Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушыларды түгелдеу
ә) сынып тазалығын тексеру
б) Тренинг
II. Үйге берілген тапсырманы тексеру: Үй тапсырмасын қайталау ретінде, «Х және О» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беріледі. Берілген жауаптары дұрыс болса фигура салады.
Модем дегеніміз не? (Модем дегеніміз – бұл компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.)
Провойдер дегеніміз не? (Провайдер деп – бұл ұйым мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания)
Веб Браузердің қызметі не? (Веб-браузер – бұл веб-бетінің мәліметтерін сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, интернет қор көздерін қарауға арналған бағдарлама.)
Интернетке қосылу үшін не қажет? (Дербес компьютер, Модем, Телефон жүйесінің желісі кодтық байланыс, Интернет жүйесінің номерін білу қажет.)