Сабақ жоспары Бөлімнің атауы: Мәдениет: тіл және қарым-қатынас



Дата10.06.2020
өлшемі89 Kb.
#72838
түріСабақ
Байланысты:
sabaq-kz attachment tl-arym-atynas-raly


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлімнің атауы: Мәдениет: тіл және қарым-қатынас


Мектеп: «№48 ЖОББМ» КММ


Күні: 28.06.2017 жыл

Мұғалімнің аты-жөні:Абдрахманова Г.Д


Сынып: 5 Пәні: қазақ тілі


Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы


Тіл- қарым-қатынас құралы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/А3 Мәтіннен ақпаратты анықтау.

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.




Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді; Негізгі және қосымша ақпараттарды ажырата алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін мазмұнын толық түсінеді. Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды

Кейбір оқушылар орындай алады: Өз ойын толық білдіре алады,дәлелдейді.

Бағалау критерийі



  • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;

  • Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

  • Мақалды толықтырады,дұрыс орындалуын тексереді.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: аудармашы,басшы, шапан, қазақ, сурет, әкімшілік


Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

сөйлеу арқылы, күнделікті өмір, кеңес беру, басты құрал



Құндылықтарға баулу

  • ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау

  • топтық,жұптық жұмыстар орындау кезнде өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;

  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

  • азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рух -сабақ мәнмәтінінде көтерілген мәселеге, «Жат жерде» тақырыбында сезімдерін, тілге деген құрметтерін арттыру




Пәнаралық байланыс

Әдебиет,тарих

АКТ –ны қолдану дағдылары

Таныстырылым

Алдыңғы білім

Бастауыш сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

2 мин

5-8 мин


Қызығушылықты ояту.

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. (Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, сағат тілімен жылжи отырып,көршісінің өзіне ұнаған бір қасиетін айтқызу,яғни қандай тақырыпқа шығуымыз мүмкін? Оқушылар болжайды. "Болжау" әдісі



С.Тыңдалым алдындағы тапсырма. Оқушыларға бірнеше сұрақ жазылған парақша ұсынып, сол парақшадағы сұрақтар бойынша топқа бөлу. Соның төңірегінде оқушылардың ойлау және сөйлеу мәдениеті негіздері анықталады:

Берілген сұрақтарды жұпта отырып талқылайды. Жауап бергенде бірінің жауабын бірі толықтырып кетеді.

Мұғалім жетекші сұрақтар арқылы жетелеп отырады.

1.Оқушылар «Мәдениет» сөзін қалай түсінесіңдер?

2.Жалпы «Сөйлеу» кімдерге тән қасиет?

3.Қалай ойлайсыздар? Ауызекі сөйлеу және жазба тілді бір-бірінен қалай ажыратамыз?

4.Тілдің маңыздылығы?

Алған сұрақтарына жауап қайтарады.

(Балалар өз ойын жеткізіп айтуда олардың ойлау және сөйлеу мәдениетінің қаншалықты деңгейде екенін аңғаруға болады. Оларға мұғалім жетекші сұрақты қою арқылы ойларын еркін жеткізуге көмектесіп отырады.)

Бағалау.

Өз ойын айтуда қысылмай еркін әрі әдемі жеткізуге тырысқан оқушыға мұғалім «Керемет!», ал өзінің пікірін барынша жеткізгендерге «Жарайсың!» деп жазылған қағаздармен марапат жасайды. Оқушылар қол соғып жігерлендіреді.

Оқушылар өздері орындаған тапсырмадан нені аңғарғанын байқап, яғни бүгінгі сабақтың тақырыбын өздері ашады.

Мұғалім оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында сұрақтар қояды.






Сабақтың ортасы

2 мин

15 мин


15 мин

Мағынаны тану.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Мәтіндегі негізгі ақпарат – мәтіннің негізгі идеясы, негізгі фактілері екенін ескере біл.

Мәтіндегі қосымша ақпарат мәтінге қосымша берілген иллюстрациялар, кестелермен қатар, негізгі ойды қолдауға бағытталған цитаталар (дәйектемелер), ойды дәлелдеуге негіздейтін мысалдар жатады. Мұндай ақпараттар мысалы, себебі, көбіне т.б. деген сияқты сөздермен көрсетіледі

Т


  • Мәтінді аудиотаспадан тыңдап, ақпараттарды естеріне сақтайды. «Жат жерде»

  • Тыңдалым бойынша тапсырма.

Жұптық жұмыс.

1. Тыңдалым мәтіні не туралы екен?

2. Мәтіннен өзіңе ұнаған тұсын жұбымен ақылдаса отырып, дәптерлеріне жазады.

3. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды тауып,кестеге толтырады.

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат










Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

ЖЖ. Әр жұп тапқан ақпараттарды ажыратып жазып, тақтаға жапсырады. Қағаз қиындыларын белгілі бір бейнеде орналастыруға болады. Мысалы: жүрек, тіл эмблемасы т.б.

Оқушылар аралап оқып, негізгі ақпаратты қосымшадан ажыратады.




Бағалау критерийі

Егер оқушы тапсырмаларды толық орындаса ....... .... жетті

1

Мәтін мазмұнын толық түсіне білді.




2

Мәтіннен негізгі, ақпараттарды таба алады.




3

Мәтіннен қосымша ақпараттарды таба алады.




  • Оқушылардың жауаптары дескриптормен бағаланады.

Мұғалім оқушылардың келтірген дәлелдерін нақтылай отырып, өз ойымен қорытындылап, сабақты бекітеді.
Оқушылар кері байланыс береді:

  • Бүгінгі сабақта жұптар белсенді әрекеттер жасады.

  • Мәтіннен ақпараттарды нақты таба алды.

  • Оқушылар жауаптары ұнады, әйтседе ойын әдемі сөзбен жеткізсе деймін.


Ж.

Екінші тапсырма.

Мақалдың құрылымына, дұрыс құрылғанын,дұрыс аяқталғанына мән беру керек .

«Аялдама әдісі» бойынша орындайды.

Бірнеше мақал сөздердің алдыңғы бөлігі слайдтан көрінеді.Оқып шығып соңын жалғастыру керек. Тапсырманы орындағанда оқушының шапшаңдығы бағаланады.



Бабам тілі – дана тіл. Өнер алды – қызыл тіл. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құметте!

Тіл мәртебесі – ел мәртебесі. Ана тілің арың бұл!

Тілі өлген ел – тірі өлген ел.

Бір-біріне түсіндіреді.



Саралау тапсырмасы.

Қабілетті оқушы бір мақалдың өз түсінгені бойынша суретін салады.



ҚБ. Бас бармақпен бағалау


Қазақ тілі

5 сынып

Алматы «Атамұра»2017

Аудиотаспа,

Видеотаспа

Маркер,қалам

Сабақтың

соңы

3 мин



Рефлексия:Күн-бәрі түсінікті болды.

Жартылай бұлт- аз жауап бердім.



Бұлт-ойланып қалған тұсым көп болды.
Кері байланыс: екі жұлдыз, бір тілек


Үйге тапсырма:





Қосымша мәлімет

Дифференциация – қалай жүзеге асырылды.

Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Берілген мәтіннен тірек сөздерді табуға ықпал ету.

........................................

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз? Мақал-мәтел негізінде сурет салады.


Бағалау.

Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Басбармақ, екі жұлдыз,бір тілек арқылы бағалау.





Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау;
Жайлы атмосфера қалыптастыру

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін қолданыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет