1 Сурет. Абзац тобы Жол аралық интервал Жол аралық интервал- ол абзац ішіндегі мәтінің жолдары арасындағы тігінен қашықтығы. Microsoft Word бағдарламасында үнсіз келісім бойынша дара интервал пайдаланылады. Бірақта құжаттың түріне байланысты оны өзгеруге болады.
Интервалды өзгерту үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Басты қосымшада Абзац тобының төменгі бөлігіндегі, төменге бағытталған бағыттауыш түріндегі батырмаға шертіңіз;
Word бағдарламасында интервалдың мынандай түрлері бар.
Дара интервал – жолдың көптеген символдарының тәуелділігіне байланысты әрбір жолға арналған интервал. Қаріп өлшемінде интервалдың үлкейту мөлшері пайдаланылатын гарнитураға тәуелді болады.
1,5 жолдар интервалы- дара интервалдан бір жарым есе үлкен;
Қос интервал- дара интервалдан екі есе үлкен;
Минимум интервалы- басқа интервалдар сәйкес келмейтін, үлкен өлшемдегі қаріптер немесе графикалар үшін;
Дәл интервал- барлық жолдарға бірдей, бекітілген жол аралық интервал. Оның мәнін қолданушы өзі орнатады;
Көбейткіш интервал- көрсетілген көбейткішке сәйкес үлкейетін немесе кішірейетін жол аралық интервал. Мысалы, көбейткіштің 1,4 мәні - интервалды 40% - ға үлкейтуді білдіреді, ал 0,6 мәні- 40%- ға кішірейтуді білдіреді. 1,5 мәні бір жарымжық интервалды орнатуға эквивалентті.
Абзац терезесін шақырмай- ақ жиі қолданылатын интервалдарды өзгертуге болады. Ол үшін Басты қосымшада Абзац тобындағы Жол аралық интервал батырмасын пайдалануға болады (2 Сурет)