ІІІ (базалық ) деңгей «Құрық селосының №1 орта мектебі»
Құрық селосы коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Бекітемін»
_____________________
А. Азмағанбетова
Оқу ісінің меңгерушісі
№
16.04.2014 ж
Информатика
9 «а» сынып
Сабақтың тақырыбы
Деректер қоры, деректер қорының құрлымы, деректер қорының кестесі
Сабақтың мақсаты
Деректер қорының негізгі объектілері
жайлы білімдерін пысықтау,қайталау. Оқушылардың сыни ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, жекелей жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.
Оқу нәтижесі
MS Access бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысып пысықтайды, деректер қорын құру тәсілдерін меңгереді, деректер қорымен компьютерде жұмыс жасауға дағдыланады. Теориялық білімдерін практикада қолдана алады.
Сілтеме
а) Мұғалімдерге арналған нұсқаулық;
ә) 11-сыныпқа арналған оқулық, интернет желісі
Тапсырмалар
Топтық тапсырмалар, компьютермен жұмыс, ақпараттық диктант; тесттер орындау.
Сабақта қолданыла
тын материалдар
Топтық тапсырмалар, компьютер, белсенді тақта, ғаламтор желісі, бағалау бетшелері, Microsoft Access бағдарламасы
тест т. б.
Қамтылатын модульдер
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс әрекеті
Оқушылардың іс әрекеті
І
Ұйымдастыру
3 мин.
Оқушылармен ынтымақтастықты қалыптастыру, сыныпты сөз жасырылған қағазбен бөлу
Оқушылар шеңбер құрып (сағат тілі бойынша) әр оқушы өз есімінің бірінші әрпі бойынша мінезінің бір қасиетін айтып, келесі оқушы бірінші оқушының атын, қасиетін, қайталай отырып, өзінің есімімен қасиетін қоса айтады.
Мысалы: Камила-көрікті, Шолпан-шыдамды, Бағлан-білімді т.б., топқа бөлінеді
ІІ
Үй тапсырмасы Өткен тақырыптар
ды пысықтау
5 мин.
Тест жұмысы
Сәйкестендіру тестісі
Оқушылар жауаптарын слайдтағы жауап бойынша тексереді.
Жауап парағына алған ұпайларын жазып отыру.
Миға шабуыл
2мин.
Интербелсенді тақтадан дайындалған материалды қарау. Көзбен көретін айғақтар негізінде сыни ойлау.
Слайдтарды қарай отырып, оқушылар өз ойларын айтады.
ІІІ
Теориялық білімдерін бекіту. Топтық жұмыс
10 мин.
1 топ. Деректер қоры
11 топ. Деректер қорын құру жолдары
Әр топ берілген тақырып бойынша өзіндік түсінік қалыптастырып, постерлерін қорғайды.
Практикалық жұмыс
10 мин.
Практикалық жұмыс.
Әр топқа тапсырмалар беру.
Оқушылар компьютерде интернет желісін пайдалана отырып практикалық жұмыс орындайды. Орындалған жұмысты бағалай отырып, бағалау бетшелеріне ұпайларын жазып отырады.
Сергіту сәті
2мин.
Слайд «Не жазылғанын табу»
Оқушылар суреттегі жасырылған сөзді табады.
Бекіту
Топтық жұмыс
5 мин.
Ақпараттық диктант.
Оқушылар топ болып түсіп қалған сөздерді табады,.
Баға
лау
2 мин
Критерийлер бойынша бағалау.
Оқушылар алған ұпай санымен бағалау критерийі бойынша бағалайды.
Рефлексия
Тақтаға үш көңіл күйдегі смайлик ілінеді. Мен оқушылардан осы смайликтер астына стикерлерін ілуін сұраймын.
1. Тақырып маған түсінікті, барлық тапсырманы орындадым
2. Маған барлық тапсырма түсінікті болған жоқ, кейбір тапсырманы орындамадым
3. Мен ештеңе түсінбедім.
Таңдаған смайликтер астына оқушылар өз стикерлерін іледі.
.
Үйге тапсырма
Видеотека құруға тапсырма беремін.
Мәліметтер қорын құрып келеді.
Тест сұрақтары
1. Microsoft Access деген не?
А) мәліметтер базасын қолданушыға арналған программа.
В) компьютер мен адамның өзара сұхбаттасы құралы.
С) мәтіндік редактор.
Д) амалдық жүйе.
2. Microsoft Access қандай программалық жасақтамаға жатады?
А) жүйелік.
В) қоданбалы.
С) қызметтік.
Д) оқытушылық.
3. Ақпарат сақталынатын Microsoft Access программасының негізгі объектілері.
А) кесте.
В) пішін.
С) сұраныс.
Д) есеп.
4. Кесте құруды неден бастаған дұрыс.
А) макетін беруден.
В) өрістерін енгізуден.
С) мәліметтерді енгізуден.
Д) жазбаларды енгізуден.
5. Microsoft Access мәліметтер базасының қандай терезесінде орнатылған байланыспараметрлері беріледі?
А) Мәліметтер схемасы терезесінде.
В) Байланыс терезесінде.
С) Бас терезесінде.
Д) Мәліметтер базасы терезесінде.
6.Деректер типі болып табылады
А) Мәліметтер
В) Байланыс терезесінде
С) Мәтіндік, сандық, ақшалай, дата/уақыт, логикалық
Д) Өрістер, жазбалар
7. «Жаңа кесте» диалог терезесінде нұсқалар тізімі
А) кестелер режимі
В) конструктор
С) кесте шебері
Д) барлығы дұрыс
Дұрыс жауаптар
1) А 2) В 3) В 4) В 5) А 6) С 7) Д
Ақпараттық диктант.
Accessпрограммасы – бұл мәліметтер базасын басқару жүйесі
Мәліметтер базасы (МБ) - информациялық жүйенің өңделетін объектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты объектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны.
Кестенің әрбір жолы жазба деп аталады. Жолдар рет-ретімен нөмірленіп отырады.
Әрбір бағана өрісболып саналады, онда нақты мәлімет болады
MS Access объектілері: кесте, пішін,сұраныс,басылым,макрос және модуль
Мәліметтер типтері:мәтіндік,сандық,ақшалай,санауыш, мерзім/уақыт,
логикалық, мемо өрісі, ole объектісі өрісі, гиперсілтеме,алмастыру шеберлері
«Мұғалім» деректер қоры қандай өрістерден тұрады:
Аты-жөні, туған күні, жынысы, білімі, пәні.
«Кітапхана» деректер қоры қандай өрістерден тұрады:
Авторы, кітаптың аты, баспахана аты, бет саны, шығарған жылы