Сабақ жоспары /3 сынып/ Тұрсынбаев А. С информатика пәнінің мұғалімі


сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуға арналған



бет2/2
Дата18.06.2017
өлшемі0,95 Mb.
#19390
1   2

3 сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуға арналған

күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау

Сабақтар нөмiрi

Мазмұны

Сағаттар саны

1

Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау

1

2

Нысан ұғымын қайталау

1

3

Нысандар жиыны

1

4

Нысандар жиыны

1

5

Бұтақтар

1

6-7

Графтар

2

8

№1 бақылау жұмысы

1

9

Комбинаторика

1

10

Координаттық жазықтық

1

11

Координаттық жазықтық

1

12-13

Ақпаратты кодтау

2

14

Ақпаратты кодтау

1

15

Ақпаратты сақтау

1

16

№2 бақылау жұмысы

1

17

Компьютердiң жады

1

18

Paint графикалық редакторы. Суреттердi сақтау

1

19

Paint графикалық редакторы. Суреттердi ашу

1

20

Paint графикалық редакторы. “Жазу” құралы

1

21

Paint графикалық редакторы. Жазуды қою

1

22

Paint графикалық редакторы. Нысанды көшiру және қою

1

23

Paint графикалық редакторы. Нысанды бұру

1

24

Paint графикалық редакторы. Нысанды қиып алу және қою

1

25

Paint графикалық редакторы. Симметрия.

1

26

№3 бақылау жұмысы

1

27

Ақпарат қасиеттерi

1

28

Екiлiк код

1

29

Хабарламаның ақпараттық көлемi

1

30

Модельдер

1

31

Графикалық модельдер

1

32

Ақпараттық модельдер

1

33

№4 бақылау жұмысы

1

34

Қайталау

1

Барлығы

34

1-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн жаттығуларды қайталау.

  2. Деңгейлiк тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ойлау қабiлетi мен танымдық қызығушылығын дамыту.

  3. “Ақпарат және оның түрлерi” тақырыбын қайталау мен еске түсiру барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетi мен танымдық iс-әрекетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн оқушылар қайталайды. Оқушыларға электр тогынан зиян шеккен немесе күйген жағдайда көрсететiн алғашқы көмек туралы әңгiме өткiзiледi. Көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн жаттығулар еске түсiрiледi және жұмыс дәптерi бойынша компьютердегi оқушылардың жұмыс iстеу орны талқыланады.

“Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқып-үйрену жалғастырылатыны жайлы айтылады.

“Ақпарат және оның түрлерi” тақырыбын еске түсiрiп, ақпарат ұғымы мен оның түрлерiн, алу жолдарын қайталау: дәм, көру, дыбыс, иiс сезу, сипап сезу. Сонымен бiрге адамның түрлi ақпараттарды қабылдауға мүмкiндiк беретiн сезiм мүшелерi мен ақпаратпен жұмыс жасау әрекеттерi (ақпаратты алу, сақтау, өңдеу, беру) де қайталанады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Бізді қоршаған орта дәм, иіс, дыбыс ақпараттарынан тұрады. Оларды адамдар заатардың қасиеттеріне қарай сезім мүшелері (көру, есту, дәм сезу, сипап сезу, т.б.) арқылы сезіп біледі.

Көру мүшесі арқылы айналадағы заттар туралы ақпарат алады. Олар кітаптар, мұражайдағы суреттер, географиялық карталар, жолда жүру белгілері, судың жылжып ағысы, бишілердің биі және т.б.

Есту мүшесі арқылы - біздің құлағымыз – заттар туралы дыбыстық ақпарат аламыз: сөз, телефон шырылы, әуен, аққан судың гүрiлi, т.б.

Қоршаған ортадан алынатын түрлi иістер де маңызды ақпарат болып табылады. Газдың иісін сезу арқылы біз бірден апаттан құтқару қызметiне телефон соғамыз.

Заттың дәмі жөніндегі мәлiмет тiлдiң сезгiштiк қасиетi арқылы алынады. Мұндай сезіміміз болмаса, не болатынын елестетіп көрейікші. Біз мерекелік торттың керемет дәмін ешқашан білмес едік.

Сипап сезу мүшелеріміз арқылы басқа да ақпарат алуға болады. Мысалы, заттың температурасы (ыстық па, әлде суық па), қоршаған орта жағдайы (ылғалды ма әлде, құрғақ па) туралы ақпарат алуға болады.

Біз «Ақпараттық мәдениет негіздері» атты курсты жалғастырамыз. Түрлi мәлiметтердi ақпараттық процестің негізгі объектілерi ретінде қарастырамыз. Еске түсіріп көрейікші. Ақпаратты аламыз, есте сақтаймыз, өңдейміз және одан әрі жалғастырамыз.



Тапсырма.

  1. Пернетақталық жаттығуды қайталау.

  2. Кез келген мәтінді, жұмбақтарды, сергіту сәттеріне арналған тақпақтарды жұмыс дәптерінің соңғы беттеріне жазуға болады.

  3. Екінші сыныптағы графикалық бөлімде берiлген тапсырмаларды қайталау қажет. Егер сабақ соңында уақыт қалып жатса, осы тапсырмалардың кез келгенін компьютерде орындауға болады. Сондықтан мұндай тапсырмалар жайлы әдістемелік нұсқауда айтылмаған.

Сергiту сәтi


2-сабақ



Сабақтың тақырыбы: Нысан ұғымын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. “Нысан” туралы ұғымды қалыптастыру.

  2. “Нысанның” белгiлерi және олармен жұмыс жасау әрекеттерiн қайталау.

  3. Танымдық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетi мен танымдық қызығушылығын дамыту.

  4. Оқушылардың ақпараттық мәдениетi мен экологикалық тәрбиесiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

«Нысан» тақырыбын қайталау. Кез келген нысанның аты, сыртқы белгiсi және онымен орындалатын әрекеттер тiзбегi бар екенiн балаларға ескерту керек. Нысанның аты мен оның белгiлерiн сөздермен сипаттап айтуға немесе оны график түрiнде бейнелеуге болады. Нысандар туралы оқушылар бiлiмiн нығайтып, ары қарай дамыту қажет. “Нысанды тап” ойынын олардың сыртқы белгiлерi бойынша өткiзуге болады. Алдын-ала бұл ойынды дайындап, қандай да бiр белгiлерi бойынша нысанды ойлап табу ұсынылады.



Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, бүгiн сiздермен “Нысан” тақырыбын қайталайтын боламыз. Бiз неге «заттар» сөзiн пайдаланбаймыз? Себебi, ол «зат» – жансыз, ал бiз жануарлар әлемi, өсiмдiктер, адамдар, түрлi жағдайлар мен процестердi қарастырып отырмыз. Ал «нысан» - бұл зат, жануар, жәндiк, оқиғалар, түрлi процестер мен табиғат құбылыстарының жиынтығы. Бұны естерiңе сақтағандарың дұрыс!

Әрбiр нысанның аты, белгiсi және құрамы болады. Нысан белгiлi бiр әрекетті өзі орындауы мүмкін, сондай-ақ нысанмен де түрлі әрекеттер жасалуы мүмкін. Мысалы, «Ағаш». Бұл нысанның аты «ақ қайың» болуы мүмкін. Белгілеріне қарай діңі ақ, жапырағы ұсақ, жасыл. Бұл нысан тамырдан, діңнен, бұтақтан, жапырақтан тұрады. Ағаш өседі, өзіне көмір қышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі, көлеңке береді. Ағашты кесуге, өңдеуге, одан заттар жасауға болады. Мысалы, жиһаз.

Енді сендер мысал келтіріп көріңдерші. Мысал ретiнде бір нысан алыңдар. Сонан соң онымен орындауға болатын әрекеттерді сипаттаңдар.



Тапсырма.

  1. Берiлген нысанға ат берiп, оның белгiлерiн сипаттап жаз.

  2. Тiлсызық арқылы қос.

    Зат

    Демалыс

    Табиғат құбылыстары

    Жаңбыр

    Мейрам

    Қар

    Домбыра тарту

    Кемпiрқосақ

    Компьютерде жұмыс iстеу

    Процесс

    Үстел

    Оқиға

  3. Кестенi толтыр.

Нысан мысалы

Нысан түрi

Сурет

Нысан белгiсi

Нысан әрекетi

Жаңбыр

Табиғат құбылысы










Ағаш













Мысық














Торт














Кемпiрқосақ














Туған күн














Сергiту сәтi

3-сабақ



Сабақтың тақырыбы: Нысандар жиыны

Сабақтың мақсаты:

  1. “Нысандар жиыны” ұғымын қайталау.

  2. Ортақ және бiрiккен жиындар ұғымдарын енгiзу.

  3. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ойлау қабiлетi мен шығармашылыққа бейiмделуiн дамыту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

«Нысандар жиыны» ұғымы 2-сыныпта енгiзiлген болатын. Ол математикадағы ең маңызды ұғымдардың бiрiне жатады, информатикада да қажеттi негiзгi түсiнiктердiң бiрi болып саналады. Бiрақ оқушылардан бастауыш сыныптарда ортақ жиындар мен бiрiккен жиындар сияқты терминдердi талап етудiң қажеттiлiгi жоқ. Оқушылар бұл ұғымдар мағынасын өз бетiмен интуитивтi түрде түсiне алады. Ал мұғалiм ол терминдердi материалдарды түсiндiру барысында қолдануы керек.



Тапсырма.

  1. Жазуды толықтыр:

Кiтапхана – бұл кiтаптар жиыны.

Сынып – бұл оқушылар жиыны.

Отар – бұл қойлар жиыны.

Табын – бұл аттар жиыны.

Орман – бұл ағаштар жиыны.


  1. Нысандарды берiлген жиындар бойынша топта.

КӨЛIК

ОЙЫНШЫҚТАР

ОҚУ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ


  1. Бұл заттар қандай мамандықтар үшiн қажет?: дәрiгерге, аспазға, спортшыға

  2. Әрбiр жиынға және жиындардың қиылысуындағы сөздер ойлап, жаз.



ГҮЛДЕР

раушан


бақбақ

Р” әрпiнен басталатын



сөздер

Б” әрпiнен басталатын сөздер



  1. Жиынның әрбiр жұбы үшiн суреттер таңда. Жиындардың аттарын дұрыс толтыр.


Ешқандай күн – түн емес. – Бұл екi бөлек жиын, олар ортақ жиынға да, бiрiккен жиынға да кiрмейдi.

Дәрiгер – барлық адамдар емес. – Дәрiгерлер жиыны адамдар жиынына кiредi.

Барлық көл – су қоймасы. - «Көлдер» жиыны толығымен «су қоймалары» жиынына кiредi.

6. Гүлдердi боя. Әрбiр гүлде кем дегенде бiр қызыл күлте болады. Олай болса, олардың барлығы қызыл жиынға енедi.



Сергiту сәтi

4-сабақ



Сабақтың тақырыбы: Нысандар жиыны.

Сабақтың мақсаты:

  1. “Нысандар жиыны” тақырыбын қорытындылау және оны бекiту.

  2. «Ортақ» және «бiрiккен» жиындар туралы ұғымдарды қалыптастыру.

  3. Деңгейлiк тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  4. Нысандар жиынын анықтау барысында оқушылардың шығармашылыққа бейiмдiлiгiн қалыптастыру.

Тапсырма.

  1. Берiлген нысандарды боя және оларды жиындарға бөл.

«Жүзетiн» жиындарға жатады: кит, кеме.

«Ұшатын» жиындарға жатады: ұшақ, қарға, шағала.

“Жүзетiн” және “Ұшатын” жиындарға ортақ: үйрек, шағала.

«Жүзетiн немесе ұшатын» жиындардың бiрiгуi: барлық нысандар.



  1. Әрбiр бөлiкке бiр нысаннан сал. Қандай жиындарда қандай нысандар бар екенiн анықта.

Жиындарға ортақ - сары ауа шары.

3. Қызыл және көк түстi жиындарға қарап, төменде берiлген әрбiр жиын қанша элементтен тұратынын анықта?

Қызыл түстi жиында? - 5.

Көк түстi жиында? - 4.

Ортақ жиындар - 2.

Бiрiккен жиындар - 7.

4. Мына жиындарға қарап, а) бiрiккен жиындарға; ә) ортақ жиындарға қанша элемент кiретiнiн анықта:

Қызыл және жасыл түстi жиындарға ортақ - 2.

Жасыл және көк түстi жиындарға ортақ - 1.

Қызыл және көк түстi жиындарға ортақ - 0.

Қызыл және жасыл түстi жиындардың бiрiгуiнде - 8.

Жасыл және көк түстi жиындардың бiрiгуiнде - 6.

Қызыл және көк түстi жиындардың бiрiгуiнде - 9.

Сергiту сәтi


5 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бұтақ.

Сабақтың мақсаты:


  1. «Бұтақ» туралы ұғымды беру.

  2. Нысандарды бiрнеше белгiлерiне қарай топтарға бөлудi үйрену.

  3. «Жиын» ұғымын қайталау және оны бекiту.

  4. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  5. Оқушылардың ақпараттық мәдениетi мен экологиялық тәрбиесiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бұл сабақтағы барлық тапсырмалар тақтаға жазылып, оқушыларды бiр-бiрлеп тақтаға шығару арқылы орындаған дұрыс. Тақтадағы тапсырма орындалып болғаннан кейiн, оқушылар дәптердегi “бұтақты” толтырады.



Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Біз бүгін ағаш отырғызамыз, оны өсіреміз, оның жапырақтарына өз аттарыңды жазып қойыңдар (7-тапсырма). Тақтаға алдымен тамырын саламыз (суретте ең төменгi орналасқан нүкте). Түбiрден екi бұтақ өсiп шығады – ұлдар мен қыздар. Әрбiр бұтақтан тағы екi бұтақ өсiп шығады – қара және қоңыр шаштар. Ал ендi кiмнiң қандай бұтақта орналасқанын анықтаңдар. Сонымен, біз «бұтақ» ұғымын қарастырдық. Ол алгоритмдер теориясының негiзгi ұғымдарының бiрi.

Енді «бұтақ» ретiнде өз отбасыларыңды қарастырып, оны аталарыңыз бен әжелеріңізден бастайық. Бір баланың үрiм-бұтағын тақтаға түсіруге болады. Мысалы, әжесi мен атасының үш баласы болған. Оларды үш бұтақ етіп көрсетуге болады. Осы бұтақтардан келесі ұрпақ жалғасады. Осындай тапсырманы әр бала отбасы бойынша құрастырып келуi үшін үйге беруге болады. Мұндай бұтақтар жиыны генетикалық бұтақтар деп аталады.

Тапсырма.


  1. Бұтақтардың ұштарына нысандардың суретін сал.

  2. Ит, қасқыр, мысық, түлкi сөздерiн жаз. Жабайы аңдар – қасқыр, түлкі т.б. Үй жануарлары – ит, мысық, қой, ешкі, сиыр, жылқы т.б. Сөздерді осылай топтап жазу керек.

  3. Қандай бұтақтарда шарлар өседі?. Оқушылардың назарын шарлардың түсіне, түрiне аудару керек.

  4. Бұтақтарды толтыр.

Кез келген а сияқты дауысты дыбыс мысалы, у дыбысы сияқты дауыссыз емес.

Дауыссыз б дыбысы мысалы, п дыбысы сияқты қатаң емес.

8 жұп саны, мысалы 5 сияқты тақ емес.

3 тақ саны, мысалы 4 сияқты жұп емес.



  1. Бұтақтарды толтыр. Аңдар – үй, жабайы. Балықтар – теңiздiк, көлдiк.

  2. Жұмбақты шеш:

Бiр ағаштың 12 бұтағы бар.

Әр бұтақта 4 ұя бар.

Әр ұяда 7 балапан бар,

Әр балапанның бір қанаты ақ, екінші қанаты қара.



Жауабы: жыл, 12 ай, 4 апта, 7 күн, күн мен түн.

Балалар жауабын тез тауып алу үшін мынадай сұрақтар қоюға болады: 12 бөліктен тұратын не бар?



  1. Көрсетiлген белгiлер бойынша сыныптағы оқушылардың аттарын жаз.

Қосымша тапсырма: Ата мен әжеден бастап, өз отбастарыңның үрiм-бұтағын жазыңдар.

Сергiту сәтi




6-7 сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Графтар.

Сабақтың мақсаты:

  1. «Граф» ұғымын енгiзу.

  2. Граф көмегiмен кейбiр есептердi шығаруды үйрену.

  3. “Граф” тақырыбы бойынша берiлген тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  4. “Графпен” жұмыс жасауда оқушылардың оймен өрнектеу және шығармашылық ынтасын қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

«Бұтақ» ұғымы сияқты «граф» ұғымы да алгоритм теориясының негiзгi ұғымдарының бiрi болып табылады және олар ұқсас мағыналарда қолданылады. Бұтақтарды түбiрсiз қарастыру граф мысалы бола алады. Граф нүктелерi – оның төбелерi, ал төбелерiн жалғайтын сызықтар граф қабырғалары деп аталады. Бұл терминдердi материалды түсiндiру барысында пайдалануға болады, бiрақ оны оқушылардан талап ету мiндеттi емес. Әрбiр тапсырманы тақтаға жазып орындаған дұрыс.



6-сабаққа арналған тапсырмалар.

  1. Әлiмнiң үйiнен Арунаның үйiне дейiн бiр жол бар, ал Арунаның үйiнен мектепке дейiн екi жол бар. Егер Әлiм Арунаға соғып кетер болса, онда ол мектепке неше жолмен бара алады?

Жауабы – 2.

  1. Ниф-Нифтiң үйшiгiнен Нуф-Нуфтың үйшiгiне дейiн екi жол, ал Нуф-Нуфтың үйшiгiнен Наф-Нафтың үйшiгiне дейiн 3 жол бар. Сонда Ниф-Ниф Наф-Нафқа неше жолмен бара алады?

Жауабы – 6.

  1. Мен бiлмейтiн жаққа бар, мен бiлмейтiн затты әкел. А-дан В-ға дейiн қанша жол бар және әрбiр жол бойынан ненi табуға болады?

Жауабы - 6.

  1. а) Аруна, Әлiм, Сара, Әлия кездесiп, олардың әрқайсысы бiр-бiрiмен сәлемдестi. Сонда қанша рет сәлемдесу әрекетi орындалады?



Жауабы – 6.
ә)Егер 5 оқушы кездесетiн болса, онда қанша рет амандасу әрекетi орындалады?



Жауабы – 10.

  1. МЕНЮ құрастыр.


1
Сорпа Тұшпара Кеспе көже
-тағам.


Қара нан Ақ нан




2-тағам.


Картоп Күрiш Кеспе

Қуырдақ Шұжық Балық


3 тағам.


Шай Шырын








7-сабаққа арналған тапсырмалар:

1. Әлiм тосап қосылған шелпек немесе бауырсақ жегiсi келдi. Егер тосаптың 4 түрi болса, оларды қанша тәсiлмен дайындауға болады?









Барлық мүмкiн варианттар: ШҚ, ШТ, ШҚ, ШШ, БҚ, БТ, БҚ, ББ.

2.Аруна қонаққа жиналып жатып, қандай киiм кию керек екенiн ойлады?








Орамал Шалбар

Арунада қанша мүмкiн вариант бар? ОК, ОЖ, ОК, ЖК, ШЖ, ШК.


3.Арунада 3 ваза бар, бiрақ қолындағы гүл шоғы екеу. Аруна үшiн бөлменi гүлмен безендiрудiң қандай жолдары бар?


Раушан Түймегүл






Көк ваза Жасыл ваза Қызыл ваза



Жауабы: РК, ТЖ.

РК, ТҚ.

РЖ, ТК.

РЖ, ТҚ.

РҚ, ТК.

РҚ, ТЖ 6 вариант.




4.Жаңа сөздердi құрастыр. Бұл тапсырманы орындау оқушыларға онша қиын болмайды.

Сергiту сәтi



8-сабақ



Сабақтың тақырыбы: № 1 бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аттарын жазып қойғандары дұрыс.



1-тапсырма

Жиындарға ат қой.

1-нұсқа

Киiм, тәттi тағамдар, ыдыс.



2-нұсқа

Бас киiмдер, аяқ киiм, тәттi тағамдар.



2-тапсырма

Берiлген жиындардың құрамында қанша элементтен бар?

1-нұсқа

Қызыл жиында – 5.



Көк жиында – 3.

Ортақ жиында – 1.

Бiрiккен жиында – 7.

2-нұсқа


Қызыл жиында – 4.

Көк жиында – 5.

Ортақ жиында – 2.

Бiрiккен жиында – 7.



3-тапсырма

Тұжырымдардың “ақиқат” немесе “жалған” екендiгiн анықта.



1-нұсқа

Қызыл жиында 5 элемент бар – ақиқат.

Көк жиында 2 элемент бар – жалған.

Ортақ жиында 8 элемент бар – жалған.

Бiрiккен жиында 1 элемент бар – жалған.

2-нұсқа

Қызыл жиында 4 элемент бар – ақиқат.

Көк жиында 3 элемент бар – жалған.

Ортақ жиында 9 элемент бар – жалған.

Бiрiккен жиында 2 элемент бар – жалған.

4-тапсырма

Бұтақтарды толықтырып сал



1-нұсқа

Жалаушаларды толықтырып сал: қызыл, жасыл, қызыл, көк.



2-нұсқа

Шарды толықтырып сал: қызыл, жасыл, көк, сары.



5-тапсырма

Кестенi толтыр.



1-нұсқа

Қыздар, ұлдар, оқушылар.



2-нұсқа

Қыздар, ұлдар, оқушылар.



6-тапсырма

Егер қонжық жол-жөнекей торайға қонаққа кiретiн болса, қонжықтан көжекке баратын қанша түрлi жол бар екенiн анықта.

1-нұсқа

Жауабы: 6 жол.

2-нұсқа


Жауабы: 6 жол.

7-тапсырма

1-нұсқа


Әлiм қызыл немесе көк, болмаса жасыл қарындашты алып, үшбұрыш немесе шаршы сала алады. Оларды қанша тәсiлмен салуға болатынын анықтап, сызбаларын сал.


Үшбұрыш шаршы






Қызыл Көк Жасыл




Жауабы: 6 тәсiл.
2-нұсқа

Аруна қызыл немесе жасыл қарындашпен доп немесе жалау, болмаса куб сала алады. Суреттердi қанша тәсiлмен салуға болатынын анықтап, сызбаларын сал.








Қызыл Жасыл Брюки



Жауабы: 6 тәсiл.

Сергiту сәтi

9-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Комбинаторика.

Сабақтың мақсаты:

  1. «Комбинаторика» түсiнiгiн беру.

  2. Комбинаторика типiндегi есептердi шығаруға үйрету.

Әдiстемелiк нұсқау:

Комбинаторика – белгiлi бiр ережелер бойынша берiлген жиын (көбiнесе шектелген) элементтерiн орналастыру және таңдау есептерiн шығаруға арналған математика бөлiмдерiнiң бiрi.

Тапсырма.

  1. Сандарды үйшiктерге орналастыр. Орналастырудың мүмкiн жолдары қанша?

Терезедегi сандар қосындысы төбедегi сандар қосындысына тең болуы керек.

  1. Жетiспейтiн заттарды толықтырып сал.

  2. Аруна, Дина және Қанат бiр қатарға қанша тәсiлмен тұруы мүмкiн?

АДҚ, АҚД, ДАҚ, ҚАД, ҚДА, ДҚА – 6.

  1. Әр түрлi тәсiлдермен орналастырып, шарларды үш түспен боя.

  2. Арунада қызыл және көк түстi 2 қарындаш бар. Ыдыстарды бiр-бiрiнен ерекшелеу үшiн оларды қалай етiп бояуға болады? Жиындардың боялмаған бөлiгiнiң де есептелетiнiн балаға ескерткен орынды.

  3. Үш түрлi цифрдан құралған үш таңбалы сан жаз. Бұл цифрлардан барлығы қанша сан алуға болады? Оларды жазып шық. Жауабы: 6.

  4. Қорапта 2 қызыл және 2 жасыл шар бар. Оларды орналастырудың қанша варианты болуы мүмкiн? Суретiн сал.

ҚҚ, ЖЖ, ҚЖ.

ҚҚЖ, ЖЖҚ.



  1. Қорапта 3 қызыл және 3 жасыл шар бар. Оларды орналастырудың қанша варианты болуы мүмкiн? Суретiн сал.

ҚҚ, ЖЖ, ҚЖ.

ҚҚҚ, ЖЖЖ, ҚЖЖ, ЖҚҚ.



Сергiту сәтi



10-сабақ



Сабақтың тақырыбы: Координаттық жазықтық.

Сабақтың мақсаты:

  1. «Координаттық жазықтық» ұғымын енгiзу.

  2. Координаттық жазықтықтағы заттарды табуды үйрену.

  3. Оқушылардың заттарды кеңiстiктiк елестету қабiлетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Материалды түсiндiру барысында нысан координаттарының жазылуында алдымен баған нөмiрi, содан кейiн үтiр арқылы бөлiнiп, сол нысанның жол нөмiрi орналасатынын мiндеттi түрде ескерту қажет.



Тапсырма.

  1. Әлiмге ойыншықты табуға және оны бояуға көмектес.

Оң жақтан екiншi шкаф, төменнен екiншi сөре – қоян

Сол жақтан бiрiншi шкаф, төменнен үшiншi сөре - доп



  1. Шкафтарды солдан-оңға, сөрелердi төменнен-жоғарыға қарай нөмiрле. Мына ойыншықтар қайда орналасқан? Олардың орнын көрсет.

Үй – (1,4).

Машина – (2,3).

Кеме – (3,4).

Қоян – (4,4).

Қуыршақ – (4,1).


  1. Сыныптағы өзiң отыратын орынды анықта.

  2. Мына тұрғындардың мекен-жайын анықтап, жаз

Аруна – (2,4)

Әлiм – (4,3)

Әже – (2,1)

Аспаз– (1,3)

Дәрiгер – (4,5)

Ит – (3,3)

Мысық – (5,4)

Тышқан– (5,1)

5. Берiлген тiлсызықтар арқылы Сараға өзiнiң мекен-жайын табуға көмектес. Олардың орнын көрсет.

→ → ↑ → ↓→ ↑ ↑ ↑ ← ↑ ← ← Сара (1,5).

6.Жүретiн жолдарын жазып көрсет.

Арунадан Әлiмге баратын жол - → → ↓

Дәрiгерден әжеге баратын жол - → → ↓ ↓ ↓ ← ← ← ← ↓

Әжеден итке баратын жол - ↑ ↑ →

Иттен мысыққа баратын жол - ↑ → →

Мысықтан тышқанға баратын жол - ↓ ↓ ↓


Сергiту сәтi

11-сабақ



Сабақтың тақырыбы: Координаттық жазықтық.

Сабақтың мақсаты:

  1. «Координаттық жазықтық» тақырыбын қайталап талқылау арқылы бекiту.

  2. Оқушылардың координаттық торлармен жұмыс жасау қабiлетiн қалыптастыру.

Тапсырма.

  1. Кеме капитаны, аспаз және матрос жасырылған қазынаны тапқысы келеді.

Капитанның кемеге жетуіне көмектес – (1,1), (1,2), (1,3), (2,3), (3,3).

Аспаздың кемеге жетуіне көмектес – (6,1), (5,1), (4,1), (3,1), (3,2), (3,3).

Матросты кемеге жетуiне көмектес – (1,5), (1,4), (1,3), (2,3), (3,3).

Енді оларға картаны табу керек – (2,3), (2,4), (2,5).

Кілтсіз сандықты аша алмайды – (2,6), (3,6), (4,6).

Iшетiн су таусылды. Оны алу үшiн Аралға бару керек! –

(5,6), (5,5), (5,4), (4,4).

Енді қазынаға жетейік!



  1. Әлiмге алма жинауға көмектес. Тiлсызықтар арқылы жолын көрсет.

  2. Арунаға гүлдер арасымен өтуге көмектес. Тiлсызықтар арқылы жолын көрсет.

4.Торкөздерi боя. Нәтижесiнде ит пайда болады.

Сергiту сәтi

12-13 сабақтар



Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты кодтау.

Сабақтың мақсаты:

  1. «Ақпаратты кодтау» тақырыбын қайталап талқылау арқылы бекiту.

  2. Оқушыларға ақпаратты кодтаудың әр түрлi тәсiлдерiн таныстыру.

12-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Әрiптердi сандардың өсу реттiлiгiне қарай орналастырса, онда қандай сөздер шығады?

КОМПЬЮТЕР, МОНИТОР.

  1. Әрiптердi сандардың кему реттiлiгiне қарай орналастырса, қандай сөздер шығады?

БЛОК, МЕҢЗЕР

3. Жасырылған сөздердi тап. Бiрiншi сан – бағана нөмiрi, ал екiншi сан – жол нөмiрi.



3

С

П

Қ

Р

2

Б

Ы

Т

Е

1

А

Л

Д

У

1 2 3 4

(1,1)

(3,3)

(2,3)

(1,1)

(4,3)

(1,1)

(3,2)

А

Қ

П

А

Р

А

Т




(1,2)

(4,2)

(4,3)

(4,1)

Б

Е

Р

У




(1,3)

(1,1)

(3,3)

(3,2)

(1,1)

(4,1)

С

А

Қ

Т

А

У



(3,3)

(1,1)

(1,2)

(2,2)

(2,1)

(3,1)

(1,1)

(4,1)

Қ

А

Б

Ы

Л

Д

А

У

4. Тек көк және қызыл қарындаштар арқылы мүмкiн болатын барлық тәсiлдердi пайдаланып, боя.

5. Кодтық кесте. Алфавитте әрбiр әрiптiң өзiндiк нөмiрi бар.



А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Е

Ё

Ж

З

И

Й

К

Қ

Л

М

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17




Н

Ң

О

Ө

П

Р

С

Т

У

Ұ

Ү

Ф

Х

Һ

Ц

Ч

Ш

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34




Щ

Ъ

Ы

I

Ь

Э

Ю

Я

35

36

37

38

39

40

41

42

Код кестесiнiң көмегiмен келесi сөздердi кодтар арқылы жаз:

ҚАБЫЛДАУ – 15, 1,3,37,16,7,1,26

САҚТАУ – 24,1,15,25,1,26

ӨҢДЕУ – 21,19,7,8,26

ТАРАТУ – 25,1,23,1,25,26

6.Код кестесiнiң көмегiмен жұмбақталған сөздердi тауып, оқы.

22,8,23,18,8,25,1,15,25,1 - ПЕРНЕТАҚТА

10,1,7 - ЖАД

22,23,20,32,8,24,24,20,23 - ПРОЦЕССОР

7.Қарақшы құрылықтан сандық тауып алды. Сандықтың iшiнен алтынның орнына жазулар шықты. Осы жазуды оның оқып шығуына көмектес.

САРАҢҒА ЖӘНЕ ӨТIРIКШIГЕ ЖОЛ БЕРIЛМЕЙДI!

13-сабаққа арналған тапсырмалар:

1.Кодтар кестесiн пайдаланып, графикалық редактордың құралдарын кодтар арқылы жаз:

СЫЗЫҚ ....................

БҮРIККIШ …………..

ҚАРЫНДАШ ………….

ЭЛЛИПС ……………..

ТIКТӨРТБҰРЫШ ………….

2.Кодтар кестесi арқылы жұмбақталған сөздердi тап:

13,20,11 -

16,26,22,36,17 -

14,26,15,1,14 -

24,8,22,37 -

24,37,15 -

3. Тек көк және қызыл карындаштарды пайдаланып, мүмкiн болатын барлық тәсiлдермен боя.

4.Кодтар кестесiнiң көмегiмен келесi сөздердi кодтар арқылы жаз:

Атың ................

Фамилияң ..........

Қалаң .............



Елiң ..............

Сергiту сәтi

14-сабақ



Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты кодтау.

Сабақтың мақсаты:

  1. «Ақпаратты кодтау» тақырыбын талқылау арқылы бекiту.

2. Ақпаратты кодтау бойынша берiлген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың құрылымдық логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  1. Оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Тапсырма.

  1. Кодталған сөздердi шеше отырып, мақал-мәтелдi оқып, шық.




7

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

6

Е

Ё

Ж

З

И

Й

К

5

Қ

Л

М

Н

Ң

О

Ө

4

П

Р

С

Т

,

У

Ұ

3

Ү

Ф

·

Х

Һ

Ц

Ч

2

Ш

Щ

Ъ

Ы

I

Ь

Э

1

Ю

Я

-
















1

2

3

4

5

6

7

а) (1,7),(1,5),(4,2),(2,5) - АҚЫЛ

(1,7),(4,6),(3,7),(1,7),(6,6),(7,7),(4,2), (5,4) - АЗБАЙДЫ,

(3,7),(5,2),(2,5),(5,2), (3,5) - БIЛIМ

(4,4),(6,5),(4,6),(3,7),(1,7),(6,6),(7,7),(4,2),(3,3) - ТОЗБАЙДЫ.
ә) (4,2),(2,4),(4,2),(3,4) - ЫРЫС

(1,7),(2,5),(7,7),(4,2), (3,1) - АЛДЫ -

(4,2),(4,5),(4,4),(4,2),(3,5),(1,7),(1,5),(3,3) - ЫНТЫМАҚ.


  1. Кодтар кестесiнiң көмегiмен келесi сөздердi анықтап, жазып шық

15,27,16,1,15 – ҚҰЛАҚ

25,8,23,38 - ТЕРI

3. Тек көк және қызыл карындаштарды пайдаланып, мүмкiн болатын барлық тәсiлдермен боя.

Сергiту сәтi

15-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты сақтау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Ақпаратты сақтау және iздеу ұғымдарын қалыптастыру

  2. Ақпаратты сақтау және iздеу мүмкiндiктерiн қарастыру.

  3. Оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  4. Оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Оқушыларға жұмыс дәптерi бойынша ақпарат тасымалдау құралдарын түсiндiру ұсынылады.



Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Ақпаратты сақтау. Адам жады – ақпараттарды сақтауға арналған ең тамаша құрылғы. Бірақ ақпарат барлық адамдарға жету үшін, оны бір адамның ғана жадында сақтау жеткiлiксiз.

Ертеде адамдар өз білгендерін тастардағы суреттерге салған, өлеңдер, аңыз әңгімелер арқылы кейiнгiлерге жеткiзiп отырған. Ақпаратты сақтау құралдары ретінде жіпті түйіндеу, таяқтарға белгі салу, папирусқа немесе қағазға жазу тәсiлдерi қолданылған. Біз бүгінде фотосурет, кинотаспа, аудио-бейнетаспалар, магниттік және оптикалық дискеттердi қолданамыз. Бұлардың барлығы «ақпарат тасымалдау құралдары» деп аталады.



Ақпарат тасымалдау құралы – ақпараттарды сақтау мен оларды тасымалдауға арналған материалдық нысан.

Ақпаратты iздеу. Ақпараттарды тек қана сақтау жеткiлiксiз екен. Сондықтан адам оның жеңiл табылу жолын қарастыра отырып сақтай бiлген. Мысалы, Сiздiң таныстарыңыз өте көп болсын. Олардың телефондарын тез тауып алуға болатындай етiп қалай сақтауға болады екен? – Ол үшiн Сiз барлық фамилияларды жазу кiтапшаңызға алфавиттiк ретпен жазып қоюыңыз қажет.

Ал кiтаптағы қажеттi бөлiмдi қалай тауып алуға болады? Олардың атаулары мен сәйкес беттерi көрсетiлген кiтаптың мазмұны бойынша iздеп табамыз.

Кiтапханадағы кiтапты қалай тауып алуға болады? Кiтаптың аты, сөрелерде сақталу ережелерi көрсетiлген цифрлары (шифры) жазылған каталог бойынша тауып алынады. Қазiргi уақытта адамдар өздерiне қажеттi ақпараттарды желiлiк технологияның жедел дамуына байланысты бүкiләлемдiк компьютерлiк желi /Интернет жүйесi/ арқылы тауып ала алады.
Тапсырма.


  1. Тiлсызық арқылы жалғастыр.



Ақпарат түрлерi

Көру

Есту

Иiс сезу

Дәм сезу

Сипап сезу


Сақтау тәсiлi

Адам жады

Компьютер жады

Мәтiн

Сурет

Аудиоқұндақ

Бейнеқұндақ



  1. Артық затты тауып, сызып таста. Баспа құрылғысы. Велосипед.


  2. Мына хабарламаларды оқып, пиктограммамен бейнеле. Пиктограммалар – барабан, көгершiн, құндақ, дискета түрiнде болуы мүмкiн.

  3. Адамның жады қандай ақпарат түрлерiн сақтай алады?

Есту, көру, дәм сезу, сипап сезу, иiс сезу.

  1. Компьютердiң жады қандай ақпарат түрлерiн сақтай алады?

Дыбыстық, көру.

  1. Дұрыс жалғастыр.

Мәтiндiк ақпарат. - Таңбалар.

Дыбыстық ақпарат. - Сөз.



Сергiту сәтi

16-сабақ



Сабақтың тақырыбы: № 2 бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқау:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып, қойғаны дұрыс.



1-тапсырма

1-нұсқа. Үш таңбалы 235 саны берлген. Осы цифрлардан құралған барлық үш таңбалы сандарды жазып шық.

235, 253, 325, 353, 523, 532

2-нұсқа. Үш таңбалы 467 саны берлген. Осы цифрлардан құралған барлық үш таңбалы сандарды жазып шық.

467, 476, 647,674, 746,764

2-тапсырма
1-нұсқа

Себетте екi алмұрт және екi алма бар. Төмендегi орындалатын әрекеттердiң қанша тәсiлi болатынын көрсет. (2 жемiстен аламыз және 3 жемiстен аламыз)

2-нұсқа

Себетте екi лимон және екi апельсин бар. Төмендегi орындалатын әрекеттердiң қанша тәсiлi болатынын көрсет. (2 жемiстен аламыз және 3 жемiстен аламыз)



3-тапсырма

Көрсетiлген жолмен жүрiп, мақал-мәтелдi оқы.

1-нұсқа

БIЛIМ-ҚЫМБАТ, БIЛУ-ҚИЫН



2-нұсқа

ТАТУЛЫҚ-ТАБЫЛМАС БАҚЫТ.



4-тапсырма

Мекен-жайды жаз.

1-нұсқа

Аруна (…….) Әлiм (…..) Әже (……) Ит (…….) Мысық (……) Тышқан (……..)



2-нұсқа

Аруна (…….) Әлiм (…..) Әже (……) Ит (…….) Мысық (……) Тышқан (……..)


5-тапсырма. Бiрiнен бiрiне баратын жолды көрсет.

1-нұсқа


Әлiмнен әжеге баратын жол……………..

Мысықтан тышқанға баратын жол ………..

2-нұсқа

Арунадан әжеге баратын жол …………….



Иттен мысыққа баратын жол ……………..

Мысықтан тышқанға бараты жол ……….



Сергiту сәтi

17-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Компьютердiң жады.

Сабақтың мақсаты:

  1. Компьютердiң сыртқы және iшкi жадтары ұғымдарын қалыптастыру.

  2. Компьютер құрылғыларын қайталап еске түсiру.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Компьютердiң жады iшкi және сыртқы деп екiге бөлiнедi.

Компьютердiң iшкi жады оның негiзгi түрi болып саналады, өйткенi процессор осы жадпен жұмыс iстейдi. Компьютер iске қосылған соң iшкi жадта мәлiметтер мен программалар орналасады. Онымен адамдар компьютер iске қосылған кезде жұмыс жасайды. Бiрақ компьютер өшiрiлгеннен кейiн, ондағы барлық деректер де өшiрiледi.

Сыртқы жады ақпараттарды ұзақ мерзiмде сақтау қызметiн атқарады. Оған қатты диск, дискеттер, лазерлiк дискiлер және басқа да ақпараттарды тасымалдаушы құралдар кiредi.



Тапсырма.

  1. Тiлсызық арқылы жалға.

    Нысан

    Әрекеттер

    Баспа құрылғысы

    Ақпаратты сақтайды

    Монитор

    Ақпаратты қағазға басып шығарады

    Тышқан

    Ақпаратты экранға шығарады

    Дискета

    Ақпаратты шығару қызметiн атқарады

    Сканер

    Ақпаратты экранда бейнелейдi

    Пернетақта

    Экрандағы нысандарды басқарады

    Қатты диск

    Ақпаратты сақтау қызметiн атқарады

    Лазерлiк диск

    Ақпаратты енгiзу қызметiн атқарады

  2. Сызбаны толтыр. Компьютердiң жады - iшкi және сыртқы.

  3. Қажеттi сөздердi қой.

Iшкi жады компьютер жұмыс iстеп тұрған кезде қолданылады.

Ақпараттың үлкен көлемiн ұзақ мерзiмде сақтау үшiн сыртқы жады қолданылады.



Иiлгiш және қатты магниттiк дискiлер немесе лазерлiк дискiлер ақпаратты сақтау үшiн қолданылады.

  1. Сызбаны толтыр. Компьютердiң жады - iшкi және сыртқы.




  1. Көрсетiлген суреттердiң алғашқы әрiптерi бойынша сөйлем құрастыр.


ДИСКЕТА – АҚПАРАТТЫ ТАСЫМАЛДАУШЫ.

Сергiту сәтi


18-сабақ



Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Суреттердi сақтау.

Сабақтың мақсаты:

  1. СОХРАНИТЬ КАК . . . командасының көмегiмен суреттердi сақтауға үйрету.

  2. СОХРАНИТЬ командасының көмегiмен суреттердi сақтауға үйрету.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Компьютерде суреттердi сақтау әрекетiн көрнекi түрде түсiндiру ұсынылады.



Тапсырма.

  1. PAINT редакторын аш. Оны ашу үшiн келесi әрекеттер орындалады: – ПУСК/ ПРОГРАММЫ/ СТАНДАРТНЫЕ/ PAINT

  2. Кез келген суреттi сал. Мысалы, тұмсықсыз балапан, құлақсыз тышқан, құйрықсыз әтеш.

  3. Бас МЕНЮ командасынан ФАЙЛ жолын таңдап, СОХРАНИТЬ КАК . . . командасын таңда

  4. «Сохранение файла» батырмасын шерт.

  5. «Создание новой папки» батырмасын шерт.

  6. “Новая папка” сөзiнiң орнына жаңа атау енгiзiп, ENTER пернесiн бас.

  7. Жаңа атау енгiзiлген бума белгiленген, ендi тағы да ENTER немесе ОТКРЫТЬ батырмасын бас.

  8. «Имя файла» жолына салған суреттiң атын жазып, «Сохранить» батырмасын шерт.

  9. Ендi PAINT редакторын жап. Экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы үш батырманы тап _ □ х. Оның iшiнен х батырмасын шерт.

Сергiту сәтi

19-сабақ



Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Суреттердi ашу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды суреттердi ашуға үйрету.

  2. Оқушылардың графикалық редакторда жұмыс жасау дағдысын бекiту.

Әдiстемелiк нұсқау:

Компьютерде суреттердi ашу әрекеттерiн көрнекi түрде түсiндiру ұсынылады.



Тапсырма.

1.PAINT редакторын аш. Оны ашу үшiн келесi әрекеттер орындалады: – ПУСК/ ПРОГРАММЫ/ СТАНДАРТНЫЕ/ PAINT

2.МЕНЮ-дегi ФАЙЛ командасын таңда. ФАЙЛ менюiнен ОТКРЫТЬ командасын таңда.

3. ФАЙЛ-дың «Открыть» терезесiндегi ПАПКА жолынан өзiң сақтаған буманы тауып, ОТКРЫТЬ батырмасын шерт.

4.Терезеден өзiң сақтаған суретiңнiң атын тауып, ОТКРЫТЬ батырмасын бас.

5.Суреттердi толықтырып сал - балапанның тұмсығын, тышқанның құлағын, әтештiң құйрығын.

6.Салған суретiмiздiң аты белгiлi болғандықтан, ФАЙЛ менюiндегi СОХРАНИТЬ командасын таңдауға болады. Бұл команда суретiнiң атын өзгертпей, сол атпен сақтайды. Сергiту сәтi

20-сабақ



Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. «Жазу» құралы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға «Жазу» құралын пайдалана бiлудi үйрету.

  2. Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс iстеуге дағдыландыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Оқушыларға «Жазу» құралының атқаратын қызметтерi жұмыс дәптерi немесе компьютер арқылы түсiндiрiледi (PAINT-тiң кейбiр нұсқаларында бұл құрал “Текст” деп берiлуi мүмкiн).



Тапсырма.

  1. PAINT редакторын аш. Оны ашу үшiн келесi әрекеттер орындалады: – ПУСК/ ПРОГРАММЫ/ СТАНДАРТНЫЕ/ PAINT

  2. МЕНЮ-дегi ВИД командасын аш. “Панель атрибутов текста” жолына белгiсiн қой.

  3. НАДПИСЬ батырмасын шерт.

  4. Меңзердi қажеттi орынға қойып, тышқанның батырмасын шерт. Қажеттi өлшемдегi тiктөртбұрышты алғанша, батырманы басып тұрып, тышқанды жылжыта бер.

  5. Қарiптiң көлемi мен кескiнiн таңда, мысалы, 16, курсив.

  6. Ендi мәтiндi тере беруге болады.

  7. “Панель атрибутов текста” тақтасындағы мына батырмаларды басып көр:

Ж –мәтiн қарайтылады.

К - мәтiн қисайтылып жазылады.



Ч - мәтiннiң асты сызылады.

Жақтаулармен қоршалып тұрған әрiптер түстерiн өзгертуге болады. Ол үшiн тышқанның сол жақ батырмасын шертiп, қажеттi түстi таңдап алу жеткiлiктi.



Сергiту сәтi

21-сабақ

Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Жазуды қою.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды «Жазу» құралымен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тапсырма.

1. Бұл не? Астына атын жазып, суреттердi боя. Жабайы және үй жануарларын сызықпен бөлiп көрсет.

2.Графикалық редакторды аш. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың суретiн салып, астына аттарын жазып көр.

3. «АҚИҚАТ» немесе «ЖАЛҒАН» сөздерiн жазып қой.

Әлiм компьютерде жұмыс iстеп отыр - ЖАЛҒАН.

Аруна компьютерде жұмыс iстеп отыр, ал Әлiм доп ойнап жүр - АҚИҚАТ.

Бiрiншi суретте Аруна және екiншi суретте - Аруна - ЖАЛҒАН.

Аруна компьютермен жұмыс iстеп отырған жоқ және Әлiм доп ойнап жүр - ЖАЛҒАН.

Бiрiншi суреттегi Әлiм емес және екiншi суреттегi Аруна емес - АҚИҚАТ.

Аруна компьютерде жұмыс iстеп отыр және Әлiм доп ойнап жүрген жоқ - ЖАЛҒАН.

4.Сиқырлы сөздер. Жасырылған сөздердi тап және суреттердi боя

ПIЖ - ЖIП

ТАМА – МАТА

ТРЕСУ – СУРЕТ

КАНТ – ТАНК

КАЙМА – МАЙКА

ҚУЫРҚАШ – ҚУЫРШАҚ

ҚАҒАЙРА – ҚАРАҒАЙ

НЫШҚАТ – ТЫШҚАН

МЕЙГҮТҮЛ – ТҮЙМЕГҮЛ

ШАЙҚЫ – ҚАЙШЫ

ПАЛАБАН – БАЛАПАН

ДIЗIЛРIККӨ - КӨЗIЛДIРIК

Сергiту сәтi



22-сабақ


Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Нысандарды көшiру және қою.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға PAINT графикалық редакторында нысандарды көшiру мен қоюды үйрету.

  2. Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Компьютерде нысандарды көшiру мен оларды белгiлi бiр орынға қою әрекеттерiн көрнекi түрде түсiндiру ұсынылады.



Тапсырма.

  1. PAINT редакторын аш.

2. Бiр балапанның суретiн сал. Балапан жалғыз қалмас үшiн оның қасына бiрнеше балапандарды қою қажет. Бiз олардың суретiн салмаймыз, соның өзiн көшiрiп аламыз.

3. Ол үшiн мына әрекеттердi орында:

ВЫДЕЛЕНИЕ құралын шерт.

Құралдың астында таңбалар пайда болатынына назар аудар!

Осы ВЫДЕЛЕНИЕ құралдарының iшiнен «Выделение без фона» құралын таңда.

4. Ал ендi меңзердi балапанның жоғарғы сол жағына алып барып, оны тiктөртбұрышпен қоршап белгiле.

5.ПРАВКА менюiндегi КОПИРОВАТЬ командасын таңдап, тышқанды шерт.

6.ПРАВКА менюiндегi ВСТАВИТЬ командасын таңдап, тышқан батырмасын шерт.

7.Жоғарғы сол жақ бұрышта балапанның көшiрмесi пайда болды. Балапанның көшiрмесiне меңзердi жеткiзiп, батырманы басып тұрып, оны үлкен тауыққа жақындат.

8.Бiрнеше балапан жаса.

9.Оны жаңа атпен сақта.

10.Гүлдерi мен көбелектерi көп алаңқайдың суретiн сал. КОПИРОВАТЬ және ВСТАВИТЬ командаларының көмегiмен алаңқайға көп гүлдер мен көбелектер жаса.

Сергiту сәтi

23-сабақ


Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Нысанды бұру.

Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларға нысанды бұру әрекеттерiн үйрету.

  2. Оқушылардың графикалық редакторда жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Компьютерде нысандарды бұру әрекеттерiн көрнекi түрде түсiндiру ұсынылады.



Тапсырма.

  1. PAINT редакторын аш.

  2. «БАЛАПАН» файлын аш және жаңадан бiр балапан сал.

  3. Бiр балапанды қарайтып ерекшеле.

  4. РИСУНОК менюiнен ОТРАЗИТЬ/ПОВЕРНУТЬ командаларын таңда.

  5. «Отражение и поворот» терезесiнен «Отразить слева - направо» командасын таңда.

  6. Бiрнеше балапандарды басқа жаққа қарат.

  7. Файлды сол атымен сақта.

  8. ЭЛЛИПС құралын пайдаланып, бақаның және көлдiң суретiн сал. Оларды боя.

  9. «Жоғарыдан – төмен» командасы арқылы бақаны көшiрiп ал. Бақаның көшiрмесiн көл iшiне орналастыр. Күндi, қамысты және шөптi боя.

Сергiту сәтi

24-сабақ



Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Нысанды қиып алу және қою.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды суреттерді қиып алып, басқа жерге орналастыруға үйрету.

  2. Оқушылардың графикалық редактор жөніндегі түсініктерін дамыту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Нысандарды қиып, оларды орналастыру жұмысын компьютерде практикалық түрде көрсетіп алу керек.



Тапсырма.

  1. PAINT редакторын аш.

  2. Бiрнеше жемiстi, саңырауқұлақты және табақша суреттерiн сал.

  3. ПРОИЗВОЛЬНОЕ ВЫДЕЛЕНИЕ құралын қолдан. «Без фона» командаларын пайдалануды ұмытпа.

  4. Саңырауқұлақты ерекшелеп белгiле.

  5. ПРАВКА менюіне кіріп, ВЫРЕЗАТЬ командасын таңда.

  6. ПРАВКА менюінен ВСТАВИТЬ командасын таңдап, тышқанды шерт.

  7. Саңырауқұлақты табақшаға сал.

  8. Осы әрекеттер арқылы қалған саңырауқұлақтар мен жемiстердi табақшаға салыңдар.

  9. Бiрнеше жемiс түрлерi мен себеттiң суретiн сал.

Жемiстердi себетке жиып салу керек. Ол үшін жемістерді бір жерге жиып, себеттiң iшiне орналастыр. Тапсырманы орындап көрiңдер!

  1. Суреттi СЕБЕТ деген атпен сақта

Сергiту сәтi

25-сабақ


Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Симметрия.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылармен «Симметрия» ұғымын қайталау.

  2. Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тапсырма.

  1. PAINT редакторын аш.

  2. Шыршаның жарты бөлiгiнiң суретiн сал.

  3. Шыршаның екiншi жарты бөлiгiн жаса.

Ол үшін:

- ВЫДЕЛЕНИЕ құралын («Без фона» құралын қолдануды ұмытпа) таңда.

- Шыршаның жартысын ерекшелеп белгіле.

- ПРАВКА менюіне кіріп, КОПИРОВАТЬ командасын таңдап, тышқанды шерт.



    • ПРАВКА менюiнен ВСТАВИТЬ командасын таңдап, тышқанды шерт.

- РИСУНОК менюіне кіріп, ОТРАЗИТЬ/ПОВЕРНУТЬ командасын таңда.

- «Отражение и поворот» терезесінен «Отразить слева - направо» командасын таңда.

- Шыршаның екiншi жартысын бірінші жартысына қосып, бояп шық.

Шыршаны орындаған тәсiлмен симметриялы фигураларды толықтырып сал.



Сергiту сәтi

26-сабақ



Сабақтың тақырыбы: № 3 бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқау:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып қойғандары дұрыс.



1-тапсырма

1-нұсқа


Графикалық редакторда Наурыз мейрамына байланысты сурет сал. Сурет соңына өзiңнiң атың мен фамилияңды жаз.

2-нұсқа


Графикалық редакторда Наурыз мейрамына байланысты сурет сал. Сурет соңына өзiңнiң атың мен фамилияңды жаз.

27-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ақпарат қасиеттерi.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға ақпарат қасиеттерi туралы мағлұматтар беру.

  2. Оқушыларға ақпаратты бағалай бiлудi үйрету.

  3. Оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Біз ақпарат туралы түсінік алдық. Сендермен бірге ақпараттың қайдан келетінін, қайда баратынын анықтадық. Бірақ біз ақпараттың маңызын, қасиетін, оны бағалай білуді үйренуіміз қажет. Өйткені ақпараттың барлығы бірдей адам үшін маңызды, пайдалы, қажетті бола бермейді. Ақпараттар маңызды және маңызсыз, пайдалы және зиянды, түсiнiктi және түсiнiксiз болуы мүмкiн.

Ақпараттардың бірі бір адам үшін қажет, ал екiншiсi үшін тіпті керек емес болуы мүмкін. Мысалы, теңізші үшін дауыл туралы ақпарат қажет. Ал басқа мамандық иелерi үшiн бұл ақпарат қажет емес.

Кейбір жағдайларда ақпарат қажет болады, ал кейде ол керек болады. Мысалы, егер біз көшеге шықпайтын болсақ, ауа-райы туралы мәліметтің бiзге қажеті жоқ. Ал көшеге шығу қажет болған жағдайда, далада жауын болып тұрса, міндетті түрде қолшатыр аламыз.

Ақпараттың бұдан басқа да қасиеттері бар. Ол туралы кейін білетін боласыңдар.

Тапсырма.



  1. Сен үшiн маңызды ақпарат болып табылатын хабарламаны ерекшелеп белгiле.

Ертең бақылау жұмысы болады. Маңызды.

5 х 5 = 25 Маңызды.

Қазiр теледидардан мультфильм көрсетiледi. Маңызды емес.

Бүгiн дене шынықтыру сабағы болады. Маңызды.



  1. Бұл кестеде Сен үшiн қызықты ақпарат бар ма? ИӘ, ЖОҚ.

  2. Төмендегi ақпараттың бағасын бер:

Ертең жаңбыр болады. Маңызды.

Компьютер алдына бiр күнде тек 15 минут отыруға болады. Маңызды.

Тамақтанар алдында қол жуу мiндеттi емес. Зиянды.

4.Бұл ақпарат кiмдер үшiн маңызды болып табылады?

Ертең 7 баллдық дауыл тұрады.


Теңiзшi

+

Оқушы




Балықшы

+

Аспаз




Анам мен әкем театрға барады

Ана

+

Бала




Әке

+

Әже




Ата




5.Келесi хабарламалардың бағасын бер:

Компьютер секундына бiрнеше миллиондаған амалдар орындайды. Маңызды.

Дискеттi лақтыруға болады. Зиянды.

Мен сабақта 10 сыныптың оқулығын қолданамын. Пайдасыз.

Компьютер – ақпараттарды өңдеуге арналған құрал. Маңызды.

Сергiту сәтi


28-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Екiлiк код.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға “екiлiк код” түсiнiгiн беру.

  2. Оқушыларға екiлiк код көмегiмен ақпараттарды кодтауды үйрету.

  3. Оқушыларға ақпараттың өлшем бiрлiктерi түсiнiгiн беру.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, кодтау анықтамасын еске түсiрейiк. Кодтау – бұл ақпаратты өрнектеу тәсiлi.

Ақпаратты әрiп, цифр және таңбалар арқылы кодтауға болады.

Ақпараттарды 0 және 1 символдарынан тұратын кодтар арқылы өрнектеу ыңғайлы екен. Осы символдардың көмегiмен әрiптердi, цифрларды, +, -, :, ? және тағы да басқа арнаулы таңбаларды кодтауға болады. Кодтаудың мұндай түрi екiлiк код деп аталады.

Осы кодтардың таңбаларын – 1 мен 0-дi «бит» деп атайды (ағылшын тiлiнен екiлiк таңба деп аударылады).

Бит – ақпараттың ең кiшi өлшем бiрлiгi.

Тапсырма.


  1. х-таңбалы моншақтарды нөмiрленген моншақтармен, бос моншақтарды – 1 саны бар моншақтармен алмастыр.

Бiрiншi тiзбек – шамдар коды.

○ – шам жанып тұр.

○ – шам өшiп тұр.

Екiншi тiзбек – екiлiк код.

1 – бiр.

0 – нөл.


  1. «Шамдар коды» кестесін пайдаланып, жасырылған сөздердi тап.

ТАҢБА, ШАБЫТ, ТЫШҚАН.

  1. «Шамдар кодын» пайдаланып, мына сөздерді жаз.

САНА, ТҮЙЕ, ӘРIП, ШАНА.

  1. «Екiлiк код» кестесінiң көмегiмен жасырылған сөздердi тап.

ТОРТ, НОТА.

  1. Екiлiк кодтар арқылы төмендегi сөздерді жазып шық.

АНАР

АРМАН


ТРАКТОР

6. Әрбiр цифрды кодта. Кодтар әр түрлі болуы тиіс.



Сергiту сәтi


29-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Хабарламаның ақпараттық көлемi.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға «Хабарламаның ақпараттық көлемi» ұғымын беру.

  2. Оқушыларға ақпараттың көлемiн анықтай бiлудi үйрету.

  3. Оқушыларға ақпаратты өлшеу түсiнiгiн беру.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Өткен сабақта бiз ақпараттың ең кiшi өлшем бiрлiгi – битпен танысқан болатынбыз. 8 бит – 1 байт болып саналады.

Кез келген символды әрiптi, цифрды және таңбаны 1 байтпен кодтауға болады. Ақпарат көлемiндегi бiр символ 1 байтқа тең. Сондықтан сөздегi, сөйлемдегi, кiтап беттерiндегi ақпараттардың көлемiн жеңiл анықтауға болады.

Ақпарат өлшем бiрлiктерiнiң ең үлкенi – бұл Килобайт, Мегабайт, Гигабайт.



Тапсырма.

  1. “0” және “1” таңбаларын ғана пайдаланып, олардың мүмкiн болатын кодтарының барлық түрлерiн жазып шық.

  2. Суреттi үлгiге қарап, толықтырып сал.

  3. Сөздердiң ақпараттық көлемiн есепте:




Сөз

Әрiптер саны

Бит саны

Ақпараттық көлем (байттар саны )

Доп

3

24

3

Ата

3

24

3

Код

3

24

3

Байт

4

32

4

Тышқан

6

48

6

  1. Кестенi толтыр:

    Мәтiн

    Ақпараттық көлем (байттар саны)

    Алақай!

    7

    Аяз ата

    7

    Жүйелiк блок

    12

    2 х 2 = 4

    5

    Астана - - елорда

    15

    Информатика

    11

  2. Тiлсызық арқылы қос:

Мәтiн

Ақпараттық көлем (байт)

Мәлiмет көзi

12

Мәлiметтi қабылдаушы

20

МОНИТОР

7

ПЕРНЕ

5

ПРОЦЕССОР

9

ДИСКЕТ

6

Сергiту сәтi

30-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Модельдер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға модель түсiнiгiн беру.

  2. Оқушыларды материалдық немесе материалдық емес модельдермен таныстыру.

  3. оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Бiздi қоршаған нысандар өте қарапайым, бiрақ шын мәнiсiне келгенде олар күрделi. Нысанның қалай жұмыс iстейтiнiн түсiну үшiн, ол туралы мәлiметтер болуы тиiс.

Осылай жинақталған ақпараттар негiзiнде түпнұсқаға ұқсас жаңа нысан құруға болады. Осы тәсiлмен алынған ауыстыру нысандары модель деп аталады.

Модель – өмiрде нақты түрде кездесетiн немесе елестетуге болатын нысандар нұсқасы.

Модельдi қалай жасаудың нақты ережелерi жоқ. Бала сәбилiк шақтан қуыршақ, машина және басқа да ойыншықтармен ойнайды. Ал бұл өмiрдегi шынайы нысандар моделi болып табылады. Ал мектепте әр түрлi нысандар және құбылыстар модельдер көмегiмен оқытылады. Сурет сабағында түрлi бейнелiк нұсқалар қолданылады. Биология кабинетiнде аңдардың, құстардың қолдан жасалған тұлғалары бар. Денсаулық саласында да жасанды органдар жиi қолданылады. Оқу орындарында ұшақ, автомобиль және кеме үлгiлерi де кездеседi. Бұлардың барлығы материальдық модель деп аталады.



Бейматериальдық (материалдық емес) модель – бұл математикалық формулалар, кестелер, мәтiндер және сызбалар жиыны. Олар кез келген нақты заттардың қасиеттерiн сипаттайды. Модельде нысанның маңызды белгiлерi көрсетiлуi тиiс.

Тапсырма.

1-3. Сурет бойынша әңгiме өткiзу.

4. Суреттi бiр қарындашпен боя. Нысанға ат бер. Оның маңызды белгiлерiнiң астын сыз. домалақ, резiңкелi, секiредi, әдемi., қымбат тығыз, қатты. Нысан атауы – ДОП.

5. Белгiлерi бойынша нысанды анықтап, оның моделiн құрастыр.

Домалақ, жарық, жарқырайды, қыздырады - күн.

Өзi кiшкентай, сырты мамық секiлдi,

Құлағы ұзын, түсi ақ немесе сұр болуы мүмкiн. – қоян.

Бұл нысан ағаштан жасалған, оның қақпағы және төрт аяғы бар – үстел.



Сергiту сәтi


31-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Графикалық модельдер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға нысанның графикалық моделi түсiнiгiн беру.

  2. Оқушыларды графикалық модель көмегiмен нысандарды түрлендiруге үйрету.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Берiлген тақырыпты түсiндiру жұмыс дәптерiндегi тапсырмаларды талқылау арқылы жүргiзiледi.



Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Адам әртүрлi нысандардың немесе құбылыстардың модельдерiн жасайды. Адам ақпараттарды қабылдаған соң оны бiрнеше түрде көрсете (елестете) алады. Мысалы, ойына келген ән әуендерiн сазгер пианинода ойнайды (ақпараттың дыбыстық түрi), содан кейiн ноталар көмегiмен жазады (ақпараттың символдық түрi). Суретшi әуендi бейне түрiнде, ал ақын – өлең түрiнде, хореограф – би түрiнде түрлендiрiп, көрсете алады. Көптеген мысалдар келтiруге болады.

Ақпараттарды өрнектеу түрлерiнiң бiрi графикалық модель болып табылады. Балалар, түрлi нысандардың графикалық моделiн құрастыруға мысал келтiрiңдер.

Тапсырма.


  1. Кестенi толтыр.

  2. Аптаның графикалық моделiн толықтырып сал.

  3. Толықтыр: график, сурет, блок-сызба, кесте, диаграмма.

  4. PAINT графикалық редакторында “Ертегiдегi сарай” моделiнiң бейнесiн сал.

Сергiту сәтi

32-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық модельдер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға нысанның ақпараттық моделi ұғымын беру.

  2. Оқушыларды нысанның ақпараттық моделiн құрастыруға үйрету.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Күнделiктi өмiрде бiз нысанның немесе құбылыстардың ақпараттық моделiн жиi кездестiремiз. Мысалы, үй салу, есеп шығару немесе басқа да тұрмыстық мәселелердi шешу үшiн Сiз ең алдымен оларды қалай жасау керектiгiн ойластырып аласыз. Басқаша айтқанда, керектi нысан немесе құбылыс туралы көбiрек мәлiмет жинап алуыңыз қажет.

Адам ақпараттық модельдердi құрастыру барысында түрлi ақпараттарды бейнелеу тәсiлдерiн қолданады: мәтiн түрiнде бейнелеу, кесте, график, формула немесе сурет арқылы өрнектеу.

Адамдардың ақпарат бейнелеуi мен оны өңдеуi қоршаған ортаны тани бiлу қабiлеттiлiгiнен туындайды. Кез келген бiр нақты нысанды сипаттау үшiн ол туралы көбiрек мәлiмет жинақтап, оның ақпараттық (бейматериальдық /материальдық емес/) моделiн құрастырамыз.

Мысалы, нақты нысанның - “иттiң” нақтылы бейнесiн салу керек болсын дейiк.

Суреттi салмас бұрын Сiздiң итке тән қасиеттердi - оның тұқымын, бойын, түрiн, түсiн және т.б. ерекшелiктерiн бiлiп алуыңыз керек. Егер ит жөнiнде неғұрлым көп мәлiмет жиналса, соғұрлым иттiң бейнесi анығырақ шығады. Бұл әрекеттi иттiң моделiн жасау деп айта аламыз.

Ендi қойған мақсатымызды өзгертiп, шекарашыларға қызмет ететiн иттiң моделiн құрастырайық. Оны құрастыру барысында иттiң жүгiру жылдамдығы, “иiс сезу” сапасы, iздi табу қабiлетi, иесiн тыңдау қабiлетi және т.б. оған тән қасиеттер ескерiлуi тиiс.

Аталған мысалдардың iшiнен ең маңыздысын таңдап алып, содан кейiн ақпараттық модельдi құруға болатын қажеттi мәлiметтердi жинақтаймыз.



Ақпараттық модель – алға қойылған мақсаттарға сәйкес нысан немесе процесс туралы таңдап алынған ақпараттар жиыны.

Тапсырма.

  1. Төмендегi жұмбақтардың ненiң моделi болып табылатынын көрсет. Жұмбақ шешуiнiң графикалық моделiн сал.

Ақпараттық модель

Графикалық модель

Аласа талда,

Алуан алма.

Алқызыл болмай,

Аузыңа салма.



Құлпынай


Күндiз бәрi қашады,

Түнде аспанды басады.


Жұлдыз


Бес сатыда тұрады,

Қосылса, ән салады.



Ноталар

Жақын түгiл, шалғайды

Оятудан талмайды.

Төбелеске келгенде

Алдына жан салмайды.



Әтеш



Үп-үлкен түйенi,

Тастапты атам шөгерiп.

Өркешi бұлтқа тиедi,

Бауыры жатыр көгерiп.



Тау


Ағайынды бәрi,

Шықса жасыл,



Түссе сары.

Жапырақ




  1. Аптаның ақпараттық моделiн құрастыр.

    Апта күндерi

    Атауы

    Белгiсi

    1

    Дүйсенбi

    Жұмыс күнi

    2







    3

























    6













    Демалыс күн

  2. Нысанның ақпараттық моделiн құрастыр.

Нысан атауы

Пiшiнi

Түсi

Құрамы

әрекет

Доп

Дөңгелек

Қызыл

Резiңкелi

секiредi

Үстел













Кiтап













Қарындаш













Торт













Компьютер













Сергiту сәтi

33-сабақ


Сабақтың тақырыбы: № 4 бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқау:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып, қойғаны дұрыс.


1-тапсырма

Тiлсызық арқылы қос

1-нұсқа


Ақпарат

Ақпарат қасиеттерi

Бұрыш – ащы

Пайдалы

2 + 3 = 5

пайдасыз

Күнделiктi тексеруге беру керек

Маңызды

2-нұсқа

Ақпарат

Ақпарат қасиеттерi

Тәттi кәмпит –

Пайдалы

2 х 3 = 6

пайдасыз

Ертең бақылау жұмысы болады

Маңызды

2-тапсырма

1-нұсқа


Шамдар кодының көмегiмен сөздi жұмбақта.

АҚПАРАТ ………………………………

2-нұсқа

Шамдар кодының көмегiмен сөздi жұмбақта.



СЫЙЛЫҚ ………………………………

3-тапсырма

Екiлiк кодтар кестесiнiң көмегiмен мына жұмбақталған сөздердi анықта.

1-нұсқа

ИНЕ, ОЙМАҚ



2-нұсқа

НАН, КҮЛШЕ


4-тапсырма

Екiлiк кодтар арқылы сөздердi жұмбақта.

1-нұсқа

ҚАЙМАҚ, МАЙ



2-нұсқа

КҮШ, НҮКТЕ



5-тапсырма

Хабарламаның ақпараттық көлемiн байт мөлшерiмен есепте.

1-нұсқа


Хабарлама

Ақпараттық көлем (байт)

Меңзер

6

4 < 7

3

Алақай, _ демалыс!

16

Мен жазда әжеме барамын.

24

2-нұсқа

Хабарлама

Ақпараттық көлем (байт)

Баспа құрылғысы

15

5 > 3

3

Қош бол, мектеп!

16

Мен жазда лагерьге барамын.

23

6-тапсырма

Кестенi толтыр

1-нұсқа


Нысан

Графикалық модель

Аспан




Күн




Ренiш




Туған күн




Жаз




2-нұсқа

Нысан

Графикалық модель

Кемпiрқосақ




Ай




Қуаныш




Жаңа жыл




Қыс




7-тапсырма

Төмендегi нысандардың ақпараттық моделiн құрастыр.

1-нұсқа

Нысан атауы

Пiшiнi

Түсi

Құрамы

Әрекетi

Қарындаш













Тасбақа













Шар













Гүл













2-нұсқа

Нысан атауы

Пiшiнi

Түсi

Құрамы

Әрекетi

Қалам













Кiрпi













Шар













Гүл














34-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:


  1. Өткен материалдарды қайталау арқылы оқушылардың бiлiмiн жетiлдiру.

  2. Оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Тапсырма.

1. Кестенi толтыр.



Ертегiнiң кейiпкерi

Ерекше белгiлерi

Атқаратын әрекеттерi

Алдар Көсе

кедей, қу

Сараңдар мен озбырларды алдайды.

Жиренше

Шешен




Мыстан кемпiр







Желаяқ







Тазша бала

Кедей




Жезтырнақ







Қаншайым







  1. Тiлсызық арқылы қос.

    Модель

    Нысан

    Ойыншық солдат

    Аю

    Қуыршақ

    Тұрғын үй

    Ойыншық үйшiк

    Сарбаз

    Глобус

    Адам

    Барқыт аю

    Жер шары

  2. Анасы кәмпиттердi 6 тәрелкеге үлестiрiп салды. Бiрiншi тәрелкеге 1 кәмпит, ал келесi тәрелкенiң әрқайсысына алдыңғыға қарағанда 2 кәмпиттен артық салып отырды. Осы кәмпиттердi тәрелкесiнен алмай-ақ, үш балаға қалай теңдей бөлiп беруге болады?

  3. Төменде берiлген мақалдардың жалғасын тауып, тiлсызық арқылы жалғастыр.

Оқу түбi - тоқу

Көз жетпеген жерге сөз жетедi.

Өнер алды – қызыл тiл.

Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей.





  1. Қажеттi санды қой.

  2. Тауық бiр аяғымен тұрғанда, 2 кг тартса, екi аяғымен тұрғанда қанша кг тартады?

  3. Қыздардың қолында бiр-бiрден қызыл, көк және ақ түстi гүлдер бар. Динаның гүлi көк емес, Айжанның гүлi қызыл емес, Арунаның гүлi қызыл да емес, көк те емес. Қыздардың әрқайсысында қандай түстi гүлдер бар?

Сергiту сәттерi:
1. Ақ шағала, ақ шағала

Үйге қалай барамын?

Шағала былай дейді:


  • оң аяқ, сол аяқ

алға бір адым,

артқа бір адым

жылдам, жылдам басасың

қырдан бірақ асасың

адымыңды ашасың

мекеніңді табасың.


2. Бiр дегенiм – бiлек,

Екi дегенiм – елек,

Үш дегенiм – үлек,

Төрт дегенiм – түлек,

Бес дегенiм – балға,

Алты дегенiм – алып,

Жетi дегенiм – желке,

Сегiз дегенiм – серке,

Тоғыз дегенiм – торқа,

Он дегенiм – олжа,

Қалып қойдың жолда.

Кезекшi бол, көздi жұм,

Ойынды ары жалға.

/Б.Бөрiбаев/

3. Бас аяқ, тоқтама,

Туралап қақпаға,

Сермемей қолыңды,

Доп түсiр добыңды.

Алдыңнан басқалар

Кеспесiн жолыңды!

/Б.Бөрiбаев/

4. Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкентай бөбек.


5. Отырдық қой тынығып,

Оңға, солға бұрылып,

Сергiтейiк жанды,

Жүгiртейiк қанды,

Айтып осы әндi,

Келтiрейiк сәндi.



/Б.Бөрiбаев/

6. Торғай-торғай, тоқылдақ

Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесін бұлтитып,

Шық-шық десіп отырмақ.

(Қимылмен көрсетеді.)

7. Сол жаққа бұрылып,

Оң жаққа қараймын.

Бір-екі-үш, төрт-бес деп,

Ішімнен санаймын.

Шалқайтып тартына

Жеткiздiм алтыға.

Алысқа, тесiле,

Қарадым жетiде.

Сегiздi атадым,

Жақынға қарадым.

Тоғызды толтырдым,

Онға ендi барамын!



/Б.Бөрiбаев/

8. Қарлығаштай болайық,

Тұрып қанат қағайық.

Аяқ басып, қозғалып,

Тез жаттығып алайық.

Бiр-екi-үш, бiр-екi-үш,

Орнымызға қонайық!

/Б.Бөрiбаев/

9. Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашайық.

Бесті беске қосайық.
10. Бір үйде біз нешеуміз

Кел, санайық, екеуміз.

Бас бармағым папам,

Балаң үйрек апам.

Ортан терек ағам,

Шылдыр шүмек мен

Титтей бөбек сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.
11. Демаламыз күнде біз.

Жаттығуға біргеміз.

Оңға, солға иіліп,

Алға, артқа бүгіліп,

Шынығамыз бірге біз.
12. Аққудай айдында

Созамын мойынды.

Байыптап жүземiн,

Оңымды, солымды.

Шынығып осылай,

Өсiрсем бойымды,

Кiтапты көп оқып,

Өсiремiн ойымды.



/Б.Бөрiбаев/

13. Қолды жайып ұшайық,

Қыран құсқа ұсайық.

Сол қанатты тербейiк,

Оң қанатты сермейiк.

Бір, екі, үш, төрт, бес деп,

Биiктерге өрлейiк.



/Б.Бөрiбаев/

14. Он рет тұрып, отырып,

Жаттығамыз қосылып.

Жылдам-жылдам орында,

Тұрып қалма тығылып.

Қозғалыспен өсесiң,

Ойланар болсаң, осыны ұқ!

/Б.Бөрiбаев/

15. Тышқандай қашамыз,

Мысықтай қуамыз.

Аяқты басамыз,

Тiп-тiк боп тұрамыз.

Саусақты ашамыз,

Шапалақ ұрамыз.

Бiр-екi-үш-төрт-бес деп,

Айтқанды ұғамыз,

Осылай әндетiп,

Сабақтан шығамыз!

/Б.Бөрiбаев/

16. Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтерiп,

Саусақты ашып жұмамыз.

Онан соң төмен түсiрiп,

Алақанды сығамыз.

Иықты артқа ысырып,

Басты төмен бұғамыз.

Жаттығу жасап осылай

Үлкен боп ертең шығамыз.

/Б.Бөрiбаев/


17. Балды ұрлап, талқандап,


Аюдай балпандап,

Секiрiп, салпаңдап,

Бақадай талтаңдап,

Жайбасар болмаңдар,

Жүрмеңдер қорбаңдап.

Қырандай қалықтап,

Шыңдарға шалықтап,

Биiктен байыптап,

Қарайтын анықтап,

Байқайтын жан-жақты,

Болыңдар салмақты.

/Б.Бөрiбаев/

18. Айнадағы бейнедей

Қозғалысты қайтала.

Қасыңдағы балаға

Тиiп кетпе байқамай.

Бiр,екi,үш. Бiр,екi,үш.

Тағы, тағы қайтала!
19. Шаршасаңдар, тұрыңдар,

Қолды қолға ұрыңдар.

Басты төмен бұғыңдар,

Жұдырықты жұмыңдар.

Алақанды ашыңдар,

Құстай ұшып шығыңдар.

/Б.Бөрiбаев/

20. Бір үйде біз нешеуміз

Кел, санайық, екеуміз.

Бас бармағым папам,

Балаң үйрек апам.

Ортан терек ағам,

Шылдыр шүмек мен

Титтей бөбек сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.


21. Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Алды-артына қарамай,

Ырғып-ырғып жүгірді.

Қиығын салып көзінің

Қарап еді артына

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.


22. Аяқтың ұшымен тұрамыз

Басымызды оңға, солға бұрамыз.

Қол ұстасып бәріміз

Дөңгелек, шеңбер құрамыз.


23. Бiрiгiп түгел сынып,

Көтерiлдiк биiк,

Бойларыңды тiк ұста,

Қисаймасын иық.

Тағы отырып, тұрып,

Қозғала түс, шынық.

Бәрiн жасап болсаңдар,

Отыр да, ендi тынық.

/Б.Бөрiбаев/
24. Бiздiң Азат қайда екен,

Достарымен тауда екен,

Онда неғып жүр екен.

Алма терiп жүр екен.

Алмасынан кәнеки,

Жаңа терiп жүр екен.

/Б.Бөрiбаев/

25. Қоян қашып барады-ай,


Алды-артына қарамай.

Артындағы көжегi

Қалды еруге жарамай.

Көрсеткен қоян қарасын,

Шабысқа қатты салыпты.

Артындағы баласын

Қуғыншы деп қалыпты.

/Б.Бөрiбаев/

26. Бір үйде біз нешеуміз

Кел, санайық, екеуміз.

Бас бармағым папам,

Балаң үйрек апам.

Ортан терек ағам,

Шылдыр шүмек мен

Титтей бөбек сен.

Бір үйде біз нешеуміз?



Бір үйде біз бесеуміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет