Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау



Дата26.08.2017
өлшемі7,23 Kb.
#27970
түріСабақ
  • Күкірт және оның қосылыстары
  • Сабақ жоспары:
  • І. Ұйымдастыру
  • ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
  • ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру
  • ІV. Топқа бөлу
  • Топпен жұмысты қорғау
  • VІ.Өздік жұмыс
  • VІІ.Қорытындылау
  • Осы затпен ескі үйді аластайды,түсіне қарасаң алтынға ұқсайды
  • бұл не деп ойлайсыңдар, балалар?
  • Иә , бұл күкірт.
  • Ендеше бүгінгі сабағымызда «Күкірт және оның қосылыстары»
  • туралы әңгімелейтін боламыз.
  • Сыныпты 4 топқа бөлу.
  • «Күкірт және оның қосылыстары» тақырыбы бойынша оқушылар
  • жұмыстарын қорғауы.
  • І топ «Күкірт»
  • ІІ топ «Күкіртсутек»
  • ІІІ топ «Күкірттің (ІV,VІ ) оксидтері
  • ІҮ топ « Күкірт қышқылы»
  • Күкірт және оның қосылыстары
  • Күкіртсутек
  • Күкірт қышқылы
  • Күкірт
  • Күкірт оксиді
  • SO2
  • SO3
  • Физикалық қасиеттері
  • Күкірт екі түрлі оксид түзеді:S(ІҮ)оксиді-SO2(күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді),бұл-өткір тұншықтырғыш иісі бар,түссіз газ
  • S(ҮІ)оксиді-күкірт ангидриді- SO3,ұшқыш,түссіз сұйықтық;олар суда жақсы ериді,нәтижесінде күкіртті қышқыл Н2SO3 және күкірт қышқылы Н2SO4 түзіледі,олай болса бұлар қышқылдық оксидтер
  • Алынуы
  • Зертханада: Күкіртті ауада жағу арқылы 2S+O2→ SO2
  • Өндірісте: 2ZnS+3O2 → 2ZnO+ 2SO2
  • 2SO2+O2 → 2SO3
  • Химиялық қасиеттері
  • Негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:
  • SO2+Na2O→Na2SO3
  • Негізбен әрекеттескенде тұз және су түзе жүреді
  • SO2+2 NaOH →Na2SO3+H2O
  • Қолданылуы
  • SO2-қантты,маталарды,сабынды ағарту үшін,қоймаларды аластау үшін қолданылады.
  • Күкірт
  • S
  • Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы
  • Физикалық қасиеттері
  • Күкірт –сары түсті,қатты кристалды зат
  • Оның аллотропиялық түр өзгерісі болады: ромбтық, моноклинді, иілімді (пластикалық),
  • Қалыпты жағдайда күкірт молекуласы сақина түріндетұйықталған сегіз атомнан тұрады
  • Суда күкірт ерімейді,спирт пен эфирде нашар ериді; бензолда, күкіртті көміртекте және т.б.жақсы ериді
  • Химиялық қасиеттері
  • Күкірт химиялық реакцияларда тотықтырғыш та,тотықсыздандырғыш та бола алады
  • күкірттің жай заттармен әрекеттесуі
  • күкірт жоғары температурада сутекпен әрекеттеседі
  • Жоғары температурада күкірт фтормен және оттекпен әрекеттеседі(жанады)
  • Табиғатта таралуы
  • Күкірттің табиғи қосылыстары
  • Балқаш, Шығыс Қазақстан облысында сульфидтер( ZnS,PbS, FeS,т.б) күйінде болса,сульфаттары
  • (СаSO4. 2 H2 O, Na2 SO4 .10H2 O, MgSO4 . 7H2 O) т.б болады
  • Күкірт қосылыстары мұнайда және тас көмірде де кездеседі
  • Бос күйіндегі күкіртті тау жыныстарынан балқыту арқылы алады
  • Назарларыңызға рахмет


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет