Ақтөбе облысы
Әйтеке би ауданы
Сарат орта мектебінің І санатты физика пәнінің мұғалімі
Орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақ жоспары
Физика 9. ОМЖ
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
|
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмыстары
|
Оқып-үйренудің нәтижесі
|
Үйрену мақсатындағы бағаны қоса алғандағы бағалау
|
Негізгі дерек-көздер
|
Жалпы мақсаты: тізбектелген сабақтар топтамасында оқушылар жасанды жер серіктері, дененің салмағы, салмақсыздық туралы білімдері калыптасып, формулаларды есептер шығаруда қолдануды қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
|
1
|
Реактивті қозғалыс. (К.Э. цилковскийдің ғылыми еңбектерінің маңызы. Зымыран. Ғарыш саласының қазіргі жетістігі)
|
Бірлесе отырып тақырыпты талдау, реавтивті қозғалыс ұғымының мәнін ашу, тақырыпты жетік түсіну.
өзіндік көзқарасын, ұстанымын қалыптастыру, сыни ойлауға дағдыландыру
|
Психологиялық тренинг «Дәстүрлі емес сәлем»
Ұжымдық жұмыс «Қарлы кесек» әдісі
Топқа бөлу «Молекула»
ББҮ
«Дөңгелек үстел»әдісі
Топтық таныстырылым «Маршруттық карта»
Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырма»
Кері байланыс
|
Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады
Есте сақтау қабілеті қалыптасады
Кесте толтыру.Тақырыпты өз бетінше меңгереді
Таныстырылым қорғайды, есеп шығару дағдысы қалыптасады.
ББҮ
|
Үш шапалақ
смайликтер
Үш шапалақ
|
оқулық, смайликтер, слайд, деңгейлік тапсырма
|
Сыныбы: 9
Пәні:физика
Сабақтың аты
|
§21Реактивті қозғалыс. (К.Э. цилковскийдің ғылыми еңбектерінің маңызы. Зымыран. Ғарыш саласының қазіргі жетістігі)
|
Сілтеме
|
Жоспар
|
Жалпы мақсаты
|
Бірлесе отырып тақырыпты талдау, реавтивті қозғалыс ұғымының мәнін ашу, тақырыпты жетік түсіну.
өзіндік көзқарасын, ұстанымын қалыптастыру, сыни ойлауға дағдыландыру
|
Күтілетін нәтиже
|
Бірлесе отырып тақырыпты талдайды, реавтивті қозғалыс ұғымының мәнін ашып, тақырыпты жетік түсінеді.
|
Негізгі идеялар
|
Реактивті қозғалыс импульстің сақталу заңының техникада табысты қолданылуына жарқын мысал бола алады. Дененің бір бөлігі одан да қандай да бір жылдамдықпен бөлінген кездегі қозғалысын осылай деп атайды.
Реактивтік қозғалыс принципі бойынша: сегізаяқ, кальмар, теңізқұрт, медуза сияқты теңіз жәндіктері қозғалады. Бүгінгі күні реактивті қозғалыс принципін пайдалану адамның бір кездегі арманы мен қиялы болған тылсым Әлеммен тілдесе бастауына әкеледі.
Адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы үшін асқан кемеңгерлік, аса ыждағатты есеп, өте күрделі техника және асқан ерлік қажет. Соның бәрі де қазіргі кезде жүзеге асты.
Қарапайым зымыран жану камерасы бар отын толтырылған қабықтан тұрады. Отынның жануы кезінде жоғары температураға дейін қызған жоғары қысымдағы газ сопло деп аталатын ерекше пішіні бар камерадан үлкен жылдамдықпен (4км/с-қа дейінгі) атқылап шығады. Есептеуді жеңілдету үшін қабықша ішіндегі отын түгел жанады да, жану өнімдері импульс алады деп есептейік, мұндағы -атқылап шығатын газ жылдамдығы, Газ бен зымыранның өзара әрекеттесуі кезіндегі күштер сыртқы күштермен салыстырғанда өте үлкен болғандықтан, «зымыран-газ» жүйесін тұйық жүйе деп есептеуге болады.
Мәре алдындағы зымыранның сыртқы қабығымен және отынымен қоса есептегендегі массасы М болсын. Онда газ сыртқа атқылап шыққаннан кейін де денелер жүйесінің қорытқы импульсі өзгермейді. Онда массасы М- болатын зымыран қабығы модулі бойынша тең, бірақ газ импульсі бағытына қарама-қарсы бағытталған (М-) импульс алады, мұндағы
зымыран қабығының жылдамдығы. Онда (М-) болады. Ал бұдан
Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.
|
Негізгі дерек-көздер
|
оқулық, смайликтер, слайд, деңгейлік тапсырма
|
Тапсырмалар
|
Ұжымдық жұмыс «Қарлы кесек»
|
Тапсырмалар
|
Жаңа материалмен танысу «Дөңгелек үстел» әдісі
|
Тапсырмалар
|
Топтық таныстырылым «Маршруттық карта»
|
Тапсырмалар
|
Жеке жұмыс «Деңгейлік тасырмалар»
|
Тапсырмалар
|
Кері байланыс «ББҮ»
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларына дәстүрлі емес сәлем тренингі арқылы жағымды ахуал туғызу
3.Түгелдеу
4.Топқа бөлу (Молекула тренингі арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Ұжымдық жұмыс. «Қарлы кесек»
Үй тапсырмасын сұрау
Оқушыларға сұрақтар қойылады.
Дене импульсі дегеніміз не?
Күш импульсі дегеніміз не?
Дене импульсінің өзгеруі қандай шамаға байланысты?
Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтамыз?
Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар
Денелердің соқтығысуы кезінде импульстің сақталу заңы қалай көрініс табады?
ІІІ. Талқылау үшін суреттер беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |