Сабақ жоспары №7 Күні-айы: Топ: Курс: Мамандығы


Сымдар мен кабельдердің жалғану ерекшеліктері мен ұштау тәсілдері



бет2/3
Дата10.11.2023
өлшемі29,18 Kb.
#190879
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Сымдар мен кабельдердің жалғану ерекшеліктері мен ұшталу тәсілдері.

Сымдар мен кабельдердің жалғану ерекшеліктері мен ұштау тәсілдері

Кабель электр энергиясын және сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Кабель арналу мақсатына орай күш кабелі (электр энергиясын тасымалдайтын), байланыс кабелі (сигналдарды тасымалдайтын), радиожиіліктік кабель (жоғары жиіліктік) болып бөлінеді. кабельдің құралымы оны тарту (су және жер астында, ауада, зиянды ортада, т.б.) және пайдалану ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып жасалады.


Кез келген кабельге тән ортақ элементтер: ток өткізетін талсымдар, оқшаулама және сыртын қаптайтын қаптама. Ток өткізетін талсымдар алюминийден немесе мыстан жасалады. Пайдалану мақсатына орай кабель бір сымды немесе көп сымды болады. Кабель оқшауламасы диэлектрик материалдардан жасалады, олар ток өткізетін талсымдарды бір-бірінен және қаптамадан бөліп тұрады. Көп талсымды кабельге жұмыр пішін беру үшін арнаулы құрсаулық оқшауламамен қапталады. Кабельдің цилиндр формалы қаптамасы оқшауланған ток өткізетін талсымдарды ылғал мен химиялық заттар әсерінен қорғайды. Әдетте, қорғасын не алюминийден жасалынған қаптама қолданылады.
Кабелдерді жалғау, жалғану ерекшеліктеріне қарай бұрау әдісі арқылы жалғау, дәнекерлеу арқылы жалғау, сығымдап біріктіру арқылы жалғау сияқты түрлерге бөлінеді. Бұл сабағымызда бұрау арқылы жалғауды үйретіледі.
Талсымдар мен сымдарды сығымдау әдісімен қосуға және ұштауға келесі талаптар қойылады: түйіспелі беттердің тазалығын сақтау, түйіспелі қысымды сақтау, жаншып қысуды белгілі бір өлшемге дейін жеткізу, нұсқауда берілген сығымдау тереңдігін қамтамасыз ету, матрица мен пуасондарды, ұштамаларды немесе біріктіргіш гильзаларды дұрыс таңдау, жаншу орындарында пайда болған ойықтардың дұрыс орналасуы. Түйіспелі қысымның нормаларын сақтау талсым маркалары мен қимасына сәйкес сығымдау құралдарын дұрыс таңдау арқылы, сонымен қатар, жаншып қосу тереңдігін сығымдаудан кейінгі нұсқауда көрсетілгендей және кесте бойынша орындайды. Қимасы 10 мм2 сымдарын ұштау және қосу үшін ГА гильзалары және ТА, ТАМ ұштамаларын қолданады. Алюминий талсымдарын сығымдау кезінде ұштамаларын түтікке енгізгенде, екі жағынан екі ойық, ал гильзада төрт ойық пайдаланылады. Мыс талсымдарды сығымдау ұштамаларды бір рет жаншу арқылы және қосу гильзаларын екі рет жаншу арқысы орындалады. Талсымдардың құрылысы мен қимасына сәйкес кемитін ұштамаларды қолдануға және сымдарды тістеуге тиым салынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет