Сабақ жоспары №2. 4 Модуль/пән атауы Химия



Дата22.12.2023
өлшемі0,88 Mb.
#198663
түріСабақ
Байланысты:
8 (2.4)


ТҮРКІСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ-ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ
2023-2024 оқу жылы
Сабақ жоспары №2.4

Модуль/пән атауы

Химия




Сабақтың тақырыбы

Тотығу-тотықсыздану процестері.




Педагог

Курманбекова Индира Маратбековна




Курс

1




Тобы

АС 9-23-14

АЭ 9-23-10

СТ 9-23-19




Сабақтың өткізілетін күні













Сабақтың түрі

Теориялық сабақ




Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері

Химиядағы тотығу-тотықсыздану процестерін түсіну.




Бағалау критерийлері

1) заттардың формулалары бойынша элементтердің тотығу дәрежесін анықтау
2) электрондық баланс әдісін пайдалана отырып, тотығу және қалпына келтіру теңдеулерін құрау
3) ерітінді және балқымалар арқылы электр тогын өту кезінде өтетін процестерді түсіну




Оқу сабақтары барысындағы білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі, дағдылар

1) заттардың формулалары бойынша элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды;
2) электрондық баланс әдісін пайдалана отырып, тотығу және қалпына келтіру теңдеулерін құрайды;
3) ерітінді және балқымалар арқылы электр тогын өту кезінде өтетін процестерді түсіндіреді;




Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

М. Оспанова, Қ.Аухадиева, Т.Белоусова
Оқулық 10 сынып, 1-бөлім




Техникалық құралдар, материалдар

Кітап, Менделеев кестесі, интернет, сурет, слайд




Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері







1 Ұйымдастыру кезеңі:
5 минут

1.Білім алушылармен сәлемдесу.
2.Білім алушылардың сабаққа қатысуына және дайындығына назар аудару, түгелдеу.




2. Үй тапсырамасын тексеру кезеңі
20 минут

Заттар массасының сақталу заңы
Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты сұрау.

  1. Абсолютті атомдық және молекулалық масса дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Атомдық массаның бірлігі ретінде не қабылданған?

  3. Химиялық элементтің салыстырмады атомдық массасы деген не?

  4. Салыстырмалы атомдық масса және массаның атомдық бірлігі ұғымдарының айырмашылығы неде?

  5. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі қандай?

  6. Моль деген не?

  7. Авагадро заңын тұжырымдаңдар.

  8. Газдың мольдік көлемі деген не?




3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі
(жаңа тақырыпты болжау)
5 минут

1.Тотығу-тотықсыздану процестері
2. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері
3. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестіру




4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
30 минут

Магний ауада көз шағылыстыратын ашық жалынмен ақ түсті ұнтақ оксид түзіп жанатын болғандықтан, отшашулар үшін магнийді қолданады.
Реакция нәтижесінде магнийдің әрбір атомы 2 электронын жоғалтады және әрбір оттек атомы осы 2 электронды қосып алады. Егер зат рекция барысында электронын жоғалтса – тотығады.
Егер ол электронды қосып алса – тотықсызданады. Ал рекция тотығу-тотықсыздану реакциясы деп аталады.







5. Жаңа материалды бекіту кезеңі/
20 минут

«Кім жылдам?» сұрақ-жауап арқылы
1. Тотығу -тотықсыздпану реакциялары деген не?
2. Тотығу және тотықсыздану процестерінде тотығу дәрежесі қалай өзгереді?
3. Тотығу-тотықсыздану реакциялары табиғат пен техникада қандай рөл атқарады?
4. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының неше типі бар?
5. Электронды баланс әдісі дегеніміз не?
6. Молекуларалық тотығу-тотықсыздану реакциялары қалай жүзеге асады?








6. Сабақты қорытындылау және рефлексия
8 минут

Рефлекция:

  • не білдім, нені үйрендім

  • не түсініксіз болды

  • қандай қателіктермен жұмыс істеуім керек




7. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі
2 минут

М. Оспанова, Қ.Аухадиева, Т.Белоусова
Оқулық 10 сынып, 1-бөлім






ПЦК төрайымы/төрағасы Н.Темирбаева


Педагог И.Курманбекова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет