Сабақ жоспары Білім беру саласы: Шығармашылық



Дата25.08.2017
өлшемі17,85 Kb.
#27663
түріСабақ
Сабақ жоспары

Білім беру саласы:Шығармашылық.

Бөлімі:Сурет салу.

Тақырыбы:Саңырауқұлақтар.

Мақсаты:Саңырауқұлақтар туралы түсініктерін қалыптастыру,сопақша және жартылай дөңгелек пішіндерден тұратын бейненің суретін салуға дағдыландыру.Эстетикалық талғамын дамыту.Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:демонстрациялық материялдар.

Қажетті құрал-жабдықтар:қалқалам,бояулар,сүрткіштер.

Педагог балаларды шаттық шеңберін жасау үшін ортаға шақырады.Шаттық шеңбердінде тұрып, барлағы бірге өлең жолдарын айтады:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Құлпырады даламыз.

Педагог жұмбақтар жасырады.

Тіреумен тіреп ақырын,

Көтеріп тұр шатырын.

Ол не?


Саңырауқұлақтар жайлы иллюстрациялық суреттерді көрсетіп,ормандағы саңырауқұлақтардың түрлерінмен таныстырады.

Сөздік жұмысын жүргізеді.

Суретті көріп болғаннан кейін сергіту сәтін жасайды.

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Табиғатты сүйеміз.

Денемізді тік ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

Педагог балаларға саңырауқұлақтың суретін салу тәсілін көрсетіп,қалай салу керектігін түсіндіреді.Қылқаламмен бояу тәсілін қайталатады.Балаларға сурет салу,бояу жұмысын орындайтын үлестірмелі материал таратып береді.Балалар алдымен үзік сызықтарды қарындашпен бастырып алады. Содан соң суретті қылқаламмен біркелкі етіп бояйды.Педагог сурет салғанда бояуды сыртына шығармай,біркелкі бояу керектігінестеріне салады.

Сурет салып болғаннан кейін барлығы бірге тыныс алу жаттығуларын жасайды.

Балалардан ненің суретін салғандарын,қандай түспен боялғандарын сұрайды.Барлықтарын әдемі сурет салғандары үшін мадақтайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:саңырауқұлақтардың қайда өсетінін.

Игерді:саңырауқұлақтардың жеуге болатын және болмайтын түрлері бар екендігін.



Меңгерді:жартылай дөңгелек және сопақша пішіндер арқылы сакңырауқұлақ салуды және бояуды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет