Сабақ жоспары Бөлім 11. 2D тқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары



бет1/3
Дата28.11.2023
өлшемі32,31 Kb.
#193807
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
1 mszh-adam-genomy-zhobasy


Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Бөлім 11.2D Тқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

«Адам геномы» жобасы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар орындай алады:
11.2.4.3 - «Адам геномы» жобасының маңызын талқылау

Сабақ мақсаты

Оқушылар:
«Адам геномы» жобасының маңызын талқылайды

Бағалау критерийлері

Оқушылар орындай алады:

  • алдымен өз зерттеулерінің шешуші кезеңдерін атап көрсету;

  • «Адам геномы» жобасының мәні туралы баяндама дайындау;

(оқылым және жазылым дағдылары )
Бағалау критерийлері:

  • алдымен өз зерттеулерінің шешуші кезеңдерін атап көрсетеді;

  • «Адам геномы» жобасының мәні туралы баяндама дайындайды;

(оқылым және жазылым дағдылары )

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: келесі терминдерге анықтама бере алады: «адам геномы» жобасы, генді түсіндіру, евгеника, ДНҚ, салдары, нуклеотид жұбы, зерттеу, технология.
Пәндік лексика мен терминология:
«адам геномы» жобасы, ген, евгеника, ДНҚ
Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы
«Адам геномы» жобасының мақсаты - ...
Адам геномын зерттеуде түсіндіру ...

Құндылықтарды дарыту



Бұл сабақ оқушылардың бойында келесі құндылықтарды академиялық адалдығын, жауапкершлігі мен көшбасшылығын, ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталады.

Пәнаралық байланыстар

Медицина: мутациялардың салдары.
Химия: нуклеотидтер, байланыстар

Алдыңғы білімдер:

Молекулалық биология: 10 сынып (ДНҚ құрамы)



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
0- 5 минут



Сәлемдесу. Миға шабуыл.
Сыныппен жұмыс: Оқушыларға мәселелі сұрақтар қоя отырып, миға шабуыл жасау.

  • Адам геномын оқу мүмкіндігі болса?

  • Егер иә, онда ...

  • Егер жоқ, онда ...

Оқушылар өз көзқарастарына дәлелдемелер мен аргументтер келтіруі тиіс.



АГЖ генетикаға, геномдарға және жалпы геномика ғылымға әсері; әртүрлі көзқарастар:
http://genome.wellcome.ac.uk/doc_WTX060064.html



Сабақтың ортасы

6-15 минут

16-20 минут

21-32 минут





Мағынаны тану:
«Адам геномы» жобасына өз үлестерін қосқан ғалымдар туралы ақпаратқа сүйене отырып, оқушыларды ғалымдардың атауын бере отырып 4 топқа бөлу:

  • Д. Уотсон еңбектері

  • Ф. Коллинз еңбектері

  • К. Вентер еңбектері

  • П. Хонг еңбектері

Бағалау критерийлері:

  • Ғалымдардың жасаған зерттемелеріне дерек келтіреді;

  • Ғалымдардың жасаған зерттемелері «Адам геномы» жобасының дамуына әсер ететініне нақты деректер келтіреді.

Талқыланатын тақырыптар:
Шығу тарихы

  • Халықаралық ынтымақтастық

  • Бюджет

  • Әдістер

  • Зерттеу жұмысына қатысқан адамдар (код арқылы шифрланған гендер кімдікі)

  • Нәтижелері (қандай гендер шифрланған және олар неге жауап береді)

  • Аталған жобада қандай ағзаның гені шифрланған

  • Аталған жобаның маңызы (эволюциялық оқу, қауіпті ауруларды емдеу)

  • Медицинада қолданылуы

  • Сүрақтар мен жауаптер (генетикалық паспорт (құпиялылық), евгеника, түрлердің шығу тегі , генетикалық материалды жөндеу (адам генімен жасанды мәжбірлеу/манипуляция ),

  • Адамның тұқымқуалаушылық ауруларына диагностикалық тест жасау , трансгенозды бойынша эксперименттер).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет