Сабақ жоспары Кураторлық сағат



Дата22.08.2017
өлшемі53,53 Kb.
#24408
Кураторлық сабақ жоспары

Кураторлық сағат

Тақырыбы: «Қарттарым – асыл қазынам»




Мектеп: Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыты: 01.10.2016 ж.

Куратордың аты-жөні: Шахабаева Б. Ә.

Сыныбы: 11«в»


Қатысқан оқушылар саны: 24

Қатыспағандар:

Мақсаты :

  • Бір-бірімен ынтымақтастықта жұптық, топтық байланысқа түсу арқылы жұмыс істеуге, кез келген жағдайда белгілі бір әрекетке бейім болуға және ойын ашық жеткізе білуге машықтандыру;

  • Отбасындағы бірлік пен татулықтың, шынайылық пен отбасылық дәстүрдің маңызын түсінуге ықпал ету.

  • Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.




Күтілетін нәтиже

Тақырып аясында ой қозғай отырып, отбасының маңызын түсінеді.

Жиында қамтылатын білім беру құндылықтары

  • Құрмет;

  • Ынтымақтастық;

  • Ашықтық;

  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік.

Мәңгілік ел құндылықтары

Ресурстар

Интербелсенді тақта, бейнебаян, презентация, т.б.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақтың жүрісі

Жиынның

басы

8 минут

Ортасы

27 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай «» атты кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Жанасбаев Жиренбай ағайға береміз.

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

Динамикалық сергіту сәті.

Ал, енді сергіту сәтіне уақыт берейік. Барлығымыз орындарымыздан тұрамыз. Қазір менің сөзіммен келісетіндер шапалақ ұрады, ал келіспейтіндер ештеңе істемейді.

  • Кім әке-шешесіне ұқсайды?

  • Кім әке-шешесі алыс сапарға кеткенде сағынады?

  • Кімнің отбасы спортпен шұғылданғанды?

  • Кім ата-анасынан құпия сақтамайды?

  • Кім ата-анасына үй қызметінде көмектеседі?

  • Кім өз отбасын бағалайды, сүйеді?

Әңгімелесу әдісі

Балалар, отбасыны бақытты, күшті ететін өзінің отбасылық дәстүрлері екені мәлім. Ал, енді сіздермен осы туралы әңгімелесейік. Сіздердің отбасыларыңызда қандай әдемі дәстүр бар?Ата-әжесінің отбасындағы әңгімелерін ортаға салады. Қандай ұғым бар?

(Балалар өз отбасындағы қалыптасқан дәстүр туралы айтады).


Жиынның соңы

5 минут

Рефлексия

Қорыту.

Балалар бақытты отбасы болу үшін адамда қандай қасиеттер болу керектігін стикерлерге жазып, интербелсенді тақтадан бейнеленген ағаш тамырларына жапсырады.

«Ағаш тамырымен мықты» демекші, адам отбасымен, достарымен мықты. Әр адамның оны күтетін, махаббат сыйлайтын ең жылы, қымбат мекені –отбасы. Мен сіздердің отбасыларыңыздың ең бақытты, тату, бірлігі жарасқан болуына тілектеспін!

Бүгін үйлеріңізге барғанда өздеріңіздің туған-туыстарыңызды қатты құшақтап, оларды қаншалықты сүйетіндеріңізді айтыңыздар.

«Әке туралы жыр» әні орындалады.

Кері байланыс

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Бүгінгі сабақтан ................ үйрендім.

Қазір менің көңіл-күйім...................

Өзім туралы....................

.....................отбасынан басталатынын ұқтым.

Келесі сабақта кездескенше, сау-саламат болыңыздар!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет