Сабақ жоспары 9 Пән: Көркем еңбек 2-сынып -тоқсан


Көркем еңбек Бастауыш мектеп 2-сынып



бет41/82
Дата06.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#79660
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82
Көркем еңбек Бастауыш мектеп 2-сынып

5С-бөлім: Дені саудың – жаны сау

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың көркем еңбек сабақтарынан жұмыс жасау тәжірибесі бар. Шығармашылық жұмыс тәжірибесін қолдана отырып, оқушылар идеяларды зерделеп, әзірледі, бұйымдарды жасап, дайындады және орындалған жұмыстарды бағалады.

Тілдік мақсаттар
Оқушылардың пән мақсатына жетуі үшін түсінікті ғылыми тілде жазылған тілдік мақсат үлгісі төменде берілген

Пәнді оқыту мақсаты

Пән лексикасы және терминология

Диалог/жазылым үшін қажетті сөз тіркестері

Оқушылар:

  • өз бұйымын жасау үдерісін сипаттай алады.

Келесілер қамтылады:

  • қозғалыс, мүсін, илеу, ермексаз, қосу, пішін, дене қалпы, дене тұрысы, «салауатты өмір салты»;

  • спорт түрлері: гимнастика, жүзу, бокс, теннис;

  • спорттық құралдар: гантельдер, секіртпе, қоссырық.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • «Салауатты өмір салты» деп нені атаймыз?

  • Салауатты өмір салтына не жатады?

  • Саған спорттың қай түрі ұнайды?

  • Адамға неліктен қозғалыс қажет? Пайдалы сөздер:

  • «Ұзақ өмір сүру, денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтын сақтау керек».

Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз.

Қысқаша шолу

Бұл бөлімде пластикалық материалдармен жұмыс дағдыларын дамыту жалғасады, оқушылар қозғалыстағы адам денебітімін бейнелейді, қоршаған
ортаны бейнелеу тәсілдерінің бірі ретінде мүсін өнерімен танысады, денсаулықты сақтау туралы идеяларды талқылайды және оларды топта және сынып алдында қорғайды. Өз идеяларын жүзеге асыру үшін әртүрлі материалдар мен техникаларды қолданады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет