соққан желдей тез өтеді». А. Йүгінеки

Күтілетін нәтиже

Ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтуды, өзіндік қорытынды жасай білуді үйренеді. Теориялық ұғымдарға тоқталады. Шығармашылық жұмыспен айналысады. Ислам дәуір әдебиеті туралы білімдерін бекітеді. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын талдап, көркемдік ерекшелігін ажырата біледі.







7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”.







Қолданылатын ресурстар

слайд, әдеби бұрыш, тақта, бейджик, топың аты жазылған қаағаздар мен үлестірмелі материалдар, дидактикалық материалдар, А4, геграфиялық карта.







Пәнаралық байланыс

тарих, география, қазақ тілі, өзін-өзі тану

Негізгі идеялары

Топпен жұмыс істеуге, берілген тапсырмаларды түсініп орындауға, өз жұмысына баға бере білуге үйрету. Афористік сөздерді есте сақтауға дағдыландыру.

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылығын ояту

Психологиялық ахуалды жақсарту үшін С. Тұрысбековтің «Күлтегін»күйі жаймен ойнап тұрады: (Өлеңмен бастаймын)

Құнығып барам, қарт баба,

Тағы да қандай сырың бар?

Қалдырмай бәрін айт, баба!

-Неге, балалар?

-Өйткені көне түркілер дәуірінен бастау алған алыптарды тоқып, танып біліп жатырмыз.

-Иә, балалар, бігінгі сабағымыз өткен сабақтың жалғасы, данышпан А. Йүгіне-ки. Оның «Ақиқат сыйы» дастаны.


Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Фигуралар арқылы топтар өзара бағалайды.

Әр топқа бағалау парағын таратып беру.

Фигуралармен бағалау үшін фигуралар таратып отыру.



Үй тапсырма-сын  тексеру Миға шабуыл

Слайд-1
Кубизм  стратегиясы



1.Зерттеу

Географиялық карта, слайд-2

Әр топтан оқушы шығып сөйлейді. Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізеді.

2. Суретте

уЖатқа айту. Мәнерлеп оқып, түсінігін айту.


1-тапсырма

«Ой жинақта» айдары бойынша өтілген сабақтың нәтижесі туралы сұрақтар қойылады.
 2-тапсырма

1.Ислам дәуірінде әдебиет қалай дамыды?

Рөлдік ойын:

географ, тарихшы, әдебиетші, тілші ғалымдар тақырып бойынша пікірлерін айтады.



Мұғ: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз тегіміз түрік, дініміз ислам екенін ұмытпауымыз керек.» деп айтқан сөзімен сабағымызды бастаймыз.




3. Түсіну Афористік сөздердің мағынасын ашу.

4.Талқылау

Теориялық ұғымдарға тоқталу



5. Салыстыру

(Дарынды оқушымен жұмыс)

Слайд-3

6. Қолдану

Ақынға не мұғалімге хат жаз.



Кімдердің шығармаларына ұқсайды? Бақыт туралы ақын не дейді? Басқа ғұламалар ше?
Дастанның тәрбиелік мәні қандай?

Ойшылдың пікіріне қосар ойларың бар ма?

Ақынға не мұғалімге хат жаз. «Білімдінің күні жарық» тақырыбында ойтолғау жаз.


«Ақиқат сыйында» түркілік ғұламаларға тән қанатты нақыл сөздер, мақал-мәтелдер көп кездеседі. Олардың көбі қазақ тілінде кеңінен қолданылып, мақал-мәтел күйінде сақталған. Йүгінеки «Дүние – бір керуен сарай, Не жетсін шамаң келсе силасуға» десе, Абай «Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз», - дейді.










7. Жинақтау кезеңі

Рефлексия



6. «Еркін сөз» айдары (Әр оқушы өтілген сабақ жайлы түйін жасайды)

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.



-А. Йүгінекидің тіл, білім, тәрбие туралы айтқанын білдім.

-Ол туралы әлі ізденуім керек.

-Оның ұлағатты сөзін әрдайым есімде сақтаймын.



Бағалау (жинаған ұпайы мен 12балл бойынша)

Ақын өлеңінің бүгінгі таңда маңызы бар ма? Өлеңнен өзіңе қандай әсер алдың?













Үйге тапсырма

«Білімдінің күні жарық» тақырыбына ойтолғау жаз. Ақын өлеңін жатта. Архаизм, кірме, афоризмді теріп жаз.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет