Балалар! ХХ ғасырдың басында қазақтардың жерін қоныс аударушы орыс шаруалар мен казактардың қорына жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты.Жерінен айрылған көшпелілер ғасырлар бойы мекендеген жерлері мен қыстауларын тастап,құнарсыз жерлерге ығыстырылды.Бұл 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс ревоюциясы кезінде жергілікті зиялылар қоғамдық –саяси қызметінің жандана түсуіне алып келді.Қазақтың петициялық (өтініш-талаптар жолдау) қозғалысы басталды.Ресей империясының Мемлекеттік Думасына Қазақстаннан депудаттардың қатысуы өлке тұрғындары сана –сезімінің жетілуіне зор ықпалын тигізді. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап қазақ өлкесінде өнеркәсіп саласында алға жылжу байқалды.Қазақстанда тау-кен өндірісі,сонымен қатар өңдеуші өнеркәсіп дами түсті. ХІХ ғасырдың соңына қарай, өңдеуші өнеркәсіп тау-кен өндірісін екінші орынға шығарды.Сонымен бірге көлік өнеркәсібі де дамыды. Тау-кен өнеркәсібі түсті металдар мен көмірдің бай кен орындар мен Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді.ХХ ғасырдың басында мыс ,алтын ,көмір және т.б. пайдалы қазбаларды өндіретін тау-кен өндірісінің кәсіпорындары шетел акционерлік қоғамдарға берілді.Осылайша,1904 жылы Лондонда құрылған Спасск мыс кендерінің ағылшын – француз акционерлік қоғамы Спасск – Успен мыс кені мен зауытын Саран – Қарағанды таскөмір кенін және басқа кеніштерді түгелдей сатып алып пайдаланды.Өлкедегі тау – кен өндірісінде ерекше дамыған алтын өндіру болды. Өнеркәсіптегі жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ірі теміржолдар салынуына байланысты теміржол желілері Қазақстанда тартыла бастады.