Тақырыбы Египеттегі ғылым мен мәдениет
Мақсаты және күтілетін нәтижелері:
Біледі:Ежелгі Египеттің жазуы, жазу материалы, ғылыми білімдері, мектебі, әлемнің жеті кереметінің бірі пирамидалар туралы , діні туралы және олардың жазбаларын біледі.
Түсінеді: Зерттеушілік әңгіме жүргізілуі кезінде оқушылардың ақылға қонымды мәлімет ұсынуы, топтағы оқушылардың бір-бірі толықтыруы, келісімге жетуге тырысуды түсінеді.
Қолданады: Мысыр елінің билеушісі болған Бейбарыс сұлтан туралы біле отырып, Египеттің Қазақстанмен мәдени байланысын бүгінгі өмірмен байланыстырады.
|
Египет туралы үй тапсырмасы бойынша тест сұрақтарына топпен ақылдасып жауап береді. (осы уақытқа дейінгі естіген-білгендерін айтады)
диалог әңгіменің
зерттеушілік түрін топпен жүзеге асыру.
Шағын топпен жұптық әңгіме ұйымдастыру(сыни тұрғыдан ойлау)
Жеке оқушылардың пікірлерін тыңдау (дарынды )
|
Тақырып туралы бұрынғы білетіндерін еске түсіріп, ауызша айтады, ментальды карта арқылы көрсетеді..
Формативті бағалау
Өзін-өзі бағалау парағы, бірін – бірі бағалау.
|
Таратпа материалдар беру, сол арқылы тапсырмалар орындағанда барлық оқушылар қамтылады және топтық тапсырмалар орындау кезінде де бос отыратын оқушылар болмайды.
Миға шабуыл сұрағы кезінде дарынды оқушылардың өздерінің білімдерін көрсетуіне мүмкіндік туады
Зерттеушілік әңгіме жүргізілуі кезінде де дарынды оқушылардың белсенділігі толығымен көрінеді.
|
*Оқушыларды үнемі назарда ұстау және олардың әрқайсысының тапсырмаларды орындауда қалыс қалмауын бақылау арқылы
*оқушылардың өзін-өзі бағалау парағын негізінде
*Сұрақтарды толықтыруға қатыстыру, сұрау негізінде.
|