Сабақ жоспары «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі А. Азмағанбетова



Дата24.04.2017
өлшемі47,72 Kb.
#15073
Қысқа мерзімдік сабақ жоспары

«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі А.Азмағанбетова

23 қараша 2015ж




23.11.2015ж

Қазақстан тарихы

6 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:

Андрон мәдениеті.Қазақстандағы андронов мәдениетінің қоныстары

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дөуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру.
• Дамытушылық: Қола дәуірінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде, кола туралы түсініктері мен оның басқа металдардан артыкшылығы пен ерекшелігін ашып көрсете білу, картаның көмегімен қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын аныктай білу кабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: Адамзат дамуындағы ұлы жетістіктердің еңбектің аркасында келгендігін айта отырып, оқушыларды еңбекті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Қазақ жерінің тарихы адамзат тарихының құрамдас бөлігі екенін үғыну.

Күтілетін нәтиже

Қола дәуірінің ерекшеліктері,Андрон мәдениеті туралы білімдері толығады.

Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді.

Бірлесе жұмыс жасау арқылы өзара сыйластық, ынтымақтастық ахуалы қалыптасады.


Сілтеме

6 сынып Қазақстан тарихы оқулығы

Сабақта қолданылатын материалдар

Оқулық, кесте,карта

Оқыту әдістері

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс






Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

I.Ұйымдастыру кезеңі

3 минут


Оқушылармен амандасу,түгендеу.

Топқа бөлу.Түрлі-түсті фигуралар арқылы төрт топқа бөлу.\Мыс,қалайы,қола,тас\ Оқушылармен ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында «Мен саған тілеймін...» психологиялық сәті ұйымдастырылады.

Топ басшысы сайланып,бағалау бетшесі беріледі.


Амандасады.Топтарға бөлінеді де, орындарына отырады.

Әр оқушы өз тілегін айтады.



II.Тірек білімдерін жетілдіру

10 минут


Оқушылардың тірек білімдерін тексеру мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылады.

1.Қазақстан жеріндегі қола дәуірі қай мерзімдерді қамтиды?

2.Қола табиғатта таза күйінде кездесе ме?

3.Қола нелердің қоспасы?

4.Мыс пен қоланы салыстыр.


Қоладан жасалған еңбек құралдарын ата.

Мыс кенін қай жерлерде өндірген?
Қалайы қай жерден шығарылған?

Қазақстан жерінде ең жақсы зерттелген аймақ?

Осы орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірі неше кезеңге бөлінді.Оларды ата?


Оқушылар сұраққа жеке-жеке жауап береді.

-Б.з.б. 2 мыңыншы жылдық –б.з.б. 1 мыңыншы жылдық аралығын;

-жоқ;

-мыс пен қалайының;



-Мысқа қарағанда қола қатты,балқу температурасы төмен,түсі алтын сияқты әдемі;

-Балта,пышақ,қанжар,

шаппашот,жебе мен найзаның ұштары,қайла,орақ,әшекейлер.

-Жезқазған,Риддер,Қаршыға,

Жылтыр,Күшікбай.

-Нарым мен Қалба кен орны.

-Орталық Қазақстан.

-3 кезеңге.Ерте қола \Нұра кезеңі\-б.з.б.18-16ғ.

Орта қола \Атасу кезеңі\-б.з.б.16-12ғ.

Кейінгі қола \Беғазы-Дәндібай\-б.з.б.12-8ғ.



III.Ой қозғау

5 минут


Еуразия даласындағы қола дәуірінің ескерткіштері Сібірдегі Ачинск қаласының жанында орналасқан Андроново селосының маңынан табылған.Сол селоның атына қарай қола мәдениет осылай аталады.Бүнігі тақырыбымыз не болмақ?

Мұқият тыңдайды,өз білгендерін толықтырып айтады.
«Андрон мәдениеті»

IV.Тапсырма 15минут

Параграфтың 4 тақырыпшасын төрт топқа бөліп береді:

1топ-Андрон мәдениеті туралы мәлімет.

2топ-Андрондықтардың қонысы,кәсібі мен тұрмысы.

3 топ-Андрондықтардың баспаналары.

4 топ- Андрон мәдениетінің таралу аймағы.Алакөл мәдениетінің таралу аймағы.


Берілген тақырыпшалар бойынша мәтінмен танысады,кестені толтырады.

V.Сергіту сәті

2 минут


Қимыл жаттығуларын орындайды

Оқушылар серігіп қалады.

VI.Қорытынды

5 минут


 Андрондықтар шаруашылықтың қандай түрімен айналысқан?

Қола дәуірінің қоныстары қандай жерлерде орналасты?

Қола дәуірінде ыдыс жасаудың қай түрі ерекше өрістеді?


Сұрақтарға жауап береді.

VII.

Бағалау


2 минут

Кері байланыс

3 минут


Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.
Кері байланыс «Маған сабақ ұнады, себебі...»

Топ басшысы топ жұмысына баға береді.

Пікірлерін ауызша айтады.



VIII. Үй тапсырмасы


Параграфты оқып, соңындағы сұрак-тапсырмалар бойынша дайындалып келу. Қола дәуірінің еңбек кұралдарының суретін өздерінің ойынша салып келіп, әңгімелеп айтып беру.

Үй тапсырмасын орындайды


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет