Сабақ жоспары қазақ тілі Тақырыбы



Дата05.06.2017
өлшемі79,64 Kb.
#17693
түріСабақ
Сабақ жоспары

қазақ тілі



Тақырыбы: Баяндауыштың сөйлемдегі орны

Мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға сөйлем мүшесі баяндауыш туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқуға баулу.

3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ана тілін қадір тұтуға, ізденіспаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру;

Көрнекілігі: плакат

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі :

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

3. Оқушыларға сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.



ІІ. Өткенді қайталау.

Мұғалім оқушылардың білетіндерін қорытындылап, жаңа сабақты бастайды.



ІІІ. Мағынана ажырату.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Баяндауыш — сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі.

Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді. Баяндауыш сөйлемді аяқтап, ойды тиянактайды. Кейде сөйлемде бастауыш айтылмаса да, баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.

Баяндауыш құрылысына карай былайша жіктеледі:


Құрылысына қарай

Сұрақтары: Не істеген? Не қылган? Қайтті? Не болмақ? Немене? Қалай? Кімдікі? Ненікі?

Дара

Заман өзгерген, білім кушейген. Қазына — халықтікі.

Күрделі

Абай күрсініп қояды. Олжабек шалқасынан түсе жаздады.

Үйірлі

Қиыны бұл дүниенің — қолы тарлық. Есті адамдарда бар қасиет — уайым жеу.


Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында, кейде атау тұлғада, тәуелдік, септік тұлғада тұрады.

Баяндауыш болатын сөз таптары мыналар:


Баяндауыш болатын сөз таптары

Сөйлемдер

Етістіктер

Мен өте қуандым. Сен кайда жүрсің?

Сын есімдер

Бөріміз бір кісінің баласындай татумыз. Ел тоқ.

Зат есімдер

Сендер бакытты адамсыңдар. Ат — көлік, камшы — қару.

Сан есімдер

Ер кезегі — үш. Үш жердегі үш — тогыз.

Есімдіктер

Медеуі — мен. Өтегені — өзі.

Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз

От жылт етті. Мылтык тарс етті.

Баяндауыштың сөйлемде атқаратын қызметі зор. Өйткені баста-уыштағы айтылған ойды аяқтап, тиянақтап, тындаушы мен оқушыға тусінікті етіп тұрады. Негізгі сұрақтары не істеді? не қылды? не бол-ды? қайтті? не? кім? қандай? қанша? қайда? т. б. Бұлар баяндауыш-тың қолданып түрған түлғасына қарай өзгеруі де мүмкін. Мына кестеге көңіл аударып көрейік.



Мысалдары

Сұрақтары

Баяндауыш болатын соз таптары

Бізді ешкім таныстырмады, өзіміз таныстық.

Не істемеді? Не істейік?

Етістік

Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек.

Не?

Зат есім

Әскери адамның өңі суық, сөзі қысқа.

Қандай?

Сын есім

Біз – бесеуміз.

Нешеуміз?

Сан есім

Басқаға үлгі болатын – сен.

Кім?

Есімдік

Жылқыда өт жоқ.

Не жоқ?

Бар, жоқ тіркесіп келген сөздер.

Біздің баратын жеріміз әлі ілгеріде.

Қайда?

Үстеу.

Қазақ тілінде жіктік жалғауы жалғанған сөздер үнемі баяндауыш болатынын есте сақтау керек.

Күрделі баяндауышты сөйлемдер қимылдың басталу кезеңін, болып жатқан кезеңін, қимылдың аяқталған кезеңін білдіреді. Мына сөйлемдерге көңіл аударайық:

  1. Таң бозарып атып келеді. Ол шай кұя бастады.

  2. Ол хат жазып отыр. Ол ұйықгап жатыр.

  3. Сабақ аяқгалып келеді. Жүмысымды кеше аяқгадым.
    Бұдан да басқа іс-әрекеттің қайта-қайта болып жаткандығын білдіретін жағдайлар болады. Мысалы: Ол қайта-қайта күрсініп қояды.

Егер баяндауыш есім мен етістіктен құралып келсе, оны құрама баяндауыш деп атайды. Мысалы: Оның кәсібі — сурет салу. Ол -сараң адам екен. Ол екеуіміз егіз қозыдай адамдармыз.

Күрделі баяндауыштар бір өңкей етістіктерден жасалса, оны күрделі етістік баяндауыш, ал есімдер мен көмекші есімдерден жа-салса, оны күрделі есім баяндауыш деп атайды.

Бастауыш пен баяндауыш сөйлемде қиыса байланысады, бұл байланыс жақ жағынан, жекеше, көпше, анайы, сыпайы түрде жіктік жалғауы арқылы іске асады. Мысалы: Мен бара+мын; сен бара+ сың; сіз бара+сыз, ол бара+ды, біз бара+мыз, сендер бара+сыңдар, сіздер бара+сыздар, олар бара+ды.

Оқулықпен жұмыс. Тақтамен жұмыс. 38 - жаттығу.

  • Бастауыш дегеніміз не, баяндауыш дегеніміз не?

  • Мына сөздерді баяндауыш етіп сөйлем құраңдар.

Сабақты қорытындылау. (Сұрақ-жауап арқылы)

1. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?

2. Бастауыш дегеніміз не?

3. Сөйлем мүшесінің шарттарын ата.



4. Баяндауыш дегеніміз не?

Үйге тапсырма: 39-жаттығу.

Бағалау: Оқушылардың білімдерін бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет