Сабақ жоспары №6
Оқытушы: Абельдинова Д.К.
Пән: Қазақ тілі
Мамандық,топ: 1 ПОВТ-117
Тақырыбы: Қонақ күту дәстүрі. Дәстүрлі тамақ. Зат есім. Зат есімнің септелуі.
Күні: 28.09.2017 ж.
Сабақ түрі,өткізу үлгісі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі : Студенттерге қазақ халқының қонақ күту дәстүрі, дәстүрлі тағамдары туралы ақпарат беру, қонақжайлықтың мәнін, қонақ күтуге байланысты рәсімдерді түсіндіру. Зат есім, оның септелуі туралы білімдерін естеріне түсіріп, пысықтау;
Дамытушылығы : Студенттердің салт-дәстүр, қонақ күтуге байланысты түсініктерін, сөйлеу, тілдесу дағдыларын дамыту; логикалық ойларын, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: студенттерге ізгі дәстүрлер туралы әңгімелей отырып, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу, олардың бойына қонақжайлық қасиетін қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, әдебиет, әдеп
Оқыту әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, жобалап оқыту технологиясының элементтері, түсіндіру, суреттеу, көрнекілік, "Бес саусақ" стратегиясы
Құрал-жабдықтар: "Ұлттық тағамдар" презентация-көрме, интерактивтік тақта, компьютер, презентация, А4 парақтар, бейнежазба, алгоритм сызбасы, кластер
Уақыт мөлшері: 45 минут
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Ш.Бектуров,А.Бектурова.Қазақ тілі-Алматы:Атамұра,2006
3. Н.Оразақынова,Н.Әміреев,Н.Сапақова.қазақ тілі сөз мәдениеті-Алматы:Мектеп,2006
4. Ж.Адамбаева.,Ф.Оразбаева.,Қ.Оңалбаева.Қазақ тілі-Алматы;Мектеп,2007
5.Б.Құлмағамбетова,У.Туребекова,Г.Ибраева,Қазақ тілі-Алматы:Мектеп-2007
6.С.Дүйсебаев,Г.Байтілеуова.Қазақ тілі-Алматы:Мектеп,2007
Қосымша:
1.Н.Беріков.Қазақ тілі сабақтары-Ақтөбе;Ана тілі,1994
2.Б.Құлмағамбетова,Ж.Елемесова,Қазақ тілін үйренушілерге көмек
3.Г.Байжанова,А.Маймақова,Іс жүргізу –Астана;Фолиант-2007
Сабақтың барысы және уақытының өлшемі
№
|
Сабақ кезеңдері
|
Кезең мазмұны
|
Уа-ы
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ мақсатымен таныстыру
|
3
|
2
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
Әр топқа бір салт-дәстүрден көрініс дайындап келу
|
9
|
3
|
Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі
(астын сызу)
Түсіндірілетін сұрақтар тізімі
Лексикалық тақырып бойынша
Грамматикалық тақырып бойынша
|
Ауызша, конспект арқылы, қосымша баяндама арқылы, аудио-дәріс, бейнедәріс, қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру, рефератифтік
1. Тақырыпқа кіріспе. Топтастыру
(Claster) стратегиясы бойынша жұмыс
2. Тіл материалы бойынша жұмыс
а) Бейнежазба көрсетілімі
ә)сөздікпен жұмыс
в) мәтінмен жұмыс
в) мәтін негізінде сұрақ-жауап
3. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру: Зат есім. Зат есімнің септелуі.
ә) жазбаша жұмыс
|
18
|
4
|
Оқушылардың өздік жұмысы
|
Сөздерді орын тәртібімен қойып, сөйлем құрастыр. Зат есімдерді тауып, қай септікте тұрғанын анықта.
|
5
|
5
|
Тақырыпты бекіту
|
Сөздерді алгоритм бойынша орындап, талдаңдар. Қалауларың бойынша берілген сөздердің біреуін септеңдер.
|
5
|
6
|
Сабақ қорытындысы
|
1. Рефлексия.
а) "Бес саусақ" стратегиясы
1. Бүгінгі сабақтан не алдың?
2. Бүгінгі сабақта қандай жұмыстар жасадың?
3. Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйің қандай?
4. Басқаға қандай көмек көрсеттің?
5. Айтар тілегің.
ә) "Дастархан" әнін орындау
2. Бағалау
Сабаққа қатысу белсенділігіне, жауаптарының сапасына қарай бағалаймын
|
4
|
7
|
Үй тапсырмасы
|
А.Ш.Бектурова «Казахский язык для всех», 54 бет, 34-35жаттығу, 299-300 бет
|
1
|
Оқытушының қолы __________________________________
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Релаксация (Балаларды сабаққа психологиялық дайындау).
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Отырыңдар. Кім қонаққа барғанды немесе үйіне қонақ келгенді ұнатады?
- (Студенттердің жауабы)
Бүгін бізде ерекше сабақ. Қазақ халқы өзінің қонақжайлығымен танылғандықтан, біз де өз қонақтарымызды жарқын жүзбен, қуанышпен қарсы алып, оларға өз білімімізді көрсетемеіз деп келісейік! Ал көрсеткен білімімімізді әр топтан бір сарапшы тағайындап, сабақ соңында мына кестенің көмегімен бағалаймыз.
ә) Блиц-сұрақ.
Бүгін қай күн?
Аптаның қай күні?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз айлары қандай?
Күзде ауа -райы қандай болады?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
- Өткен сабақта қандай тақырыпты өтіп едік? ("Қазақ халқының салт-дәстүрлері")
- Осы тақырыпқа орай мен әр топқа бір салт-дәстүрден көрініс дайындап келуді тапсырғанмын.
1-топ: Тұсау кесу рәсімі кезінде баланың болашақта кім болатынын анықтау үшін бірнеше затты алдына қойып, таңдатқан, алған затына қарап кім болатыны жобаланған. (ақша, кітап, домбыра, найза).
Ақшаны алса-бизнесмен болады;
Кітап алса-оқымысты;
Домбыраны алса -әнші, күйші;
Найза алса – елін қорғайтын жауынгер болады деп шешкен.
2-топ: Байғазы (дәстүр). – Уа сатира сарбазы, Адырнаңа байғазы! (С.Әбілкәкімов). Байғазы балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы: қамшы, шана, ер-тоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Жеңгелері, шешелері «байғазыға байдың қызы» деп те атайды. Байғазы балалардың көңіл – күйін көтеретін дәстүр.
3-топ: Шашу Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді.
Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке ,бұл тойда
Керемет рәсім жасайық!
Студент: Сүйінші,сүйінші.Дүниеге сәби келді.
Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау-шын қуаныштың белгісі.Қазақ сүйіншіден нені аяған.Мінеки сүйіншіңді ала ғой.
ІІІ. Жаңа тақырыпты жеткізу
1. Тақырыпқа кіріспе. Топтастыру (Claster) стратегиясы бойынша жұмыс
- Қазақ халқының тағы бір керемет салт-дәстүрі дейміз бе, ежелден қазақ халқының бойына қалыптасып кеткен мінез-құлқы дейміз бе бұл -қонақжайлылық. Қ. Мырза Әлидің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» деген өлеңінде:
Қазақ осы – ашық-жарқын қабағы,
Қонақ келсе, шабылып бір қалады.
Байқа да тұр, саған да ол кетерде,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады - деп ақын Қадыр Мырзалиев өлеңінде өрілгендей, халқымыздың осынау бір асыл қасиетті- қонақжайлығы қазақтың өзіндік бір ерекшелігі, ежелгі ата салты. Біз – қонақжай халықпыз. Қонақжай халық ұрпағымыз. Қонаққа барғанды ұнатамыз. Қонақ күтуді жақсы көреміз. Қонақ келсе бар тәттімізді, жылы-жұмсағымызды, оң қабағымызды тарту етеміз.
- Ал сол қонағымыз кім өзі? «Қонақ» деген сөзді естігенде туындайтын ассоциация қандай? (интербелсенді тақтада)
2. Тіл материалы бойынша жұмыс
а) Бейнежазба көрсетілімі
- Бүгінгі тақырыбымыз " Қонақ күту дәстүрі. Дәстүрлі тамақ". Назарларыңызды экранға аударыңыздар.
- Бейнежазба не туралы?
- Қонақ түрлеріне қарай қалай жіктеледі екен?
-Қонақ жайлы қандай мақал-мәтелдер, нақыл сөздер білесіңдер?
ә)сөздікпен жұмыс
- Мәтінмен жұмыс жасаймыз. Мәтінді оқымай тұрып, жаңа сөздерді сөздіктеріңізге жазып, естеріңізе сақтап алыңыздар.
1. Сөздерді оқып, есте сақтау, жаттау.
2. Сөз тіркестерін құрастыр.
3. Қысқаша бірнеше сөйлем құра.
қонақ - гость
құт – изобилие
төрге отырғызу – посадить на почетное место
арнайы қонақ - званый гость
құдайы қонақ – почетный гость
үй иесі, отағасы - хозяин
ыстық тамақ – горячее блюда
риза ету – выразить благодарность
жауапты іс – ответственное дело
в) мәтінмен жұмыс
- Мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтін бойынша әр топ 2 сұрақтан дайындап, басқа топтарға қояды.
Қонақ күту
Қазақ халқы – ежелден қонақ келсе құт келді деген.
Қонақты үй иесі қарсы алады. Есікті өзі ашады, үйге кіргізеді, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен бірге «құт» кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырады, соңынан өзі жабады.
Қонақты төрге отырғызған. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ), «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ), «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немесе бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрағаннан кейін, үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат және тағы басқалары беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құяды. Шай ішіп болған соң, ыстық тамақ келгенше қонақтардың көңілін көтерген. Ол үшін үй иесі әңгімелесіп, қонақпен бірге отырады. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі.
в) мәтін негізінде сұрақ-жауап
3. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру: Зат есім. Зат есімнің септелуі.
- Мәтінде қарамен белгіленген сөздерге назар аударыңыздар.
- Қай сөздер қарамен белгіленген?
- Бұл сөздерге сұрақ қойыңдаршы, қай сөз табына жатады? (зат есім)
- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есімнің қандай түрлері бар?
(презентацияны пайдалана отырып, жаңа тақырыпты ашу)
ә) жазбаша жұмыс
- Енді осы мәтінде қарамен берілген сөздердің біреуін таңдап, септеп шығыңдар.
- Топ ішінде дәптерлеріңмен алмасып, тексеріңдер.
IV. Студенттердің өздік жұмысы
Сөздерді орын тәртібімен қойып, сөйлем құрастыр. Зат есімдерді тауып, қай септікте тұрғанын анықта.
оң Дәстүр кісілер отырған көрсетеді ер қызмет әйелге бойынша жағына.
қажеті отырғанда жоқ дастарқан қатты сөйлеудің, басында күлудің.
дұрыс үстінен емес амандасу Дастарқан қол созып.
дастарқаны Қазақтың мол,тағамдарға дәмді болады мерекелік толы.
қойылады Тағамдар арналып,ортаға көпшілікке.
ыдысқа Ол ортадағы өз тағамды салады қасықпен алдындағы.
V. Тақырыпты бекіту
Сөздерді алгоритм бойынша орындап, талдаңдар. Қалауларың бойынша берілген сөздердің біреуін септеңдер.
Қонақ, дастархан, дәстүр, жолаушы, сыбаға.
1) Бұл сөздің мағынасын түсіндір.
2) Осы сөзбен өмірге байланысты мысал келтір.
3) Осы сөзбен сабақтың тақырыбына байланысты сөйлемдер айт.
VІ. Қорытынды
1. Рефлексия.
а) "Бес саусақ" стратегиясы
1. Бүгінгі сабақтан не алдың?
2. Бүгінгі сабақта қандай жұмыстар жасадың?
3. Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйің қандай?
4. Басқаға қандай көмек көрсеттің?
5. Айтар тілегің.
ә) "Дастархан" әнін орындау
2. Бағалау
- Сабаққа қатысу белсенділігіне, жауаптарының сапасына қарай бағалаймын.
Оқушының аты-жөні
|
Үй тапсырмасы
|
Жаңа тақырыппен жұмыс
|
Өздік жұмысы
|
Бекіту
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
|
VІІ. Үйге тапсырма
А.Ш.Бектурова «Казахский язык для всех», 54 бет, 34-35жаттығу, 299-300 бет
- Рахмет. Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Релаксация (Балаларды сабаққа психологиялық дайындау).
ә) Блиц-сұрақ.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Әр топқа бір салт-дәстүрден көрініс дайындап келу.

Дастарқан-ау, дастарқан
Ей, халайық, халайық,
Бар өнерге салайық.
Ас ұсынып, бас тартқан
Жайылып тұр дастарқан.
Жақсы келсе - құт болар,
Жаман келсе - жұт болар.
Жолаушымыз біз деген
Асыл мұрат іздеген.
Дастарқан-ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан,
Ей-ей-ей!
Айналайын ағайын,
Үміт отын жағайын.
Уайым-қайғы жоқ болсын,
Қуанышың көп болсын.
Жақсы келсе - құт болар,
Жаман келсе - жұт болар.
Жолаушымыз біз деген
Асыл мұрат іздеген.
Дастарқан-ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан,
Ей-ей-ей!
Дастарқан-ау, дастарқан
Ей, халайық, халайық,
Бар өнерге салайық.
Ас ұсынып, бас тартқан
Жайылып тұр дастарқан.
Жақсы келсе - құт болар,
Жаман келсе - жұт болар.
Жолаушымыз біз деген
Асыл мұрат іздеген.
Дастарқан-ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан,
Ей-ей-ей!
Айналайын ағайын,
Үміт отын жағайын.
Уайым-қайғы жоқ болсын,
Қуанышың көп болсын.
Жақсы келсе - құт болар,
Жаман келсе - жұт болар.
Жолаушымыз біз деген
Асыл мұрат іздеген.
Дастарқан-ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан,
Ей-ей-ей!
Достарыңызбен бөлісу: |