1 – бағыт. Кәсіпкерлікті тәуекелдікпен байланыстырады. Бұл бағыттың негізін салушысы болып француз экономисі – Ричард Контильон болып саналады. Ол мынадай шешімге келеді: «Кәсіпкер болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады. Сұраныс пен ұсыныс қатынасын ескере отырып, кәсіпкер тауарды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатады»
Кәсіпкерліктің даму тарихы
2 – бағыт. Ж. Сей мен А. Маршалдың көзқарастарымен байланысты. Олардың ойынша өндірістік факторлардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру және қалыпты кәсіпкерлік табыс табу.
3 – бағыт. Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізгісі - перспективалық бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы Шумпеттер. Егер шаруашылық субъектілері жаңа комбинацияны жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды. Кәсіпкерлік функцияларын мынадай адам ғана жүзеге асыра алады. Егер ол сезімтал, иновациялық өзгерістерге икемді адам болса, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға.
4 – бағыт. Бұл бағыттың негізін салған адамдар П. Дюркер, В. Санто.Олар кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен менеджмент бірін-бірі толықтырып тұрады және құрамдас бөлігі болып табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көрсету саласына көп көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады.
Кәсіпкерліктің мәні
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі, сонымен қатар адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болып келеді. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады.
1987 – 2001 жылдардың аралығы кәсіпкерліктің бірінші кезеңі. Бұл уақыт аралығында қызметтің осы түрімен айналысатын халық саны 10 есе дамыту жөнінен көптеген заңдар мен бағдарламалар қабылданды, халық шаруашылығы кәсіпорындарының біраз бөлігін мемлекет меншігінен шығару мен жекешелендіру кезеңдерін бастан кешірді, еліміздің экономикасы дағдарыстық күйден өз қызметін тұрақтандыру кезеңіне өтті. Тұтастай бұл уақытты Республикадағы кәсіпкерліктің қалыптасу кезеңі ретінде сипаттауға болады.
I кезең
Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму кезеңдері
2002 жылмен қазіргі уақытты қоса алғанда – бұл кәсіпкерліктің тұрақты дамуының екінші кезеңі. Бұл кезеңнің басталуы дайындалған нормативті – құқықтық базамен, кәсіпкерлікті қолдау бойынша ұйымдар мен институттардың тұтас құрылымдарын құрумен, шағын кәсіпкерлікті дамытудың белгілі теориялық және практикалық тәжірибесін жинақтаумен қоса жүреді. Өзінің екінші кезеңіне, атап айтқанда даму кезеңіне өте отырып, кәсіпкерлік республика экономикасын гүлдендіретін басты тетіктердің бірі екенін көрсетеді. Екінші кезеңнің басталуы, атап айтқанда 2002 жылдан бастап «ҚР – ның 2002 – 2004 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы», «ҚР – да Кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004 – 2006 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасын» қабылдауға байланысты, кәсіпкерліктің даму болашағы ұлттық экономиканы дамытудың жалпы жүйесімен бірге қарастырылады.
II кезең
Экономикасы дамыған елдердегі кәсіпкерліктің дамуында қол жеткен әлеуметтік – экономикалық параметрлеріне сәйкес, инновациялық процестер мен өнімді экспорттаумен байланысты үшінші кезеңді анықтауға болады. 1987 жыл Қазақстандағы кәсіпкерліктің пайда болу жылы болып саналады.
III кезең
ҚазАқпарат – АҚШ – тың Forbes іскерлік журналы 2015 жылы наурыздағы мәлімет бойынша әлемнің ең бай адамдарының тізімін жасаған болатын. Рейтингке қазақстандықтардың ішінде бес азамат кіріп отыр.