Сабақ жоспары №176 орта мектебі Шартты программалау (ашық сабақ) Сыныбы: 8 «Б» Пән мұғалімі: Серікбайқызы Ж



Дата25.08.2017
өлшемі232,68 Kb.
#26863
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ
176 орта мектебі

Шартты программалау
(ашық сабақ)

Сыныбы: 8 «Б»
Пән мұғалімі: Серікбайқызы Ж


2016-2017 оқу жылы
«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі _______________

Күні: 24 қараша 2016 жыл

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8«Б»

Сабақ тақырыбы: Шартты программалау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру және тармақталған алгоритмдерді программалауды түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Программалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Дәстүрлі.

Сабақ типі: Көрсетіп – түсіндіру

Көрнекілік: Кесте, презентация, таратпа қағаздар, электрондық оқулық.

Пән аралық байланыс: Ағылшын тілі, қазақ тілі,орыс тілі

Қолданылған әдебиет: «Информатика» 9– сынып. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадирова «Информатика және есептеуіш техника негіздері» 9 – сынып.

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

  2. Үй тапсырмасын сұрау ( 10 мин)

  3. Жаңа сабақты түсіндіру (20мин)

  4. Жаңа сабақты бекіту ( 8 мин)

  5. Қорытынды.

а) Бағалау (3 мин)

в) Үйге тапсырма беру (2 мин)

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі

    • Сәлеметсіздер ме балалар! Отырыңыздар!

Бүгін сабақта кім жоқ? (журнал бойынша түгендеймін)
ІІ. Үй тапсырамсын сұрау.

Activevote құрылғысымен тест тапсыру

1. Шығару құрылғыларының қызметі:

a)      нәтижелерді кері кодтауға және оларды адамға ыңғайлы түрде ұсынуға арналған.

b)     өңдеу процесін басқарудың негізгі құрылғысы

c)      енгізілген мәліметтерді екілік жүйедегі кодқа түрлендіреді.

d)     Мәлімет алмасуды реттейді.



2. Пернетақтаның негізгі бөлігі деп қай бөлігі аталады?

a)      Цифрлық пернелер тобы

b)     Символдық пернелер тобы

c)      Меңзерлік пернелер тобы

d)     Функционалдық пернелер тобы

3.    Ең ұзын перне

a)      Enter

b)     Capslock

c)      Backspace

d)     Бос орын

4.Турбо Паскальда бағдарлама  қандай қызметшi сөзбен басталады ?

A) Start B) Var C) Begin                               D) End                   E) Program



5.Программадаә рбіржолдан кейін ....

A) (+) таңбасықойылады B) (/) таңбасықойылады C) (*) қойылады                                D) (;) қойылады



6.Турбо Паскальда бағдарлама қандай қызметшi сөзбен аяқталады ?

A) Start B) End C) Var                   D) Program                          E) Begin



7 Өрнектiңмәнiнтабыңыз:   19 mod 4 = ...

A) 3 B) 19 C) 5                        D) 4                        E) (-C)



8. Бүтiн типтiайнымалылар ... идентификаторы көмегiменжазылады

A) sqr B) Integer C) Longint                            D) While



9. Санаужүйесідепненіайтады?

A) сандардыатаужәнежазуережелеріменәдістерініңжиынтығы

B) Сандардыатаужәнежазуережелеріменоқылуы

C) сандардыатаужәнежазуережелеріменәдістерініңжиынтығынзерттейтінғылым



10. Оналтылық санау жүйесінде санды жазу үшін қандай цифрлар қолданылады?

A) 0,1,2,3,4,5,6,7,9, A,B,C,D,E,F B) 0,2,3,4,5,6,7,8,9, A,B,C,D,E,F

C) 1,2,3,4,5,6,7,8,9, A,B,C,D,E,F D) 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9, A,B,C,D,E,F

11. Өрнектiң мәнiн табыңыз:   19 div 4 = ...

A) 19 B) 0 C) 4                        D) 3              



12. Компьютерге информацияны енгiзу қүрылғысы:
А) принтер, монитор, процессор
B) пернетақта, сканер
C) колонка, монитор, пернетақта
D) тышқан, процессор, сканер         

13. Модем дегенiмiз:
А) телефон желісі арқылы басқа компьютермен байланысу құрылғысы
B) мәліметтерді экранға шығару құрылғысы
C) мәліметтерді баспаға  шығару құрылғысы
D) басқа компьютермен байланыс орнатпайтын құрылғы

14. Монитор - бұл:
А) мәліметтерді экранға шығаруға арналған құрылғы
B) мәліметтерді қағазға шығаруға арналған құрылғы.
C) мәліметтерді оқуға арналған құрылғы.
D) мәліметтерді тасымалдауға арналған құрылғы.

15. Бағдарлама құрылымы
А) Program, Var, Begin, End.
B) Program, Var, End, Begin.
C) Var, Program, Begin, Enter.
D) Program, Begin, End, Read.

16.  Принтер – бұл:
А) мәліметтерді экранға шығаруға арналған құрылғы
B) мәліметтерді қағазға шығаруға арналған құрылғы.
C) мәліметтерді оқуға арналған құрылғы.
D) мәліметтерді тасымалдауға арналған құрылғы.

17. Алгоритм ұғымы:
А) белгілі бір мақсатқа жету үшін жасалған әрекеттерді дәл көрсетпейтін нұсқау.
B) белгілі бір мақсатқа жетпеу үшін жасалған әрекеттердің түсініктігін дәл көрсететін нұсқау
C) ) алға қойған арманыңа жету үшін қандай әрекеттер жасау керектігін біреумен бөлісу сызбасы
D) белгілі бір мақсатқа жету үшін жасалған, орындаушыға қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау

18.Дизьюнкция дегеніміз не?

*A) Немесе жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу дизьюнкция деп аталады.

B) Және жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту дизьюнкция деп аталады;

C) немесе жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірікпеуі логикалық

көбейту изьюнкция деп аталады.

19.Логикалық көбейту деп нені айтады?

*A) Және жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірікпеуі логикалық көбейту коньюнкция деп аталады;

B) немесе жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту дизьюнкция деп аталады;

C) Және жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту коньюнкция деп аталады.



20. Көзден экранға дейінгі арақашықтық  қанша болу керек?

A) 55-65 B) 10-15 C) 40-50                               D) 20-30



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор



Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай. армақталған алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторларды пайдаланамыз.

Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге программа құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.



Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.

Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді программалаған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if - егер , then – онда , else - әйтпесе.

Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Оператордың жазылу түрі:

{Егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}

IF <шартты өрнек> THEN <1 оператор> ELSE <2 оператор>;

Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.

Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:


=

Тең

<

Кіші

<=

Кіші немесе тең

>

Үлкен

>=

Үлкен немесе тең

<>

Тең емес

Мысал:
program j;

var x,y:real;

begin


read(x);

if x<3 then y:=x+2 else y:=5*x;

write('y=',y);

end.


Компьютерге программаны енгізу үшін Турбо Паскаль программасын жүктеп, программа денесін компьютерге енгіземіз, сосын ctrl+F9 пернесін басып программа қатесін тексереміз, alt+F5 пернесін нәтижесін аламыз.
Мысал: Екі санды салыстырып, үлкен мәнді экранға шығар.
PROGRAM ERKEZHAN;

VAR a,b: real;

Begin

Write('vedite a,b');



read(a,b);

if a>b THEN write('max a') else write('max b');

end.

Оқушылар тапсырманы тақтада орындайды.


Сабағымызды бекіту үшін деңгейлік тапсырмаларды орындайық.

І деңгей

Мұғалімнің көрсеткен мысалына ұқсас есептерді шығару.
ІІ деңгей

Орташа есептерді шығару.

Кез-келген санның оң немесе теріс екенін анықтайтын программа құрыңыз.


PROGRAM ERKEZHAN;

VAR a: real;

Begin

Write('vedite a');



read(a);

if a>=0 THEN write('a он сан') else write('а терис сан');

end.

ІІІ деңгей

Күрделі есептер

Мысал:


Бөлменің температурасы 50 градустан жоғары болса, “ыстық” сөзін, 25 градустан жоғары болса, “қалыпты” сөзін, ал 25 градустан төмен болса, “суық” сөзін экранға шығару керек.
program h;

var t:real;

begin

read(t);


if t>=50 then write(' ыстык ') else

if t>=25 then write(' калыпты ') else write('суык ');

writeln('t=',t);

end.
Оқушыларды бағалау

Бағалау парағы



Оқушының аты-жөні

Программ.

бөлігі


Деңгейлік тапсырма

Тест

Қатені табу

1.
















2.
















3.
















Жиыны

















Үй тапсырмасы:

Квадрат теңдеулердің түбірлерін табу.



Program perimetr;

Var

s,a,b:Integer; (Периметр и стороны – переменные целочисленного типа)

Begin

    a:=25; (сторона а=25)

    b:=38; (сторона в=38)

    s:=2*(a+b); (вычисление периметра s=2*(25+38)=126)

   Write ('периметр=')

Write(s); (Вывод на экран значения s)

End.


program nik,tur;

var L,R:integer;

const pi=3,14;

begin


read(R);

L:=2*3,14*R;

writeln('L=',L);

end.



Программа сложения чисел:
program summa;

var a, b, c:integer;

begin
writeln ('Введите первое число');
readln (a);
writeln ('Введите второе число');
readln (b);
c:=a+b;
writeln ('Сумма равна ',c);
end.


program nik,tur;

var L,R:integer;

const pi=3,14;

begin


read(R);

L:=2*3,14*R;

writeln('L=',L);

end.






  1. Қорытынды.

  • Бүгінгі сабақ түсінікті ме? Түсінікті болса,үйге тапсырма дәптерлеріңізге жазылғандарды оқу, ережелерді жаттау.

  • Кестелерді жаттау.

  • Сабаққа белсенеді қатысқан балаларды бағалаймын.

  • Осымен сабағымыз аяқталды.Сау болыңыздар!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет