Сабақ жоспары: Фольклортану ғылымы туралы зерттеулер 2



Pdf көрінісі
бет27/29
Дата10.12.2021
өлшемі376,28 Kb.
#78916
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
ЛЕК 2

   Ақындар айтысы. 

Айтыс ӛлеңдерінің ішінде ең кӛлемдісі, тақырыбы мен 

мазмұны жағынан күрделісі, кӛркемдік жағынан әдемілері-ақындар айтысы. 

    Қазақтың  айтыс  ӛлеңдерін  зерттеген  әдебиетші-  ғалымдардың  айтуына 

қарағанда,  шын  мәніндегі  үлкен  айтыс,  яғни  ақындар  айтысы  мӛлшермен 

алғанда он тоғызыншы ғасырда туған. 

  Әрине,ақындар  айтысында  екі  ауыз  сӛздің  басын  ұйқастырып  ӛлең 

шығарушылардың  барлығы  бірдей  қатысқан  емес.Ақындар  айтысына 

ақындық беті ашылған, біраз даярлықтар жасап келген, ысылған адмдар ғана 

араласқан.Бұл жӛнінде Сәбит Мұқанов «Айтыс және ақын» дейтін еңбегінде, 

Жамбыл  шығармаларының  толық  жинағына  жазған  кіріспесінде,  М.Әуезов 

«айтыс  ӛлеңдері»  және  «Жамбылдың    айтыстағы  ӛнері»  туралы  жазған 

зертеулерінде,  Есмағамбет  Исмайлов  «Ақындар»  атты  монографиясында 

ғылым үшін мәні бар бірнеше дәлелдер келтіреді.  

1920-1930 жылдары қазақ фольклортану ғылымында қолға алынған басты 

мәселелердің бірі- оқулық пен хрестоматия жазу болды. Мұндай игілікті істі 

бастаған, қазақ халық ауыз әдебиетінің  тарихын алғашқылардың бірі болып 

оқулық    кӛлемінде  сипаттауды  мақсат  еткен    А.Байтұрсынов,  М.  Әуезов,             

С.  Сейфуллиндер  еді.  Қазақ  әдебиеті  тарихын,  оның  ішінде  халық  ауыз 

әдебиеті, тарихын оқулық кӛлемінде  баяндауды мақсат еткенін С.Сейфуллин 

алдымен  1929  жылы  «Еңбекші  қазақ»  газетінде        ашық  хат  арқылы 

хабарласа, ал 1932 жылы қазақ әдебиеті тарихына арналған «Билер дәуірінің 

әдебиеті» деген атпен кітабын жарыққа шығарды. 

Ғалым  А.Байтұрсыновтың  «Әдебиет  танытқыш»  оқулығы  (Қызылорда- 

Ташкент,  1926)  негізінен  алғанда,  қазақ  әдебиеті  қисынына  арналғанымен,  

онда сонымен бірге қазақ фольклортану ғылымына т.б. қатысты материалдар 

мол  қамтылуымен  де  ерекшеленеді.  Бұл  кітап  мәні  хақында  белгілі 

ғалымдарымыз: 

З.Ахметов, 

С.Қирабаев, 

З.Қабдолов, 

Ш.Сәтбаева, 

Р.Нұрғалиев,  Ш.Ыбыраев,  Б.Абылқасымов  т.б.  сараптаулары  жарияланғаны 

белгілі  [4].  Бұл  дәйектемелерде,  кӛбінесе  еңбектің  сӛз  ӛнері  болмысын, 

бітімін жүйелі саралаған тұңғыш теориялық оқулық ретіндегі маңыздылығы, 

әдебиет  теориясына  қатысты  терминдік  атаулар  рӛлі  туралы  т.б.   мәселелер 

кӛтеріліп,  ал  фольклортануға  қатыстылары:  эпостану,  ғұрып  фольклоры 

тұрғысынан  т.б.  зерделеу  жағы  сӛз  болғаны  да  мәлім.  Расында,  жоғарыда 




аталған  зерттеушілер  орынды  атап  кӛрсеткендей,  еңбектің,  әсіресе,  кӛрнек 

ӛнері  тараулары  саласында  қазақтың  ұлттық  әдебиеттануының  ғылыми 

негізі,  методологиялық  арналары,  басты-басты  категориялары  мен 

терминдері түп-түгел осы кітапта қарастырылған. 

Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты оқулық кітабы  ӛзінің 

құрылымдық  ерекшелігіне  қарай,  негізінен,    жоғары  оқу  орындарына 

арналған  [4; 412 ].  Оқулық ішіндегі 15 тараудың «Ауыз әдебиеті» атты  бір 

тарауы ғана  фольклорға арналған [4, 232-261.]. Фольклорға А. Байтұрсынов: 

«Жазу-сызу,  ӛнер-ғылым  жоқ  анайы  халықтарда  жазба  шығарма  болмайды. 

Ондай халықтардың асыл сӛздері  анайы тілмен айтылған ауыз шығармалар 

болады.  Сондықтан ондай асыл сӛздер ауыз әдебиет, яки анайы әдебиет деп 

аталады»,- деген дұрыс анықтама береді [4, 231 б.]. Демек автор фольклорды 

ауызша айтылған шығармалар деп қабылдаған. 

Ахмет  Байтұрсыновтың  «Әдебиет  танытқыш»  еңбегі  тұтастай  ӛзара 

дербестенген  15  тараудан  тұрады:  «Арнау»,  «Кӛрнек  ӛнерінің  тараулары», 

«Сӛз  ӛнері»,  «Шығарма  сӛз»,  «Мазмұн  түрлері»,  «Сӛз  ӛнерінің  ғылымы», 

«Тіл қисыны», «Сӛз талғау», «Тіл әуезділігі», «Ӛлең шығару», «Қара сӛз бен 

дарынды  сӛз  жүйесі»,  «Қара  сӛз»,  «Дарынды  сӛз»,  «Жазу  әдебиеті»  мен 

«Ауыз әдебиеті».  

Әйтсе  де  А.Байтұрсыновтың  фольклортанушылық  еңбегі-  ӛзі  аты  айтып 

тұрғандай  «Ауыз  әдебиеті»  тарауында  неғұрлым  кӛп  сарапталынады  десек 

те, басқа да тараулардағы мысал ретінде келтірілген фольклорлық үлгілерді 

т.б.  назардан  тыс  қалдырмау  керектігіне  назар  аудартқымыз  келеді. 

А.Байтұрсыновтың осы кітаптағы  фольклористік  қызметі  «ауыз  әдебиетіне» 

(қазақ  фольклорына)  қатысты  кӛтерген  күрделі  де,  түрлі  де  т.б.    ғылыми 

сараптауларының  мәні,  оның  фольклор  үлгілерін  қолдану,  оларды  жүйелеу, 

жіктеу ерекшеліктерін т.б. дәйектеуі ескерілуі қажет.  

Зерттеуші    кӛрнек  ӛнерінің  тараулары  ретінде    ӛнер  атаулыны  іштей 

беске бӛледі: сәулет ӛнері,  сымбат ӛнері, кескін ӛнері, әуез ӛнері,  сӛз ӛнері. 

Міне, осы орайда: «Ӛнердің ең алды- сӛз ӛнері» деп саналады. «Ӛнер алды- 

қызыл  тіл»-  деген  қазақ  мәтелі  бар.    Мұны  қазақ  сӛз  баққан,  сӛз  күйттеген 

халық болып, сӛз қадірін білгендіктен айтқан»,- деп түйген пікірінен [4,138 .], 

біз  ғалымның  мақалды  (фольклорды)- дайын дәлел, үгіт, мәтін  кӛзі ретінде, 

филологиялық  тұрғыда,  сӛздің  құдіретін,  сырын  ӛнер  саласында  сараптау 

құралы үлгісінде танытуын кӛреміз.  

Ахмет Байтұрсынов фольклорды сӛз ӛнері деп біледі. Сондықтан ол  сӛз 

ӛнері  адам    санасының  кӛрінісі  болып    табылатын  ақыл,  қиял,  кӛңіл 

ұғымдарымен    байланысты  дейді  де,  соның  бәрі  тіл  арқылы  іске  асатынын, 

сол себепті  фольклор тілі де ӛзіндік сипатқа ие екенін айтады. Фольклорды 

да әдеби  де шығарма дей отырып, оның тақырыбы, жоспары, мазмұны, түрі 

болатынына назар аудартады [4, 142 .].  

Ғалым  ел  арасында  ауызша  айтылған:  «...Атымтай  жомарт,  Жиренге 

шешен, Қаз дауысты Қазыбек...», деген  [4, 155-156 б.], тарихи фольклорлық 

есім-  аттарды  белгілі  бір  теориялық  ұғымдарды  (кӛріктеуді-  эпитетті), 

пікірлерді айқындау, дәлелдеу үшін  де  қолданған. 



Ғалым  теңеуді  аңдату  үшін  дайын  мәтін  кӛзі  есебінде  «Ер  Тарғынның 

астындағы  аты-  тарланына  айтқан  сӛзінен»  30  жолдық  жыр  үзінділерін 

келтірген  [4,  156-157  б.].  Сонымен  бірге  бейнелеу,  алмастыру,  кейіптеу, 

әсірелеу,  мегзеу,  әсерлеу  (арнау,  қайталау,  шендестіру,  дамыту,  түйдектеу, 

бүкпелеу,  кекесіндеу)  т.б.    тәрізді  кӛркем  сӛздерді  аңдату  мақсатында 

фольклор  үлгілерінен    мақал-  мәтелдер,  «Ер  Тарғын»    жыры,  «Қобыланды 

батыр»  жыры,  «Ер  Сайын  жыры»  т.б.  тәрізді  халықтық  шығармалардан  да 

үзінді  келтіріп  отырған    [4,  158-177  б.].  Бұл  А.Байтұрсыновтың  әдебиет 

қисынына қатысты тұңғыш ғылыми  оқулық жазуда болсын т.б.- бәрінде де  

ұлттық  сипат  рӛлін  ескеріп,    оның  жалғыз  бастауы    тӛл  әдебиетіміз  болып 

табылатынын  дұрыс ажыратқан. 

Жалпы жоғарыдағы кӛркем сӛзге арналған бӛлімдерде белгілі бір әдебиет 

қисынына  қатысты  қағиданы  келтіргенде,  оған  дайын  дерек,  дәлел,    мәтін 

кӛзі  есебінде  А.Байтұрсыновтың  фольклорды  қолдануы  кӛңіл  бӛлерлік. 

А.Байтұрсынов  фольклорды  тек  мәтін  ретінде  ғана  қолданбаған,  әр 

фольклорлық  мәтінді  ӛзінің  тұжырымына,  анықтамасына  мысал  ретінде 

алған. 

Мұның 


бәрі 

фольклортанушы 

А.Байтұрсыновтың 

халық 


шығармаларын  әдебиет  теориясына,  тарихына  қатысты  қолданып,  ондағы 

теориялық  ұғымдар  негізі  халықтікі  дегенге  т.б.  назар  аудартқанын 

дәлелдейді.  Тіл  әуезділігі  тарауына  қатысты  ғалым  еңбегінде  әуезділіктің 

жалпы  шарттарын,  сӛздің  дыбыстары  құлаққа  жағымды-жағымсыз  болып 

құралуын  т.б.  тілдік  тұрғыдан  сараптауы  барысында  фольклордан:  мақал-

мәтелдерді, «Қобыланды батыр», «Ер  Тарғын», «Ер Сайын» т.б. жырлардан 

алынған  үзінділерді  т.б.  келтірген  [4,  177-186  б.].  Сонымен  қатар  «ӛлеңді 

сӛйлемдер» бӛлімінде сӛздің  қара сӛз, әрі ӛлең түрінде жасалатынына кӛңіл 

бӛлгізе отырып, ғалым дәлел кӛзі ретінде «Жар-жар» мен «Беташарды» алған 

[4, 184-188 б.]. Сондай-ақ А.Байтұрсынов фольклорды - ӛлең шығару үшін ең 

қажетті  ырғақ  ұйқас,  екпін,  буын,  бунақ,  тармақ,  шумақ  т.б.  түрлерін 

ажырату  үшін  де  қолданған  [294,  188-208  б.].  Осы  арқылы  қазақ  әдебиеті 

тарихында  да,  қазақ  фольклортану  тарихында  да  ғылыми  оқулық  жазудың 

ұлттық  үлгісін  жасауда  осы  терминдерді  тапқан,  анықтама  берген  А. 

Байтұрсынов фольклорды қаншалықты пайдалану маңыздылығын, қажеттігін 

аңғартқан.    Мәселен,  кітапта    шежіре  туралы  сипаттама  бар:  «Шежіре 

ӛткеннен  дерек  беретін  сӛздің  түрі.  Шежіреде  уақиғадан  гӛрі  ӛткендердің 

түсі,  туысы  кӛп  айтылады.  Сондықтан  шежіре  уақиғаға  сарынымен  емес, 

уақыт,  туыс  сарынымен  айтылатын  әуезе  тобына  жатады.  Шежіре  болған 

уақиға  жайынан  сӛйлесе,  себебін,  мәнісін  айтпай,  тек  болғанын  айтады  да 

қояды»,- делінген [4, 213-214 б.]. Міне, мұнда   фольклордың аңыз жанрына 

жататын  шежіренің  ӛзіндік  ерекшеліктерін    ӛз  заман  тұрғысынан  жіктеп: 

ӛткеннен дерек беретін, уақиғадан гӛрі ӛткендердің туысы айтылатын, туыс 

сарынымен  айтылатын  әуезе  (әңгіме)  табиғатына  жататын,  уақиға  себебі 

айтылмай, тек болғандығы ғана баяндалатыны т.б. сарапталған.  

Зерттеуші  ретінде  Ахмет  Байтұрсынов  шешендік  сӛз  жанрына  да 

тоқталған.  Ахмет  Байтұрсынов  бұл  жанрды  «шешен  сӛз»  деп  атаған. 

Шешендік  сӛзді    айтушының  негізгі  мақсаты:  баяндау,  сипаттау,  түсіндіру 




емес,  керісінше,   ӛз  пікіріне нандыру,  сендіру,  ұйыту,  бұйыту,  илан  келтіру 

дегенді айтып, бұл жанрдың басты функциясын жақсы аңғарған. Ал, шешен 

сӛздің негізгі мақсатын: «... Адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын 

қыздыру,  намысын  келтіру,  арқасын  қоздыру»,-  деп  анықтаған  [4,  223  б.].   

Сондай-ақ  А.  Байтұрсынов    шешен  сӛздің  түрлерін    іштей  беске  бӛлген  де, 

әрқайсысының  не  себепті,    қай  кезде,  не  үшін  т.б.  айтылатынын,  ӛзіндік 

ерекшеліктерін сипаттаған. Мәселен, біріншісі- саясат шен сӛзі. Оны билер, 

шешендер    жиналған  елді  аузына  қаратып,  нандырып,  сендіріп,    мемлекет 

ісіне    қарар  шығарту  мақсатында  қолданады  дейді.    Демек,  бұл  жерде  А. 

Байтұрсынов   шешендік сӛздің қоғамдық функциясына мән берген. Екіншісі-  

билік шешен сӛзін шешендердің сотқа айыпкер адамдарды  ақтау, я қаралау  

мақсатпен  сӛйлеп,  сот  билігіне  әсер  ету  үшін  айтатыны  сӛз  болған.  Мұнда 

шешендік сӛздің әлеуметтік қызметі ескерілген. Үшіншісі-  қошемет шешен  

сӛзі. Оның  халық алдында біреудің еткен еңбегін,  ӛткізген қызметін айтып, 

қошаметтеу мақсатында келетіні діттелген. Тӛртіншісі-  білімір шешен сӛзі. 

Ол  білімділердің,  ғалымдардың  мазмұнды  сӛйлеген  сӛздері  дейді.  Соңғы 

бесіншісі- уағыз дейді. Оны дін жайынан сӛйлеген ғұламалар, молдалар сӛзі 

деп, тіпті, шешендер қатарына дін иелерін де жатқызғаны кӛрініп тұр [4, 233 

б.]. Демек қазақ фольклортану тарихында тұңғыш рет шешендік ӛнерді тану 

жолында  шешендік  сӛздерді  ғылыми  жүйеге  түсіріп,  ғылыми  сипаттамалар 

бере отырып, қоғамдағы атқаратын қызметтеріне орай  іштей ӛзінше жіктеуге 

түсіруі  т.б.–  бәрі  А.Байтұрсынұлының  зор    фольклоршылдық  еңбегін 

айғақтайды. 

Ал, халық ауыз әдебиетінің түрлері жазба әдебиеттегідей болмайтынына, 

іштей  айтылу  түріне  қарай  емес,  тұтыну  орнына  қарай  бӛлінеді  деген 

пікірлері  [4, 225 б.] т.б.- бәрі ғалымның фольклордың ӛзіндік ішкі жанрлық 

ерекшелігі  болатынын  дұрыс  саралағандығын танытады. 

Ал,  мына  бір  пікірлер:  «Жазу-сызу  жоқ  жұртта  кӛсе  сӛзді  (жазумен 

айтылатын сӛзді- Н.Ж.) шығармалар болмайды. Себебі жазу-сызу жоқ жұртта 

ӛнер-ғылым болмайды. Ғылым дегеніміз дүниені, яғни табиғатты дұрыс тану. 

Ғылым жоқ болса, дүниені  тану дұрыс болмайды. Дүниені дұрыс танымаған 

соң,  дүние турасындағы мағлұмат жиысатын сана-саңлауы дұрыс болмаған 

соң,  табиғаттың  күшін,  ісін,  қасиетін  бұрынғылар  теріс  танып,  теріс  әуезе 

қылған»,- деп,  [4, 225 б.]  А. Байтұрсынов  дұрыс айтады.  Бұл кӛне заманда  

жазба  әдебиет  жоқ  кездегі  жағдай.  Фольклор-  жазбаға  дейінгі  мәдениет.  

Одан  әрі:  «Сондықтан  бұрынғылардың  ертегі  сияқты,  жырлар  сияқты 

шығарған сӛздері біздерге шып-шылғи ӛтірік кӛрініп, біздің ақыл арнамызға 

жуыспайды.  Қай  халықтың  болса,  жазу-сызу  білмеген  заманы  болған. 

Сондықтан  ертегі  сияқты  ӛтірік  сӛздер  қай  халықта  болсын  бар

»

,-  деген 

пікірі    [4,  225  б.]  ғалым  А.  Байтұрсыновтың  фольклорға-  тарихи-

типологиялық зерттеу методологиясы тұрғысынан келгенін танытады. Демек 

ғалым  уақыт  пен  кеңістіктің  халық  санасына  әсерін,  шындық  пен  қиял 

арақатынасының  диалектикалық категория  тұрғысынан  қарастырылатынына  

т.б. дұрыс  назар аудартқан. 



Ахмет Байтұрсынов айтыс жанрына  да алғашқылардың бірі болып, бұл 

жанрдың  да  басты-басты  сипаттарын  айқындаған.  Мәселен,  ол  «айтыс» 

сӛзінде балуандар күресі тәрізді  адамдардың бірін-бірі аңдуы, бағуы, бірін-

бірі  жығу  үшін    істелетін  түрлі  әдіс-амалдар,  тәсілдер  шоғыры    бар  екені, 

олардың  бәрі ӛлеңмен ғана айтыс түрінде қолданылатынын дұрыс айтады [4, 

227  б.].  Айтыс    ӛлеңнің  тууы  үшін    ақындықпен  қатар  айтыскер  ақынның 

әдіс-тәсілі де болуы керектігіне де, түрлі нәрселер жайынан сӛз қозғай білуі 

де,    бірін-бірі  сӛзбен  тосуға  даярлығына  да  баса  кӛңіл  бӛлген.  Сондай-ақ  

айтысқа- халықты тәрбиелеу құралы ретінде қарауына да, адамның келеңсіз 

мінез-құлықтары  сыналуына  да,  халық  алдында  орындалатынына  да, 

айтысты-  халық  ӛмірінің  айнасы  деп  қарауына  да,  айтыстың  қазақ  ауыз 

әдебиеті  түріне  жататынына  да    т.б.  назар  аудартуы-  бәрі  ғалым  А. 

Байтұрсыновтың  айтысты зерттеуге  қосқан ӛзіндік  үлесі. 

Себебі бұған дейінгі  зерттеулерде  фольклор ішіндегі  айтыс  жанры  жеке 

бӛлініп қарастырылмады. Демек ғалым А.Байтұрсынов алғашқылардың  бірі 

болып,  айтысты  жеке  жанр  ретінде  әрі  ғылыми  анықтамасын  беруші,  әрі 

ерекшеліктерін    талдаған  т.с.с.  зерттеуші  есебінде  қазақ  фольклортану 

ғылымы тарихында ӛзіне лайықты орнын алатыны сӛзсіз. 

А.Байтұрсынұлы  «ауыз  әдебиетін»    жұмсалатын  орнына  қарай,  яғни 

атқаратын  қызметіне  орай  «сауықтама»  мен  «сарнама»  деп  екіге  бӛлген: 

«...Сауықтама  саласына  барша  сауық  үшін    айтылатын  сӛздер  кіреді. 

Сарындама  саласына  жұрттағы  келе  жатқан    салт  сарынымен  айтылатын 

сӛздер кіреді»,- деп  анықтама берген  [4, 232 б.]. 

Қазақ  фольклорын    оқулық  кӛлемінде    алғаш  сипаттаған    Ахмет 

Байтұрсыновтың  «Әдебиет  танытқышы»-  қазақ  фольклортану  ғылымының 

дамуына ӛлшеусіз үлес қосты. 

 ХХ  ғасырдың  20-шы    жылдары  белгілі  ғалым  М.Әуезовтің  «Әдебиет 

тарихы»  (1927  ж.)  мен    Х.  Досмұхамедұлының  «Қазақ  халық  әдебиеті. 

Қысқаша  очерк»  (1928  ж.)  атты  зерттеу  еңбектері  оқулық  сипатында  

басылды. 

Қазақ  ауыз  әдебиетін  оқулық  кӛлемінде  зерттеп,  сипаттау  жӛнінде  1930 

жылдары  кӛп  жұмыстар  атқарылды.  Бастауыш  пен  орта  мектептерге 

арналған  бірнеше  оқулық,  хрестоматиялар  баспадан  шықты.  Мәселен,  осы 

орайда  белгілі  ғалымдар  М.Әуезов,  Ә.Қоңыратбаев,  Ӛ.Тұрманжанов, 

М.Қаратаев, Қ.Бекхожин, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан т.б. жазған, құрастырған 

оқулықтар мен хрестоматияларды атаған жӛн [ 9; 5-48 ]. Әрине бұл оқулық 

атаулы  қазақ  фольклорының  барлық  жанрын  қамтымайды,  дегенмен  сол 

кездің  ӛзінде-ақ  оқушыларға  фольклор  турасында  біраз  мағлұматтардың 

берілгені мәлім. Ал, оқулық жазу үшін дайын мәтін кӛздері қажет десек, ол 

кезде  дайын  мәтін  кӛзі  ретінде  фольклорды  пайдалану  іске  асқаны  мәлім. 

Демек,  ел  арасынан  фольклор  үлгілерін  жинау,  баспа  арқылы  жариялау  т.б. 

басты іс-шаралардың бірі болғаны анық. 

Мәселен, 1941 жылы қазақ ауыз әдебиеті туралы орта мектепке арналған 

оқу  құралы  басылды  [9;  37  ].  Бұл  оқу  құралын  құрастырып  баспадан 

шығарған  белгілі  ғалымдар  Қ.Жұмалиев  пен  Ә.Марғұлан  екені  белгілі. 



Дегенмен  оқу құралының «Ауыз әдебиеті туралы түсінік» бӛлімін М.Бӛжеев; 

«Еңбек кәсіп жайындағы ӛлең-жырлар»  тақырыпшасын Б.Шалабаев; «Жар-

жар»,  «Той  бастар»,  «Айтыс  жырлары»,  «Ертегінің  композициясы  мен 

тақырыбы»,  «Ертегінің  композициясы  мен  стилі»,  «Ер  Тӛстік»,  «Аяз  би», 

«Құламерген»,  ертегілері,  «Легендалар»  туралы  Б.Бисенбин;  «Ауыз 

әдебиетіндегі  отан  қорғау  және  патриотизм  туралы»,  «Батырлар  жыры», 

«Лирико-эпос  жырлары»  туралы  Қ.Жұмалиев,  ал  қалғандарын  Ә.Марғұлан 

жазған. 


     Ауыз  әдебиеті  туралы  берілген  түсінікте,  оның  ерте  заманда  жазба 

әдебиет  болмаған  кезде    туғандығы,    фольклордың  ауыз  әдебиеті  деген 

мағынада  қолданатын  ағылшын  сӛзі  екені  М.Бӛжеев  тарапынан  айтылады. 

Одан  әрі:  «Ауыз  әдебиеті  дегеніміз-  жаза-сыза  білмейтін  кезінде  пайда  

болған  халықтық  кӛркем  шығарма  болады»-  делінген  анықтамасы  да 

берілген    [11;  12-25  ].  Міне,    бұдан  біз  бұл  оқулықта  да  фольклорды  ауыз 

әдебиеті деп қарастырғанын кӛреміз. Және де бұған дейінгі А.Байтұрсынов, 

М.Әуезов,  Х.Досмұхамедұлы  еңбектерінде  ауыз  әдебиетінің  ғылыми 

анықтамасы  берілмей  келгенін  ескерсек,    бұл  сол  тұстағы    қазақ 

фольклортану ғылымының жеткен жетістігі болып саналады. 

      Ал,  фольклордың    жазба  әдебиет    шыққаннан  кейін  де    дами  беретінін, 

кейін де халық арасында маңызын жоймайтынын, қоғамның даму сатысына 

қарай  фольклордың  да  ӛзгеріп  отыратынын  дұрыс  анықтаған  М.Бӛжеев 

пікірі, ӛзінің ӛміршеңдігімен де бағалы, ӛзінің құндылығын жойған жоқ. 

 Халық  ауыз  әдебиетінің  толып  жатқан    әдебиеттік  түрлері  бар  дей 

отырып,  М.Бӛжеев  оларды  екі  үлкен  салаға  бӛледі:  бірі-  проза  жанрына, 

екіншісі- поэзия жанрына жатады дейді [11; 33-38] Одан әрі проза жанрына 

ғалым:  ертегілерді,  аңыздарды,  жұмбақ,  жаңылтпаш,  мақал-мәтел,  тілек, 

бата, дұғаларды жатқызады. Ал, поэзия жанрын іштей екі салаға бӛледі: бір 

саласы-  әдет-ғұрып  істеріне  байланысты  ӛлең-жыр  десе,  екінші  саласы- 

эпикалық  және  лирикалы    ӛлең-жырлар  болады  деп  ажыратқан.    Міне,  бұл 

жіктеме әдебиеттану ғылымы талабы негізінде жасалғаны кӛрініп тұр. 

 Сондай-ақ  халықтың  шығармасында  сол  халықтың  барлық  ӛмірінің 

шындығы,  ойы,  талабы,  сезімі,  жақсы  тұрмысқа  жету  үшін  күресі,  күші, 

түбінде  жеңетіндігіне  сену  тәрізді    арманы,  мұңы,  фольклордың  ұжымдық 

(коллективтік)  сипаты    т.б.-  бәрі  оқулық  ішінде  кеңестік  идеология 

тұрғысынан  жазылған.  Мәселен:  «Хан,  билердің,  байлардың  қорлығынан, 

зорлығынан  құтылуды  арман  қылған  шаруалар  қиянатшыл  хан,  би,  бай,  

манаптарды  аузына  қарата    білетін    алғыр,  ақылды  «Аяз  би»,  «Тазша», 

«Алдаркӛсе»  секілді  халықтық  қаһармандардың  образдарын  жасайды»,- 

деген М.Бӛжеев пікірі, «тап тартысы» талабының айнасы екені белгілі [11;  7 

]. 


 Ал,  ғалымның:  «Жазба  әдебиет  шықпастан  әлде  қайда  бұрын  шығып, 

кӛркемдік  сананың  үлкен  сатысына  жеткен  халық  творчествосы  жазба 

әдебиетінің  дамуына,  ұлы-ұлы  кӛркем  шығармалардың  жазылуына  негіз 

болады»,-  деген  пікірі,  фольклор  мен  әдебиет  арасындағы  байланыстың  ӛте 

тереңде жатқанына дұрыс назар аудартқанын кӛрсетеді. 



 Дегенмен халықтың  шығармалардың   қалыптасуына  исләм дінінің  әсері 

дегенде,  ұтымды  жақтарының  дәріптелуі  орнына,  керісінше,  ишандар  мен 

молдалар    тарапынан  елді  қорқыту,  үрейлендіру,  қуғындау  т.б.  тәрізді  іс-

әрекеттер кең етек жайды деп  жала жабылуы да болды. 

 Ал,  халық  шығармашылығының  дұрыс  ӛркендеп  дамуына,  бостандық 

алған  халықтың  барлық шығармашылық ынта, жігерін ӛсіру, ӛнерін артыру 

үшін керекті жағдай мен  мүмкіншіліктердің  тек Кеңес ӛкіметі тұсында, тек 

Ленин мен Сталин арқасында ғана мүмкін болды деп  дәріптелуі т.с.с.- бәрі 

кезең ерекшеліктерін танытады. 

Сондай-ақ  фольклорда  Отан  қорғау,  отаншылдық  сезім  кең  орын  

алатыны  да,    елі  үшін,  жері  үшін    айнымай    шауып  қамал  бұзған  ұлдарын 

халық      ел  ардағы  етіп  жырлайтыны  да  оқу  құралында  сӛз  болады.  Демек 

Екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезінде  кітап  авторларының  бұл  оқу  құралын 

жазудағы мақсаты: бір жағынан, қазақ халық ауыз әдебиетінің мән-маңызын 

орта  мектеп  оқушыларына  хабардар  етумен  қатар,  олардың  ӛзіндік  бітім-

болмысын  түсіндіру  кӛзделді.  Екінші  жағынан,  жастар  бойында  Кеңес 

ӛкіметіне  деген  шексіз  махаббат,  алғыс  сезімін  тудыру,  қалыптастыру 

болатын. Осы арқылы ортақ жауға қарсы жастардың  бойында Отан қорғау, 

отаншылдық  тәрізді  игі  қасиеттерді  де  тәрбиелеу  мақсат  етілді.  Мысал 

ретінде  авторлар  фольклор    бойында  кездесетін  батырлықты,  ерлікті, 

отаншылдықты  т.б.  дәріптейтін  қазақтың  мақал-  мәтелдерінен,  батырлар 

жырларынан т.с.с. үзінділер келтіреді. Ендеше, кітап авторлары фольклордың 

қоғамдағы  халықтың  ой-санасын    қалыптастырудағы  рӛлінің  ерекше 

екендігін дұрыс танығанын кӛрсетеді. 

Оқу  құралы  авторлары    жалпы  фольклордың    барлық  жанры  туралы 

жалпы түсінік беруді кӛздегені кӛрініп тұр. Мұнда фольклордың:тұрмыс-салт 

жырлары (жар-жар, сыңсу, беташар, қоштасу, естірту, жоқтау), айтыс түрлері 

(бәдік,  жұмбақ  т.б.),  ертегілер,  легендалар,  батырлар  жыры,  лиро-эпос 

жырлары,  тарихи  жырлары  тӛңірегінде  жалпы  мағлұмат  берумен  қатар,  

олардың  ӛзгешелігіне,  маңызына,  ондағы  берілген    мәтіндердің  тақырыбы, 

мазмұны,  образдары,  композициясы,  стилі,  тілі  с.с.-  бәрі  алғаш  оқулық 

кӛлемінде сипатталып кетеді.  

Мәселен,  тұрмыс-салт  жырлары  дегенде,  ең  алдымен  еңбек,  кәсіп 

жайындағы  ӛлең-жырлар  деп  қазіргі  ұстанымдағы  жан-жануарлар  туралы 

жырлар  қарастырылады.  Бұл  үлгілердің  негізгі  тақырыбы  малды  бағу,  мал 

шаруашылығы,  аңшылыққа  арналған  деп  дұрыс  ажыратқан.  Одан  әрі  бұл 

қатарға  наурыз жыры  жатқызылған.  Бұған дейін наурыз жырын М.Әуезов 

дінмен байланысты ӛлеңдер тобына жатқызғаны белгілі. Ал, қазіргі таңда бұл 

ӛз  алдына  жеке    ұлыс  жыры  болып  қарастырылды.  Ал,  оқу  құралында 

кездесетін фольклордың жар-жар, сыңсу, беташар, қоштасу, естірту, жоқтау 

түрлері-  бәрі  дерлік  бұған  дейін  шыққан  А.Байтұрсынов,  М.Әуезов, 

Х.Досмұхамедұлы  еңбектерінде  де  жан-жақты  сипатталған.  Негізінен, 

бұлардың  кӛтерген  тақырыбы,  мазмұны,  берілген  мәтін  үзінділері 

әдебиеттану  талабы  тұрғысынан  жазылған.  Мәселен,      жоқтауға 

А.Байтұрсынов  1927  жылғы  «Әдебиет  танытқыш»  кітабында  мынадай 



анықтама  береді:  «Жоқтау  ӛлген  кісіні  жоқтап  сӛйлеу.  Жоқтау,  кӛбінесе 

белгілі адамдарға айтылады. Ӛлген адамның қатыны, я қызы, я келіні зарлы 

үнмен  ӛлген  адамның    тірідегі  істеген  істерін,  ӛлгенінше  бастарына  түскен 

қайғы-қасірет,  күйіктерін  шағып,  жылағанда  айтатын  жыр  түріндегі  сӛз»,- 

десе  (Шығармалары.-Алматы:  Жазушы.-1989.-  Б.254),  ал  М.Әуезов  1928 

жылғы  «Әдебиет  тарихы»  еңбегінде:  «Жоқтау  ӛлеңі  кӛпке  бірдей  жайылған 

кӛп  қазақтың    қолданған  салтынан  туатын  шер  ӛлеңі»,-    деп  ажыратқан 

(Әдебиет  тарихы.-Алматы:  Ана  тілі.-1991.-Б.23).  Ғалым  Х.Досмұхамедұлы 

ӛзінің  1928  жылғы  «Қазақ  халық  әдебиеті»  баяндамасында:  «Жоқтау  болса 

қандай да бір жеке басының немесе қоғам алдында еңбегі сіңген адам қайтыс 

болған  кезде  айтылады»,-  деп  кӛрсеткен  (Аламан.-Алматы:Ана  тілі.-  1991.-

Б.18).  Ал,    бұл  1941  жылғы    оқу  құралында  жоқтауға  мынадай  анықтама 

беріледі: «Жоқтау лирикалы салт  жырдың бір түрі. Бұл жырдың тақырыбы 

бұрын, кӛбінесе, ӛлген адамға арналып, ӛлген адамды дәріптеп, оны жоқтап 

айту  болатын»,-  делінген  [11;    24].  Демек  бұл  еңбектерде  белгілі  бір 

үндестіктің,  сарындастықтың  ізі  бар  екені  айдан  анық.  Бәрінде  дерлік 

берілген  анықтамалары,  негізінен,  жоқтаудың  адам  қайтыс  болғанда 

айтылатын  жыр  үлгісі  екендігін  дұрыс  анықтаған.  Дегенмен  жоқтау 

жырының  мән-маңызын  сипаттауда  А.Байтұрсынов  ӛз  еңбегінің  1  бетін  

(жарты  бетін  мәтін  алады),  М.Әуезов  5  бетін,  Х.Досмұхамедұлы  1  бетін 

арнаса,  оқу  құралында  жоқтау  3  бет  кӛлемінде  талданады.  Бұлардағы  мәтін 

саны  да,  жоқтау  үлгілері  де    бірін-бірі  қайталамайды.  Мәселен, 

А.Байтұрсынов  еңбегінде  тек  қана  48  жолдан  тұратын  «Бӛпе  тӛренің  

қарындасы күйеуі ӛлгенде  жоқтағанын» ғана берсе, бұл М.Әуезов кітабында 

кездескенмен,  тілдік  жағынан  түрлі  ӛзгерістермен  ерекшеленеді.  Бірінші 

нұсқада  «азалы»,  «жүре  бердім»,  «жайқалтып»,  «қанаты»,  «мӛлтілдеген», 

«бауырың»  т.б.    сӛздері    М.Әуезовте  «ызалы»,  «жүре  бер  ойым», 

«жалпайтып»,  «күнәлі»,  «мӛймілдеген»,  «баурайы»  т.с.с.  болып  ӛзгертіліп 

берілген.  Ал,  М.Әуезов  еңбегінде, сондай-ақ  Бұқар  жырау,  Нарманбет  ақын 

шығарған  жоқтау  үлгілері  де  бар.  Ғалым  Х.Досмұхамедұлы  зерттеуінде 

Нысанбай  жыраудың  Кенесары  Қасымовты  жоқтаған  ӛлеңнен  үзінділер 

берілген.  Ал,  оқу  құралында    Бозжігітті  Қарашаш  сұлудың,  Балғын  қызды, 

Тәті  биді,  Едіге  батырды,  Махамбетті,  Исатайды  т.б.    жоқтауларынан 

үзінділер  келтірілген.  Демек  1941  жылғы  оқу  құралында  ұлт-азаттық 

кӛтеріліс  ӛкілдері    болып  табылатын  Кенесары,  Наурызбай  т.б.  есімдерінің 

аталуы,  сӛз  жоқ,  сол  тұстағы  кеңестік  идеология  әсерінің    әлсірегенін 

танытады. [ 3; 172- 188 ] 

Айтыс дегенде,  

оқулық  авторлары  айтыс  жанрының  ӛзгешелігіне,  онда  кӛтерілетін 

әлеуметтік тақырыптың маңыздылығына ерекше тоқталып ӛтеді. 

«Ертегілер» тарауында ертегі туралы жалпы түсінік беріледі. Мынандай 

анықтамасы  бар:  «Ертедегі  адамның  тәтті  қиялынан    туып,  халық  аузында 

қара сӛзбен айтылған, ауыз әдебиетінің бір саласы»,- деп дұрыс кӛрсетілген   

[3,11;  168-170, 54-78]. Мұнда «ертегі» деген сӛз  ескі заманда шығып, халық 

аузында  салт    болған  әдебиеттің    бір  түрі  деп,  әдебиеттану  тұрғысынан 



қарастырылады.  Ертегілер    нақты  іштей  жіктелмейді,  дегенмен,  қазақ 

халқының ертегілерінде, әсіресе, мал мен аң  кӛрнекі орын алады, сондай-ақ 

халыққа  кӛп  тараған  тұрмыс-салт  ертегілері  де  бар  деген  дұрыс  пікірлер 

орын  алған.  Дегенмен  олардың    әрқайсының    анықтамалары  берілмеген. 

Негізінен,  ертегілер,  кӛбінесе  мазмұн,  тақырып  жағынан  талдауға  түсіп 

отырған.  Ертегілердің  образдары  да    қарастырылады:  «Ер  Тӛстік    алып 

бейнесінде  суреттеледі.  Ол  қайратты,  батыр,  қорықпайды,  қандай  жаумен 

болса  да    алыса  кетсе  алып  ұрады»,-  деген  тәрізді    [3;  170  ].  Кітапта 

аңыздарға тіпті аз орын берілген. Тек олар туралы  қысқаша түсінік қана бар. 

Ал, кітаптың қомақты жері  батырлар жыры, лиро-эпос жырлары мен тарихи 

жырларға арналған. Эпостық жырларды бұлай жіктеп қарастыру үлгісі бұған 

дейін  болмағанын ескеруіміз қажет. 

Кітаптың  бұл  тарауларын    белгілі  ғалым  Қ.Жұмалиев  жазды.  Мұнда 

жалпы  жырларға  тән  кӛп  нұсқалықтың    себебі  де  дұрыс  ажыратылған: 

«Жыршылар    ӛздерінің  жаттап  алуына  қарай,    ақындық  күшіне,  дүние 

танушылығына,  ой-ӛрісіне  қарай,  кей  жырларға  ӛзінше  ӛзгерістер  кіргізген 

де  кездері  болған.  Жырлардың  бірнеше  варианттары    болуының,  оның  

шешулерінің де  әр түрлі болып шығуының бір  себебі  осы айтушылармен 

байланысты»,- делінген   [11; 52 ].  

Сондай-ақ  ғалым  батырлар  жырын  поэма  ұғымында  қарастыра  отырып, 

олардың  бірден  үлкен  поэмаға  айналмағанын,  бірте-бірте  әр  батырдың  әр 

кездеге  тӛтенше  қайрат,  асқан  ерлік,  елі  үшін  жасаған  зор  еңбектерін 

дәріптеп  жырлаған  жеке  ӛлеңдердің  қосындысы  есепті  қарастырғанын 

кӛреміз.  Одан  әрі  батырлар  жырының  бәрі  де  қазақ  халқының  ӛмірімен 

байланысын  белгілі  тарихи  кезеңдермен  ұштасып  жататыны,  онда  елін, 

жерін, отанын жаулардан қорғаған ел азаматтары  суреттелетіні сӛз болады. 

Және де батырлар жыры,  әуелде осындай ерлік қасиеттерімен кӛзге түскен  

тарихта  шын  болған  адамдар  жӛнінде  айтылып,  кейіннен  халықтың  ұлы 

арманының  символы  болып,    аңыздық  образға  айналып  отыратыны    дұрыс 

кӛрсетілген. Сондай-ақ батырлар жырының  ӛзіндік ерекшеліктеріне де  баса 

назар  аударылған.    Мысалы,  Құдайдан  тілеген  жалғыз  бала  болуы,  асқан 

күштің иесі болып, 4-5 жасында-ақ жауға аттануы,  ӛзіне серік әйелі мен  аты 

болатыны, жасынан-ақ ел қамын,  жұрт пайдасын ойлайтындығы т.б.  – бәрі 

тек  қазақ  халқының  ғана  емес,  басқа  да    елдің  батырлар  жырына  тән 

ерекшелік  екенін  ғалым  Қ.Жұмалиев  дұрыс  атап  кӛрсеткен.  Батырлар 

жырының  эпостық  жанрға  жататын  себептерін  түсіндірген  ғалым  пікірлері 

әлі де ӛз  маңызын жойған жоқ. 

Эпос  жанрына  батырлар  жырын  жатқызудың  себептерін  ғалым 

Қ.Жұмалиев  әдебиеттану  талабы  тұрғысынан  дұрыс  түсіндірген:  «Батырлар 

жыры-  эпостық  жанрға  жатады.  Шығармада  қатысушы  адамдардың  іс-

әрекетін,  амал-ерліктерін,  олардың  ӛзара  қарым-қатынастарының  қалпын 

сақтап  баяндау,  ақынның    ӛз  кӛзқарасымен,  күйініш,  сүйінішінің 

айқындалмауы,  бір қарағанда  ақын  оқиғаға  да,  геройға да сырттан  шолушы 

адам  ретінде  болып  кӛрушілік,  оқиғаға  сәл  нәрседен  басталып,  қашан 

біткенге шейін тарам-тарам болып ӛсе берушілік- жалпы эпостық жанрға тән 



нәрсе. Бұл бір. Екінші, эпостық шығарма сюжеті оқиғаға құрылады. Оқиғаға 

қатысушы  адамдардың ӛзара қарым-қатынастары  суреттеледі,  әр  түрлі  адам 

образдары,  автордың    кӛзқарасынша,  жақсы,  жаман  жақтары  қабат 

кӛрсетіліп, бір  бүтін тұлға есебінде суреттеледі»,- делінген  [9; 53 ]. 

Жалпы  мұнда  батырлар  жырынан  «Қобыланды»,  «Алпамыс»,  «Едіге» 

жырлары  талданады.  Бұлардың    кӛркемдігі  мен  тілі,  образдар  жүйесі,  

композициялық  құрылысы  т.б.  –  бәрі  де  әдебиеттану        талабы  тұрғысынан 

қарастырылады.  Бұл  ӛзгешеліктер,  негізінен,  сол    тұстағы  ғалымдардың 

фольклорды кӛркем әдебиеттің бір саласы деп қарастырғанынан  туындаған. 

Мәселен,  Қобыланды  бейнесі  былай  талданады:  «Батыр  бұл    жерде  үлкен 

аңғалдық жасайды. Алды-артын ойламай Құртқаны  шауып тастай жаздайды. 

Батыр  кейін  ғана  ӛзінің    оғаш  кеткенін  біліп,  кешілмес  күнә  жасадым  деп, 

ӛзін-ӛзі шенейді»,- деп келеді [11; 68 ]. 

Ал,  мәтіндердің  тілі  қарастырылғанда,  ондағы  жыр    ӛлшеміне,  буын 

санына, үлгіде кездесетін дәстүрлі теңеу, эпитет, метафора т.б. түрлеріне де 

ерекше кӛңіл бӛлінген. 

Жалпы  оқу  құралында,  бір  жағынан,  асқан  кӛркемдікпен  жасалған 

батырлар жырын оқыту арқылы жастар ӛз елінің ӛмірінен тарихи мәліметтер  

алатынын ескерсе, екінші жағынан, осы арқылы олардың да бойында  отанын 

сүйетін, айла,  амал және жаудан сескенбейтін ерліктерін ӛздеріне үлгі етіп, 

отанын  қорғау  жолында  ӛздері  де  солар  тәрізді  даңқты  батыр  болуға  

итермелейтін қасиеттерін тәрбиелеуді мақсат еткенін кӛреміз. 

Қаһармандық  эпостардың  тақырыбы  ерлік,  ел  қорғау,  ӛз  отаны,  ӛз  елі 

үшін  шет жерлермен күресу десе, лиро-эпос жырларының негізгі тақырыбы 

сүйіспеншілік  екені  дұрыс  ажыратылған.  Одан  әрі  бұл  жанрға  «Қозы 

Кӛрпеш»,  «Қыз  Жібек»,  «Айман-Шолпан»  жырлары  жатқызылып,  олардың 

варианттары,  негізгі    бейнелері,  тілі  мен    композициясы,  мазмұны 

сипатталады. 

Оқу  құралының  соңы    тарихи  жырларға    берілген  сипаттама, 

талдаулармен аяқталады. Мұнда да тарихи жырдың анықтамасы бар: «Есет, 

Бекет  бастаған  халық  кӛтерілісінің  бір  кӛрінісі  боп,  «Бекет  батыр»  жыры, 

Кенесары,  Наурызбай  бастаған  халық  кӛтерілісінің  бір  салпыншағы  боп 

«Қаншайым»  т.б.    жырлар  пайда  болды.  Міне,    бұлар  тарихи  оқиғалармен 

нық  байланысты.    Жырдағы  суреттелетін  персонаждардың  бәрі  болмаса  да 

кӛпшілігі  сол тарихи оқиғаға шын қатысқан, тарихта болған адамдар жайлы 

поэма-жырлар тарихи жырлар боп саналады»,- деп дұрыс кӛрсетілген  [12; 3] 

Сондай-ақ  ғалым  Қ.Жұмалиевтің:  «Олардың    жырда  суреттелетін  күрес-

тартыстары  да  негізінде  рас.  Бірақ,  тарихи  жырларды  тарих  деп  ұғуға  да 

болмайды.  Тарих  әр  түрлі  нақтылы    материалға  құрылса,  тарихи  жыр, 

поэмалар  сол  тарихи    мәліметке  сүйене  отырып  жасаған    ақынның  қиял 

дүниесінің  жемісі  болып  есептеледі»,-  деуінен-ақ,  сол    кездің    ӛзінде-ақ 

кӛркем  шындық  пен  тарихи  шындықтың  арасы  дұрыс  ажыратылғаны  

анықталады  [11; 122 ]. 



Одан  әрі  әдебиеттану  ғылымы  талабымен  тарихи  жырлар  қатарында 

«Орақ-Мамай»,  «Қарсай,  Қазы»,  «Қаншайым»,  «Бекет  батыр»  үлгілері 

талданады. 

Түйіп  айтқанда,  бұл  еңбек  ХХ  ғасырдың  алғашқы  жартысында  орта 

мектепке  арналған,  қазақ  фольклоры  туралы  толыққанды  ақпарат  берген 

тұңғыш оқу құралы болды. Дегенмен  фольклордың  ұсақ жанрлары: мақал-

мәтел,  жаңылтпаш,  жұмбақ  т.б.  түрлері  бұл  оқу  құралына  енбей  қалған. 

Жалпы  мұнда  ауыз  әдебиеті  туралы  түсінік  берумен  қатар,  оның  кӛп  

нұсқалылығы,  ішкі  түрлері,  анықтамалары,  кейбір  жанрлық    ерекшеліктері, 

ӛзіндік  даму  кезеңдері,  ондағы  заман  кӛріністері,  кӛркем  шындық  пен  

тарихи шындықтың  арақатынастары, образдар жүйесі, мазмұны мен пішіні, 

композициясы  мен  тілі  т.с.с.-  бәрі  де  белгілі  дәрежеде  фольклортану 

ғылымының  жеткен  жетістігі  болып  табылады.  Негізінен,  оқу  құралында  

берілген мәтіндер, кӛбінесе әдебиеттану ғылымы  талабына сай талданған.  

Бұл  кезеңде  тек  оқу  құралдары  ғана  шығып  қойған  жоқ.  Сондай-ақ  оқу 

хрестоматиялары да басылым кӛрді.Мәселен,1924 жылы Ташкентте Ә.Диваев 

жинаған  әдебиет  түрлерінен  құрастырылған  «Тарту»  атты    оқу  кітабы 

басылды  (Тарту.  Әбубәкір  Диваев  жинаған  әдебиет  түрлерінен  тізілген  оқу 

кітабы.  Тізуші-  Мағжан  Жұмабайұлы.-Ташкент.  1924.-216  б.)  Бұл 

хрестоматияны  құрастырып,  Ә.Диваев  туралы  3  бет  және  1  бет  алғысӛз 

жазған  белгілі  қазақ  ақыны  Мағжан  Жұмабайұлы  еді.  Жинақта  Ә.  Диваев 

жинаған  фольклор  үлгілері  ішінде:  тұрмыс-салт  жырлары  (бет  ашар,  жар-

жар, жарамазан, жоқтау, кӛңіл айту, бақсы сарыны, бәдік, т.б.), кӛбінесе қазақ 

ертегілері  (30  ертегі  бар),  сондай-ақ  мақалдар,  жұмбақтар  алынған. 

«Әбубәкір  ақсақал  Диваев»  атты  кіріспеде  М.  Жұмабаев    ғалымның 

ӛмірбаянын,  атқарған  қызметтерін,  әсіресе  қазақ  фольклортану  ғылымы 

саласындағы  еңбектерін  қысқаша  саралап  ӛткен:  «Әбубәкір  ақсақалдың 

еңбегі бір адамның ӛміріне татырлық. Әбубәкір ақсақал қырық жыл бойына 

қазақ-қырғыз  елінің  ауыз  әдебиетін,  жол-жорасын  жинаған.  Елдің  елдігін 

сақтайтын  әдебиеті,  тарихы,  жол-жорасы.  Қазақ-қырғыз  елінің  ел  болуын 

тілеген Әбубәкірдің әдебиеті, жол-жора жинау жолына кіруінің мәнісі осы»,- 

деген. 


Ал, «Тарту туралы» алғысӛзде М. Жұмабаев бұл оқулықтың Ә.Диваевтың  

қырық  жылдық  еңбек  тойына  арналғандығын  ескертеді.  Мәселен:  «Ауыз 

әдебиет  һәм  этнография  кӛзінен  қарағанда  «Тартудың»  әжептәуір  бағалы 

болуына  күмән  қылмаймыз.  Бірақ  «Тартуға»  таза  мектеп    балаларының  оқу 

кітабы деп қарау керек еді. Алайда мұғалім сайлай білсе, бастауыш мектептің 

соңғы сыныптарына, әсіресе, әдебиет теориясы оқылатын орта медреселерге 

һәм  жалпы  оқи  білетін  азаматқа  «Тартудың»    бірталай  пайдасы  тиер  деп 

сенеміз»,-



 

деген  автор  ой-пікірінен  (6  бет),  біз  хрестоматияның  оқу-ағарту 

мақсатта  жазылғанын,  және  кімге,  қай  сынып  балаларына  арналғанын  да 

білеміз.  Демек  бұл  оқу  кітабының  фольклортану,  этнография  ғылым 

салаларына  да  бағалы  дерек  кӛзі  боларын  Мағжан  Жұмабайұлы  жақсы 

түсінген. 




Сондай-ақ,  М.Әуезовтің  орта  мектептің  6-класына  арналған  «Әдебиет 

хрестоматиясы»  1937  және  1938  жылдары  екі  дүркін  жеке  кітап    болып 

басылған  [12;  3].  Бұл  екі  басылымның  арасында  айырмашылық  бар.  Екі 

хрестоматия  ішіне  белгілі  қазақ-орыс  ақын-жазушылары  Махамбет,  Абай, 

Сұлтанмахмұт,  Сәбит  Дӛнентаевпен  бірге  Пушкин,  Лермонтов,  Гоголь, 

Некрасов,  Шевченко  турасында  кішігірім  мақала  түріндегі  сипаттамалары 

енген. Сонымен бірге бұл хрестоматияларда қазақ фольклорына  қатысты ой-

пікірлер  де  қамтылған.  Егер    алғашында,  яғни  1937  жылғы  хрестоматияда, 

бар-жоғы  4  мәтін  тӛңірегінде    ғалым  пікірі  берілсе  («Қамбар  жырының 

қысқаша  мазмұны»,  «Алдаркӛсе»,  «Жиренше  шешен»,  «Қожанасыр»),  ал, 

кейінгі  1938  жылғы  хрестоматияға  тағы  да  үш  нұсқа  турасындағы  пікірлері 

қосылып,  бар-жоғы  7    сипаттама  енген  («Қырық  ӛтіріктің  мағынасы», 

«Қамбар  жырының  мағынасы  мен    түр  ерекшеліктері»,  «Қобыландының 

Тайбурылы  туралы»).  Мәселен,    зерттеуші  М.Әуезов  «Алдаркӛсе», 

«Жиренше  шешен»,  «Қожанасыр»  туралы    ертегілерді  әңгіме    ретінде 

қарастырған [11; 57-59].    

Мұнда  ғалым  М.Әуезов    фольклор  ұғымына  мынадай  анықтама  береді: 

«Фольклор  деп-  халық  әдебиетінің  ішіндегі  ертегі,  мақал,  мәтел,  жұмбақ, 

тақпақ  және  неше  алуан  салтқа  байланысты  жар-жар,  беташар,  жоқтау, 

естірту,    қоштасу  сияқты  жырларды  айтады»,-  дейді    [12;  3].  Демек,  ғалым 

фольклорды халық әдебиеті деп дұрыс анықтаған және оның ішкі жанрларын 

шамасынша дұрыс ажыратқан. Бұл атаулардың қазірде де қолданыста болуы-  

жас ғалым М. Әуезов қолданысындағы терминдердің ӛміршеңдігін кӛрсетеді.  

Одан  әрі  зерттеуші  фольклордың  авторы  халықтың  ӛзі  екенін,  фольклор 

атаулының  барлығы  әрбір  елдің  кӛркем  әдебиетіне  үлкен  ірге,  мол  қазына 

есепті  болатынын  сӛз  етеді.  Және  кӛп  ірі  шығармалардың  фольклордың 

тілімен,  кӛрікті  кестесімен,  мазмұн,  түр  ерекшелігімен  тығыз  байланысты 

екенін  ескертеді.  Осы  арқылы  ғалым  Мұхтар  Әуезов  сол  кездің  ӛзінде 

фольклордың    кӛркем  әдебиетпен  байланысатын  жіктерін  ашып  кӛрсетіп 

отыр.  Ал,  М.Әуезовтің:  «Дәуірден  –дәуір,  заманнан-заман  ӛткен  сайын 

алғашқы шыққан заманы, тудырған ортасы да  кӛмескілене береді. Бірақ қай 

фольклор  түрі  болса  да    бертінде  кӛпке  жайылып,  кӛп  аузына  ілініп 

кеткенмен,  ӛзінің  негізгі  мазмұны  бойынша  белгілі  бір  қоғамдық,  таптық 

ортаның  салт-санасынан  туған  болады»,-  деген  пікірінен  [12;  3-4  ], 

фольклорды зерттегенде тарихи принцип әдісін қолданудың себептерін ашып 

береді. Мәселен, «Алдаркӛсе» ертегісін талдау барысында ғалым Алдаркӛсе 

бейнесінің ӛмірде болғандығына қатысты (туған заманын,  туысы, ӛмірбаяны 

туралы)  деректердің  жоқ  екендігін  ескертеді.  Ал,  ғалымның:  «Ел  қиялы 

Алдаркӛсенің  басына    есепсіз  кӛп,  шексіз  кең  оқиға,  әңгімелердің  бәрін 

жамай, құрай берген.  Алдаркӛсенің аты сондықтан жеке дара  ат емес, мысал 

сӛз  түрінде  жаппай  ат  (нарицательный  ат)  болып  кеткен»,-  деген  ойлары 

[3,12;  95-106,  2-3],  фольклорлық  бейне  бойында  халықтың  ой-арманы 

жинақталып  берілетініне  назар  аудартуымен  бағалы.  Бұл  жәйіттің 

фольклорда тұтастану құбылысы деп аталатыны белгілі. Ғалым  «Алдаркӛсе» 

ертегісінде  халықтың  ӛткір,  алғырлықты,  сыншыл,  ақылды  бағалайтынын, 



дәріптейтінін  танытумен  қатар,  адам  бойындағы  аңқаулық,  аңғарттықты 

мазақ  етенін  де  кӛрсетеді.  Демек    ғалым  Мұхтар  Әуезов  фольклорлық 

бейнелерді  әдеби  образ  деп  талдағанда,  үлгінің  тәрбиелік  қызметіне  назар 

аударып отырған. Ал, «Жиренше» үлгісін талдау арқылы ғалым шешендікті, 

шапшаңдықты, тапқырлықты адам бойындағы арамдыққа, зорлықшылдыққа 

қарсы  құрал  етіп  қолдануды  мақсат  еткен.  Дегенмен  бұл  үлгілердің 

кӛркемдік ерекшеліктері хрестоматияда сӛз болмайды. 

 Жалпы,  хрестоматияға  кірген  фольклорлық  шығармалардың  әрі 

фольклортану,  әрі  әдебиеттану  тұрғысынан  жан-жақты  талдауға  түсуі  сәтті 

шыққан.  Және  де  баланың  жас  ерекшелігіне  сай  қарапайым  тілмен 

түсіндірілген.  Талдауға  түскен  халықтық  шығармалардың  тарихи  принцип 

негізінде қарастырылуы да, сӛз жоқ, хрестоматияның маңызын арттырады.  

Қорыта  айтқанда,  ХХ  ғасырдың  алғашқы  жартысында  ағартушылық 

мақсатта  басылым кӛрген бұл оқулықтар, хрестоматиялар қазақ фольклоры 

тарихын  жасаудағы  тұңғыш  еңбектер  екені  сӛзсіз.  Кеңес  ӛкіметі    тұсында 

жаңадан ашылған оқу орындарында  қазақ тілі мен әдебиеті пәні тұңғыш рет 

оқыла  бастауы,  осы  оқулықтарға  деген  мұқтаждықты  күшейткені  анық. 

Бұларда қазақ фольклорының барлық дерлік жанрлары (эпос, ертегі, тұрмыс-

салт  жырлары  т.б.)  қамтылып,  олардың  әрқайсысының  анықтамалары, 

ерекшеліктері  әрі  фольклортану,  әрі  әдебиеттану  талаптары  тұрғысынан 

талдауға  түсті.  Талдау  барысында  зерттеудің  тарихи-типологиялық  әдісі 

қолданылуы, сол тұстағы қазақ фольклортану ғылымының жеткен жетістігі.  

Мұндағы берілген  халықтық шығармаларды сол кездегі ғалымдар ӛздерінің  

тұжырымына,  анықтамаларына  дәлел  ретінде  дұрыс  қолданып  отырған. 

Негізінен,  бұл  оқу  кітаптарында  ғалымдар  мән  беріп  зерттеген  негізгі 

аспектілері  фольклорлық  бейне,  жырдың  орындалуы,  жыршының  рӛлі  т.б.  

тӛңірегінде болды.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет