Саралау тәсілі: Қорытынды Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:
Бағалау критерийі
Білім алушы • Таңдама нәтижесі бойынша интервалдық кесте құрады
• Жиіліктердің интервалдық кестесінің көмегімен жиіліктер гистограммасын тұрғызады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма Шығыс Қазақстан облысындағы кездейсоқ алынған 30 ауылдағы халық санын зерттеу (адам саны) мынадай нәтиже берді:
2680; 2805; 2700; 2050; 2760; 2800 ;2930; 2430; 2990; 2795;
2170; 2681; 2945; 2645; 2743; 2100; 2954; 2068; 2095; 2786;
2540; 2680; 2860; 2814; 2590; 2712; 2120; 2945; 2794; 2785.
a) жиіліктің аралық кестесін жазыңыз
(2000 адамнан бастап, аралық ұзындығын
200 адам етіп алыңыз);
b) гистограммасын тұрғызыңыз.
Дескриптор:Білім алушы - алынған аралықты интервалдарға бөліп, өсу
ретімен орналастырады;
- әрбір аралықтың жиілігін есептейді;
- координаталық осьтерді таңдайды;
- гистограмма тұрғызады.
ҚБ: «Смайлик» Қатесiз, дұрыс, таза орындалған жұмыстары дәптерлерiне смайлик жапсырылады.
Кері байланыс.«Көңіл күйді смайликтермен жеткізу». Оқушылар сабақтың басында және аяғында алған смайликтерін салыстырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын түсіндіріп береді.
«Кезбе тілші» әдісі.
Саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз дұрыс жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі, оқушылар өздерінің мықты, әлсіз тұстарына жауап береді. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, сөз қорын дамыту мақсатында 4 оқушы таңдап алынады. 1-оқушы телефон соғып жатқанға ұқсатып, сабақ бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды. Мысалы: Бүгінгі сабақта таңдама модасы, медиана, салыстырмалы жиілік, жиілік алқабы, жиілік гистограммасы туралы айтылды. 2- оқушы, телестудиядағы диктор, жиынтық ақпарат береді. Мысалы: Көрсеткіштердің ең үлкен мәннен ең кіші мәнді азайтсақ таңдама құлашы табылса, келтірілген мәліметтерді өсу ретімен жазып ығыспалы қатардың әрбір элементін табуды. Берілген деректерді оқып үйрену үшін әрбір нұсқалықтың жиілігін анықтау қажет
екендігі айтылды. 3-оқушы: Тілші: оқиға орынан ақпарат ұсынады. Мысалы: Тәжірибелер қарастырылды, т.с.с.
4- оқушы: Тілші сұхбат алатын куәгер /куәгер бірнешеу болса да болады, яғни сынып оқушыларын алуға болады./