Сабақ жоспары Мектеп №52 Пәні: Биология Күні



Дата05.06.2017
өлшемі47,29 Kb.
#17863
түріСабақ
Табиғи сұрыпталу-эволюцияның бағыттаушы факторы.
Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Сүттіқұдық ауылы

№52 Б Аралбаев атындағы орта мектебінің

биология пәні мұғалімі: Иманбекова Перизат

Бекітемін

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Б .Оразгелдиева

Сабақ жоспары

1.Мектеп

№ 52

2.Пәні:

Биология

3.Күні:

11.02.2017

4.Сынып:

9. А Б

5.Мұғалімнің аты жөні:

Жұпарбаев Т

6.Сабаққа қатысқандар саны:




7.Сабаққа қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы:

§41.Табиғи сұрыпталу-эволюцияның бағыттаушы факторы.

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

(Оқу бағдарламасына сілтеме)



Оқушыларға табиғи сұрыпталу туралы ой қалыптастыру.

.


Сабақ мақсаттары:

1.Барлық оқушылар:

Барлық оқушылар табиғи сұрыпталу туралы толық білімдерін ажырата алады;



2.Көптеген оқушылар:

1. Табиғи сұрыпталу теориясын түсінеді




3.Кейбір оқушылар:

1. Қызықты материалдарды тауып, салыстырады.

2. Оқушылардың өз бетімен алған білімдерін бейнетаспа және қосымша ақпараттар арқылы түсіндіре отырып толықтырады, шыңдайды.

3. Бір-бірлерінің жауабын тыңдайды,қателерін түзетеді.



Бағалау критериийлері:

Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Құндылықтарды дамыту:

— белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыру.

— индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің артуы.

— өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрету және оны дамыту.

— шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.




Пән аралық байланыстар

Биология, Георафия ,Экология ,Химия

АКТ-ны қолдану дағдылары

Видео роликтер көрсетілім

Бастапқы білім

Миға шабул


Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Тыңдалым

2.Айтылым


Аристотельше тіріге үш негізгі белгі тән:
1.өсу мен көбею үшін - тамақ ;
2.организмді қозғалтатын – сезім;
3.ойлау;
Бұл белгілер жанның қасиетін анықтайды. Әртүрлі организмдердің жаны да әр түрлі: 
1)Қоректендіруші жан (өсімдіктерде)
2)Сезуші жан ( жануарларда)
3)Ақылды жан (адамда) болады. Осы жандардың әр бірі өзінше тірі дененің мақсатты дамуын қамтамасыз етеді.


Таратпа

Қағаздар

Интерактивті тақта


Сабақтың ортасы

3.Жазылым



Табиғи сұрыпталу эволюцияның келесі факторы, ол табиғатта үздіксіз жүріп жататын әрекет.

Бейімделушілік дегеніміз ағзалардың нақтылы орта жағдайында тіршілік етуін қамтамасыз ететін арнайы қасиеттердің пайда болуы.

Түр ішілік күрес. Бір түрге жататын даралар арасында жүреді. Түр ареалына біркелкі таралмай популяция түрінде ойдым ойдым таралады

Түр аралық күрес әр түрге жататын даралар арасында жүреді. Бір туысқа жататын түрлер ұқсас экологиялық жағдайда тіршілік етсе, онда түр аралық күрес шиеленіскен күйде жүреді.

Табиғаттың қолайсыз жағдайларымен тіршілік үшін күрес. Эволюция барысында ағзаларда әртүрлі қолайсыз жағдайларда тіршілік етіп, өз ұрпақтарын қалдыруға мүмкіндік беретін алуан түрлі бейімділік белгілер қалыптасады.



Түраралық күрес - бұл әр алуан түр дарақтарының арасындағы тіршілік үшін күрес. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлармен күрес.Модификациялық өзгергіштік жаңа жағдайға тап болған организмдердің барлық түрінде болады, бірақ ол тұқым қуаламайды.Өзгергіштік - тірі организмдердің жалпы қасиеті. Мутация - генотиптің өзгеруіне байланысты болатын жеке организмдердегі өзгергіштік.


Таратпа қағаздар

Постер Кесте



Сабақтың соңы

Оқылым



«Тез-тез...» сергіту сәті


1.Дарвиннің ойы бойынша, тіршілік үшін күрестің ең бастысы?

2.Паразитті жағдайдағы бәсекелестіктің үлгісін табыңыз:

3.Тіршілік үшін күрес ұғымын анықтаған ғалым:

4.Тұқым қуаламайтын өзгергіштік:

5.Ағзалардың нақтылы орта жағдайында тіршілік етуін қамтамасыз ететін арнайы қасиеттердің пайда болуы:

6.Бір түрге жататын даралар арасында жүретін күрес:




Сұрақтармен жұмыс?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет