Сабақ жоспары 11 сынып І. Сабақтың тақырыбы: Power Point программасында слайд-фильмдер жасау



Дата05.06.2017
өлшемі89,95 Kb.
#17829
түріСабақ
Хасенова Назгүл Қашырбекқызы

Информатика пәні мұғалімі

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп – гимназиясы
Сабақ жоспары

11 сынып
І.Сабақтың тақырыбы: Power Point программасында

СЛАЙД-ФИЛЬМДЕР ЖАСАУ

ІІ.Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ

ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар.

V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII.Сабақтың барысы:


а) ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу, сыныптың дайындығын тексеру.

ә) үй тапсырмасын сұрау

1. Слайд дегеніміз не?

2. Power Point-тың негізгі мүмкіндіктері?

3. Power Point менюі неден тұрады?

4. Мультимедиалық программалардағы презентация дегеніміз не?

5. Презентация жасауға арналған қандай ұсыныстар бар?

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Жаңа сабақты баяндау

Презентация жасау үшін мына әрекеттерді орындау керек:



  1. Power Point-ті іске қосу. Егер ол жұмыс істеп тұрса, Файл-Создать командасын таңдау.

  2. Презентации қосымшасында бетінде оның тақырыбына ең сәйкес презентация шаблонын таңдау.

  3. Слайдтар тәртібіне өтіп, слайд тақырыбында барды ерекшелеп, өз тақырыбыңды теру.

  4. Әр слайдта үлгі мәтіннің орнына қажетті мәтінді теру. Келесі немесе алдыңғы слайдқа өту үшін слайдтар бойынша жылжу батырмаларын пайдалану.

  5. Жазбалар тәртібіне өтіп, ағымдағы слайдқа түсінік беру.

  6. Құрылым тәртібіне өтіп, презентация жоспарын қарап шығу.

  7. Слайдтарды сұрыптау тәртібіне өтіп, слайдтардың орналасу ретін өзгерту.

  8. Презентацияны экранда қалай көрінетінін көру үшін Power Point терезесінің астындағы қарау батырмасын шерту. Слайдты қолмен алмастыру үшін үстінен шерту немесе Вид-Показ слайдов командасын орындау.

  9. Дайын презентацияны кқрсетуді аяқтау.

  10. Презентацияны сақтау - Файл-Сохранить командасын орындап, презентацияға ат меншіктеу, содан кейін Сохранить батырмасын басу (презентация файлы .ppt кеңейтілуін алады).

Power Point презентацияларды белгілі стильде жасауға мүмкіндік береді. Презентация стилін басқарудың үш әдісі бар: безендіру шаблондары, түстік схемалар және үлгілер.


Безендіру шаблонында түстік безендіру, бапталатын пішімді слайдтар мен тақырыптардың үлгілері және презентация түрін анықтайтын стильденген қаріптер бар. Безендіру шаблонын презентация жасау үшін пайдалануға болады (Файл-Создать-Шаблоны оформления командасы). Лайықты шаблонды таңдағаннан кейін, жасалынып жатқан слайдтың белгісін таңдау қызметін орындайтын автомакетті беру үшін, Создать слайд диалог терезесіне өту іске асырылады.

Жаңа безендіру шаблонын дайын презентацияға қолданғанда (Формат-Применить шаблон оформления командасы) үлгілер мен түсті схема жаңасына ауыстырылады, әр жаңадан қосылып жатқан слайд оның автомакетіне байланыссыз біркелкі стильде безендіріледі. Егер пайдаланушы таңдалған безендіру стилін өзгерткісі келсе, онда кез келген слайдты жеке өзгертуі жеткілікті.

Презентацияны дайындағанда Power Point шаблондарының бірін қолдануға немесе кез келген презентация негізінде өзінікін жасауға болады (.pot кеңейтілуі).

Түстік схема мәтін, фон, құю, акценттер және т.б. үшін негіз ретінде қолданылатын 8 түстен тұрады. Схеманың әр түсі слайдтың әр түрлі элементтері үшін автоматты түрде қолданылады (Формат-Цветовая схема командасы). Безендіру шаблондарын қолданғанда әр шаблонда сақталатын жиынтықтан түсті схеманы таңдауға болады.

Бұл презентацияның басқа слайдтарымен түстік үйлесімділігінің кепілі болып, түстік схемаларды үйлестіруді жеңілдетеді.



Слайдтар үлгісі мәтіннің орналасуын және оның кейбір параметрлерін (қаріп, өлшемі мен түсі, фон түсі, құю және тізім маркерінің стилі) береді. Онда мәтін мен күні, уақыты және слайдтың нөмірі кіретін колонтитулдарға безендірілуін басқарады. Үлгінің кез келген өзгерісі презентацияның әр слайдына әсер етеді, мысалы, үлгіге графикалық объект қосылса, ол презентацияның барлық слайдында пайда болады. Бір жағынан, егер бірегей слайдтар жасалса (мысалы, слайдтар үлгісінің түсті схемасынан өзгеше түстер немесе құю қолданылған болса), олар слайдтар үлгісі өзгеруіне қарамастан өз безендіруін сақтайды.

Титулды үлгі титулды слайдтардың орналасуын және тақырыптарының безендірілуін белгілейді.

Дизайнның әр шаблонында слайдтардың меншікті үлгілері сақталады, ал кейбіреулерінде титулды слайдтардың жеке үлгісі болады.

Power Point слайдтары объектілерден (мәтін, график, сурет, ұйым схемасы, бейнеклип, Excel электрондық кестесі, Word кестесі және басқалар слайдқа қосқанда объект болып кетеді) тұрады. Объектімен жұмыс істегенде оны алдын ала ерекшелеу керек, содан кейін оның өлшемдерін, орналасуын, түсін, шекарасын және т.б. өзгертуге болады.

Слайдта объектілердің орналастыруын және құруын автоматтандыру үшін Вставка-Создать слайд жаңа слайд жасау командасын орындау кезінде пайда болатын диалогтық терезеде таңдалатын автомакет қолданылады. 24 автомакеттің кез келгенін таңдауға болады. Автобелгілеу слайдтағы объектілердің орналасуын, санын және түрлерін анықтайды. Объектінің орналасуы мен типі сәйкес белгі-толтыру (жақтау) түрінде көрсетілген. Мысалы, тақырып, мәтін және диаграммаға арналған белгі-толтыруы бар белгілеу қолданылады, сондай-ақ мәтін мен графикаға арналған белгі-толтыруы бар белгілеу.

Тақырып пен мәтіннің белгі-толтырулары таңдалған презентация слайд үлгісінде берілген пішімдерге сәйкес орындалған. Егер слайд үлгісі көңілінен шықпаса, пайдаланушы таңбалары жылжытып, өлшемдерді өзгертіп, қайта пішімдей алады.

Слайд жасалғаннан кейін, оның белгілеуін өзгерту үшін мына әрекеттерді орындау керек.


  1. Power Point терезесінің төменгі жағындағы Разметка слайда батырмасын басу;

  2. Разметка слайда диалогтық терезесінде жаңа белгілеуді таңдау.

Егер жаңа белгілеуде қолданылған белгі-толтырулар болмаса (мысалы, диаграмма жасалса, ал жаңа белгілеуде диаграмма үшін белгі-толтыру жоқ болса), ақпарат жоғалып кетпейді. Барлық объектілер слайдта қалады, пайдаланушы қаласа, оларды жаңа белгілеуге кіретіндей етіп орындарын ауыстыруына болады.

Дәл осы мақсатпен Формат-Разметка слайда командасын орындауға болады, пайда болған диалогтық терезеде Применить заново батырмасын таңдау керек.

Слайдты «нөлден» жасау немесе түзету үшін Рисование инструменттер панелі мен Настройка изображения қосымша панелі қолданылады.

Суретті слайдқа кірістіру үшін ClipArt Gallery кітапханасына қатынасуға мүмкіндік беретін Вставка-Рисунок командасы пайдаланылады. Слайдқа диаграмманы (Вставка – Microsoft Graph командасы), басқа объектілерді (мысалы, ұйымның құрылымын қамтып көрсететін схеманы немесе ақпарат алу үшін байланысуға қажетті адмдар тізімі – Вставка-Объект-MS Organization Chart командасы) және т.б. кірістіруге болады.

Слайдта бірнеше объектті орналастырғанда, Power Point олардың әрқайсысын слайдқа қосу барысында өз қабатына орналастыра отырып, автоматты түрде олардың орналасу ретін құрады. Объектілердің орналасу реті оларды қалқалау әдісін анықтайды: жоғарғы объект астында жатқан объектілердің бөліктерін жабады. Егер объект «жоғалып кетсе», керекті объект бөлініп шыққанша, қабаттар бойынша циклды жылжыту үшін немесе пернелерін басу қажет.

Жекелеген объектілерді немесе объектілер тобын қабаттар бойынша жылжытуға болады. Мысалы, Действие-Порядок-Переместить вперед және Действие-Порядок-Переместить назад командаларының көмегімен объектіні бір деңгей жоғары немесе төмен жылжытуға болады. Действие-Порядок-На передний план және Действие-Порядок-На задний план командаларының көмегімен объектіні жоғары немесе төменгі қабатқа ауыстыруға боады. Объектілерді біріне бірін салу түрлі әсер беру үшін жиі қолданылады.

Слайдтың жекелеген элементтеріне назар аудару үшін Power Point қосымша мүмкіндіктер (анимация, слайдтарды ауыстыру) ұсынады.

Мәтін мен кез келген объект үшін экранда пайда болу әдісін беруге болады, мысалы, сол жақтан ұшып шығу; мәтіннің әріптер, сөздер, абзацтар бойынша пайда болуы. Сондай-ақ, жаңа элемент қосқанда объектілердің тәртібін-күңгірттену немесе түсін өзгертуді беруге болады. Бұл мақсат үшін Показ слайдов – Встроенная анимация (көрсетілген мәтіннің пайда болу әсерін таңдау) немесе Показ слайдов-Настройка анимации (таңдалған объекті үшін дыбыстық сүйемелдеу мен әсерді таңдау) командалары қолданылады. Анимация нәтижелерін алдын ала қарауды Показ слайдов-Просмотр анимации командасы бойынша жүзеге асыруға болады.

Анимацияны пайдаланғанда арнайы әсерлер аудиторияның назарын алаңдататынын ескеру керек. Тыңдаушылар негізінде солдан оңға қарай оқиды, сондықтан слайдтарды құрастырғанда, мәтіннің сол жақтан шығуын ескеру ұсынылады. Егер қайсыбір хабардың мәнін ерекшелеу керек болса, оның оң жақтан пайда болғаны дұрыс. Бұл оған тыңдаушылардың назарын аудартады, осы тармаққа мәнділік береді.

Слайдқа музыка немесе дыбыс қосу үшін төмендегілерді орындау керек.:



  1. Музыка немесе дыбыс қосылуы тиіс слайдты ашу.

  2. Вставка-Фильмы и звук командасын беру.

  3. Келесі әрекеттердің бірін орындау:

• клиптер коллекциясынан дыбыс кірістіру үшін Звук из коллекции-ді беріп, қажетті дыбысты көрсету;

• файлдан дыбысты кірістіру үшін Звук из файла-ны беріп, қажетті файлды табу.

• Слайдта дыбыстық сүйемелдеудің бар екенін көрсететін арнайы белгі пайда болады.

4. Дыбысты орнату әдісін беру (осы файлға көшкенде автоматты түрде немесе осы белгіде шерту бойынша).


Дыбысты әдеттегі тәртіпте алдын ала тыңдау үшін, дыбыс белгісінде екі рет шерту керек.

Ойнату параметрлерін өзгертуге болады, мысалы, циклдік ойнатуды немесе дыбысқа анимация эффектін қосу.

Жазылған дауыстық сүйемелдеу бастапқы презентациямен бірге, слайдтар арасындағы өтулердің барлығы және анимациялық әсерлер де қоса синхрондалады. Бұдан басқа Power Point 2000 нақты бір слайд үшін сүйемелдеуді қайта жазуға мүмкіндік береді.

Егер көрсету барысында өту немесе слайд жасау кезінде кенеттен музыка естілсе немесе дыбыстық әсер жаңғыртылса, бұл жағдай бәрінен бұрын аудитория көңілін аударады. Бір жағынан, дыбыстық әсерлерді шектен тыс пайдалану тыңдаушылардың негізгі мазмұнға көңіл қоюына кедергі болады.

Слайдта сөз немесе суреттер көптігі көңілді бөледі, сондықтан слайдты екіге немесе үшке бөліп, мәтін қарпі өлшемін үлкейту керек.

Объектілердің слайдта пайда болу ретін басқару үшін мына әрекеттерді орындау қажет:



  1. Анимацияның Показ слайдов-Настройка командасын орындау.

  2. Тізімнен объект таңдап, оның реті мен пайда болу уақытын, түрін өзгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.б.таңдау.

  3. Осыны слайдтағы әр объект үшін кезек бойынша қайталау.

Анимация әсерлерін бергенде тиісті инструменттер панелін пайдалануға болады.



Слайдтар ауысуын және көрсету кезінде пайда болған арнайы әсерлерді (көлденең жалюзи, шашкалар, дыбыстық сүйемелдеу – презентацияның қайсыбір сәттерін ерекшелеуге көмектесетін қол соғулар немесе барабанның даңғыр-дұңғыры) таңдауды басқару Показ слайдов-Смена слайдов командасы көмегімен орындалады.

Презентацияның әр слайды экранда белгілі уақыт аралығында болады, оның ұзақтығын басқа слайдқа өту арқылы қолмен реттеуге немесе слайд алмасуын белгілі уақыт аралығы арқылы беріп (Показ слайдов-Настройка времени командасы), алдын ала орнатуға болады. Тым жылдам қарқын тыңдаушылардың ақпаратты қабылдауын қиындатады, ал тым баяу – шаршатып жіберетінін ескеру керек. Сондаықтан әр түрлі жылдамдықтармен алдын ала тәжірибе жасап көрген жөн. Уақыттық интервалдар жөнінде ақпарат алу үшін, презентецияны әр слайдтың астында оның экранда болу ұзақтығы көрсетілген слайдтар сұрыптау тәртібінде ашу керек.



VIII. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау.

Компьютермен жұмыс. Оқушылар сыныбы туралы еркін тақырыпта слайд жасау.

IХ Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

Х. Үйге тапсырма

Power Point программасында слайд-фильмдер жасау тақырыбын оқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет