Бағалау критерийі
|
Оқушы:
- дифференциалдық теңдеулер туралы негізгі ұғымдармен танысады және дифференциалдық теңдеулердің жалпы және дербес шешімдерін табады.
- айнымалылары ажыратылған дифференциалдық теңдеулерді шешеді.
- физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолданады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
- Дифференциалдық теңдеуді шешу жолдарын сауатты тілде түсіндіре алады және тұжырымдай алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
теңдеу, дифференциалдық теңдеу, дифференциалдық теңдеудің реті, дифференциалдық теңдеудің шешімі, жалпы шешім, дербес шешім.
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
дифференциалдық теңдеулер теориясын қолдана отырып…; теңдеудің екі жақ бөлігін интегралдап…; функциялар жиынын ала отырып…; шартын ескеріп… ; есеп шығару барысында…
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |