Қозғалыстағы адамның денебітімі бейнелеген суретшілер мен мүсіншілердің ұсынған жұмыстарын оқушылармен қарастырыңыз.
Әйгілі суретшілер мен мүсіншілердің жұмыстарын негізге ала отырып, адам денебітімі бөліктерінің пропорциясының сәйкестігін қараңыз.
Сұрақтар қойыңыз:
Қандай іс-әрекет бейнеленген?
Суретші қозғалысты қалай бейнелеген?
Қай суретте адамдар билеп жатыр?
Сен оны қалай анықтайсың?
Өз ойыңды түсіндір.
Әуенге қосылып, оқушылармен бірге би
|
Александр Дейнек, Александр Самохвалов, Гүлфайруз Исмаилова, Амадео Модельяни және т.б. суретшілердің жұмыстарын, сондай-ақ б.э.д. V ғасырдың ортасында өмір сүрген мүсінші «Мирон» жұмысы болып санаталын, қоладан жасалған "Дискобола" мүсінінің бейнесін және ежелгі әлемнің басқа да мүсіншілерінің жұмыстарын, әр түрлі қозғалыстағы бейнелерді дайындаңыз (мысалы, оқушылар адам денебітімі бөліктерінің әртүрлі қалыптарын бақылай алатын спорттағы немесе бидегі қозғалыстар).
Ырғаққа толық тереңдеу үшін оқушыларға ырғақты әуенді тыңдай отырып, би қимылдарын көрсетулерін ұсыныңыз.
|
Суретшілер мен мүсіншілердің жұмыстары.
Билеп жатқан адамдар бейнесі.
Әр түрлі сипаттағы би композицияларының фонограммалары.
А4 парақтары. Гуашь, пастель, балауыз борлар, акварель
|