3-тапсырма. «Кім маңызды?» ойыны.(слайд)
Бұл ойында балалар қай мамандықты қалайтынын, соны маңызды деп есептейтінін дәлелдеп
айтулары тиіс.
Әр оқушы өз ойларын айтып пікір алмасады.
Мұғалім мұқият тыңдап, соңында барлық маманның адам өмірі үшін қажетті екенін, сондықтан да маман иелеріне сыйластықпен қарау керектігін айтып түсіндіреді.
4-тапсырма. Графикалық диктант.
Мұнда, балалар, біз графикалық диктант жұмысын орындаймыз. Бұның не екенін білесіңдер ме? Ендеше тақтаға қаралық. Сендер көріп тұрғандарыңдай, тік сызық бойында мамандық атаулары берілген. Ал көлденең сызық бойында берілген мамандық атауларына қажетті заттардың аттары жазылған. Екі жақтың ыңғайласып байланысатын тұсына нүкте қоямыз, барлық нүктелерді қойып болған соң бірінші тұрған нүктеден бастап соңғы нүктеге дейіңгі аралықты сызықша арқылы байланыстырамыз.
Жасаған жұмыстарыңды көршілеріңмен алмастырыңдар.Енді тақтаға назар аударалық. Егер алдарыңда жатқан парақта дәл парақтағыдай сызба шықса, қосу таңбасын, егер сәл де болса қате табылса минус таңбасын қойыңдар. Енді парақтарды өз иесіне қайтарыңдар. Кімнің парағында қосу таңбасы қойылған? Өте жақсы, жарайсыңдар!
V. Қорытындылау. Сөзжұмбақ.
VІ. Үй жұмысы.
Достарыңызбен бөлісу: |