Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010



бет1/28
Дата10.03.2017
өлшемі5,05 Mb.
#11355
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты


2-сыныпқа арналған

сабақ жоспары

(Өңделген оқулық бойынша жасалған)

Алматы – 2010


Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты

2-сыныпқа арналған

сабақ жоспары

(Өңделген оқулық бойынша жасалған)

Алматы - 2010

АОМКДИ –нің ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды

(Хаттама №, 26.06.2010жыл)

Жалпы редакциясын басқарған: Күлімхан Жәйшібекова.,

АОМКДИ-нің директоры,

әлеуметтану ғылымдарының

кандидаты, доцент

Рсалдиева Анар Базарбайқызы -Талғар ауданы №2 С.Сейфуллин атындағы орта мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің орынбасары

Булекова Тұрымжан Бөкенқызы – Талғар ауданы №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Чамбатаева Айжан Даулетқызы - Талғар ауданы №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Пікір жазған: Жұмабаева Әзия Елеупанқызы– педагогика

ғылымдарының докторы,

қазақ тілі оқулығының авторы
Редакторы:Чокушева Алия Иағалиқызы– АОМКДИ директорының

орынбасары



Шығаруға жауапты: Асемжанова Зейнеп Зикрияқызы – мектеп

дейінгі тәрбие және бастауыш

білім беру кабинетінің меңгерушісі
Бұл әдістемелік құралда бастауыш сыныптарда 2-сынып пәндерін оқыту барысында бағдарламалық талаптарға сай өңделген оқулықтарға негізделген сабақ жоспары ұсынылып отыр. Сабақ жоспары қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, салауаттану, дене шынықтыру пәндері бойынша жасалған.

Жасалған сабақ жоспарында қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістерге сәйкес білім беру қызметіне жаңаша қарау, әлемдік тәжірибелерге және қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескеріп, оқыту мен тәрбиелеу мәселесінде тиімді жолдарды таңдап, дұрыс жоспарлауға бағыттайды.

Сол себепті, бұл әдістемелік құрал бастауыш сыныптарда пәндерді оқыту барысын жоспарлау үшін мұғалімдерге, студенттерге олардың кәсіби шеберлігін шыңдауына көмек көрсету үшін ұсынылады.

Қазақ тілі
1. Тақырыбы: Сөйлем және сөз

Мақсаты: Сөйлем және сөз туралы 1-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау.Сөздік қорларын дамыту Еліміздің рәміздерін қастерлеуге, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: Сұрақ-жауап, іздену



І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі: өткенді еске түсіру, дыбыс және әріп,сөз және сөйлем

ІІІ. Оқулықпен жұмыс: Жаттығу,суреттермен жұмыс,оқу талдау. Сөздік жұмыс жүргізу.

1-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап алу.Қазақстан Республикасының Конституциясы, Ата заңы қашан қабылданды?

2-жаттығу.Қазақстан Республикасының Конституциясы- Ата Заңы қашан қабылданды? ( жатқа жаттап айту).

Жазбаша жұмыс: 3-жаттығу. Өздігінен көшіріп, әр сөйлем неше сөзден тұратынын анықтап, қандай тыныс белгісі қойылғанын анықтау.



ІҮ. Бекіту.а)4-жаттығу (ауызша) сөйлемді оқып, салыстыру. ә)Сөз туралы не білеміз?

Суретке қарап сөйлем құрау. Сөз бен сөйлемнің айырмашылығы. б) Ойын «Кім тапқыр»



Ү. Үйге тапсырма:6- жаттығу
2 Тақырыбы : Дыбыс және әріп (5-9 жаттығулар)

Мақсаты: Өткенді қайталай отырып, алған білімдерін еске түсіру,жаттығулар орындау, Танымдық қабілеттерін дамыту.Сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 6- жаттығу (суретке қарап әңгіме құру) неше сөйлем,қандай тыныс белгісі қойылғанын анықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ: Дыбыс, әріп дегеніміз не? Қазақ тілінде неше әріп,неше дыбыс бар?( анықтап, дәлелдеу)

ІҮ.Оқулықпен жұмыс: 7- жаттығу.Өлеңді жатқа көшіріп жазу./күз, түз / сөздерінің мағынасын түсіндіру. 8- жаттығу .(әріптерді қою, сөйлем құру). «Қарындаш, таяқша, өзекше» сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Ү. Қорыту.Дыбыс нешеге бөлінеді?Дауысты дыбыстарды ата?Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

ҮІ. Үйге тапсырма: 9-жаттығу. Бағалау
3 Тақырыбы : Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар .10-14 жаттығу.

Мақсаты: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды еске түсіру, алфавит туралы қайталау. Ой-өрісін, сауатын қайталау.Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру,өздік жұмыс

Көрнекілігі: суреттер, алфавит

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру. 9 – жаттығу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Көркем жазу. Әә Әә Әә Әтеш.

Оқулықпен жұмыс: 1) (ауызша)10-жаттығу.Оқып, дауысты дыбыстарды табу,жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажырату.

Жазбаша жұмыс: 11 – жаттығу, мақалды жатқа жазу, Жуан дауыстылардың астын-бір, жіңішке дауыстылардың астын –екі рет сыз. 12-жаттығу, суретке қарап сөйлем құрау.

( тиісті әріптерді қою,дыбыстық талдау жасау)

13- жаттығуды сурет бойынша әңгіме құру, талдау, үйде өздігінен жазуға даярлау



ҮІІІ Үйге тапсырма: 13 жаттығу.Бағалау
4. Тақырыбы: Буын және тасымал. 14-18 жаттығулар

Мақсаты: 1-сыныпта өткен буын және тасымал туралы алған білімдерін қайталау, пысықтау Сауатты көркем жазуға баулу. Білімділікке тәрбиелеу.

Типі: қайталау.

Көрнекігілі: суреттер, кеспе қағаздар

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік,

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Буын және тасымал

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:13- жаттығу

ІІІ. Білімді тексеру:1. Көркем жазу . Бб Бб Бб Балық, балық.2. Балапан, от, жұмыс, доп сөздерін буынға бөлу.

2). 14-жаттығу.Алфавит ретімен буынға бөліп жазу. Дауысты дыбысқа аяқталған буындардың астын сызу.

.Ши-е, бүл-дір-ген, өр-мек-ші, бүр-кіт, е-мен, ға-рыш, доп, хат, шар, ит, ән-ші,ки-ік , тас, үй,ұя. (Буынға бөлінбейтін сөздерді анықау, неліктен бөлінбейтінін дәлелдеу)

15- жаттығу (өздік жұмыс. Жатқа жазу, бір буынды сөздерді табу. Көп буынды сөздерді буынға бөлу.)



ІҮ. Бекіту:Жаттығулар орындау. 1) ойын «кім жылдам?» (көп сөздер ойлап,оны тасымалдап жарысу).

2).16- жаттығу. Ауызша ребусты шешу, тасымалдау.



Ү. Үйге тапсырма:16-жаттығу «Тауық» туралы білетініңді жаз.

Бағалау
5. Тақырыбы: Буын және тасымал. 17-18 жаттығулар



Мақсаты: 1-сыныпта өткен буын және тасымал туралы алған білімдерін қайталау, пысықтау Сауатты көркем жазуға баулу. Білімділікке тәрбиелеу.

Типі: қайталау.

Көрнекігілі: суреттер, кеспе қағаздар

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік,

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Буын және тасымал

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:16- жаттығу

ІІІ. Білімді тексеру:1. Көркем жазу . Бб Бб Бб Балық, балық.2. Балапан, от, жұмыс, доп сөздерін буынға бөлу.

2). Жаттығулар орындау.

Жазбаша: 17- жаттығу. Сөздерді тасымалдау белгісін қойып көшір. (тасымалдауға келмейтін сөздерді тауып, неліктен тасымалданбайтынын түсіндіріп көр).

3) (диктанттар жинағынан жаттығулар орындау.)



ІҮ. Бекіту 18-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құру. Әңгімеден тасымалға бөлінбейтін сөздерді тап.

Ү. Үйге тапсырма:18-жаттығу.Бағалау
6.Тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер /19-23 жаттығулар/

Мақсаты: Өткенді қайталай отырып заттың атын білдіретін сөздерді еске түсіру,жаттығулар орындау. Тілін,сөздік қорларын дамыту,Сауаттылыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу

Типі: қайталау.

Көрнекігілі: суреттер, кеспе қағаздар

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік,

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Заттың атын білдіретін сөздер

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:19- жаттығу

ІІІ. Жаңа сабақ. Білімді тексеру:1. Көркем жазу . Вв Вв Вв Вагон.2. Заттың атын білдіретін сөздер

2). 19- жаттығу, көп нүктенің орнына ұйқасын тауып жаз, сұрақ қой, нені білдіретінін айт.

3). Өздік жұмыс: 20- жаттығу. Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, не? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтастырып жаз.

ІҮ.Бекіту.Жаттығулар орындау.21 – жаттығу. Сөзжұмбақ шешу, жазылу ерекшелігін айт.

Сергіту сәті: 22-жаттығу.Ауызша орындау. Кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді кімдер? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздермен салыстырып, қорытынды жасап көр.



ҮІ Үйге тапсырма:23-жаттығу. Бағалау
7. Тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер /24-28 жаттығулар/

Мақсаты: жаттығулар орындай отырып, заттың қимылын білдіретін сөздерді таба білу, сұрақтар қоя білу, өткенді еске түсіру. Сауатты көркем жазуға, байланыстырып сөйлей білуге баулу. Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Типі: қайталау.

Көрнекігілі: суреттер, кеспе қағаздар

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік,

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Заттың қимылын білдіретін сөздер

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 23- жаттығу. Заттың атын білдіретін сөздерді табу, сұрақ қою арқылы дәлелдеу.

ІІІ. Жаңа сабақ. Білімді тексеру:1. Көркем жазу . Гг Гг Гг Гүл. Кім? Апа, аға, оқушы, Не? Парта, оқулық.

2. Заттың қимылын білдіретін сөздер (мысалдар арқылы анықтап, дәлелдеу)



ІҮ.Бекіту:Жаттығулар орындау. 1) ауызша талдау: 24-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою. Нені білдіретінін анықтау.

Балалар ойнады. Жаңбыр жауды. Жапырақтар сарғайды. Әсел оқыды.



Өздігінен жұмыс. 25–жаттығу. Жатқа жаз, қимылды білдіретін сөздерді тап. ( бағады, шабады, сауады, қағады)

Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазу ( 26- жаттығу).



Сергіту сәті.

Ойын « кім зерек ?»: 27–жаттығу Берілген сөз қай дыбысқа аяқталса, сол дыбыстан басталатын қимылды білдіретін сөздерді тап.

Үлгі: жолдас- секірме, есті, іл, лақтыр, ...

Ү. Үйге тапсырма:1. 28 –жаттығу . 2. Бағалау
8. Тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер /29-33 жаттығулар/

Мақсаты: жаттығулар орындай отырып, заттың сынын білдіретін сөздерді таба білу,сұрақтар қоя білу, өткенді еске түсіру.Сауатты көркем жазуға, байланыстырып сөйлей білуге баулу. Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Типі: қайталау.

Көрнекігілі: суреттер, кеспе қағаздар

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік,

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Заттың сынын білдіретін сөздер

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 28 - жаттығу

ІІІ. Білімді тексеру: 1) Көркем жазу. Ғғ Ғғ Ғғ ғарыш.

2. Заттың қимылын білдіретін сөздер. 29- жаттығу. (әдемі,қызық, салқын, тәтті –сұрақ қою, нені білдіретінін анықтау)



ІҮ. Бекіту:Жаттығулар орындау. ( өздік жұмыс) 30-жаттығу .Көп нүктенің орнына заттың сынын білдіретін сөздерді қойып, қандай сұраққа жауап беретінін айт. (Үлгілі оқушы, жасыл бор, үлкен бөлме, ...)

31- жаттығу . Қызық, жүйрік, өткір сөздерін қатыстырып сөйлем құра, сұрақ қойып дәлелде.

32- жаттығу суреттегі заттарды салыстыр.

Ү. Үйге тапсырма: 1. 33 –жаттығу. (сөздерді пайдаланып, сыныптағы бір оқушыға мінездеме бер)

2. Бағалау


9. Тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер /34- 38 жаттығулар/

Мақсаты: жаттығулар орындай отырып, заттың санын білдіретін сөздерді таба білу, сұрақтар қоя білу, өткенді еске түсіру.Сауатты көркем жазуға, байланыстырып сөйлей білуге баулу.Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Типі: қайталау.

Көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Заттың санын білдіретін сөздер

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 33 - жаттығу

ІҮ. Білімді тексеру:1.Көркем жазу. Дд Дд Дд доп

2. Заттың санын білдіретін сөздер. 34- жаттығу. Ауызша талдау, заттың санын білдіретін сөздерді табу, сұрақ қою. Жұмбақ есептің шешуін табу. (4 мысық)



Ү.Бекіту:Жаттығулар орындау. 35-жаттығу. Өздік жұмыс. Сан есімдердің қай сөзбен байланысып тұрған айт.

Сергіту сәті

.36- жаттығу. Ребус шешу,сөйлем құру. ( жүз елу.)

37-жаттығу. Салыстыр, ерекшелігін анықта, сұрақ қой.

Неше? Нешінші?

Екі үшінші

Он бір бесінші

Қырық алтыншы

Жиырма оныншы

ҮІІ Үйге тапсырма:1. 38 –жаттығу. 2. Бағалау
10. Тақырыбы: Диктант Алматы көлі

Мақсаты: Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру. Сауатты , көркем жазуға баулу.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Диктанттар жинағы

Әдісі:

Түрі: бағалау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі.Диктант. Алматы көлі

ІІІ. Білімдерін тексеру.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады?Диктант мәтінін оқып жаздыру.

Алматы көлі.

Алатаудың сұлу жерлері көп. Оның ішінде Алматы көлінің орны ерекше. Бұл көл тәуліктің әр мезгілінде түрліше құлпырады. Таңертең жап-жасыл болып кетеді. Сондықтан халық оны «Жасыл көл» деп те атайды.


  1. Диктантты аяқтаған соң, асықпай бір рет оқып шығып, тексертемін.

  2. Тапсырма орындау. 1. « Жасыл көл» сөзіне дыбыстық талдаужаса.

2. У әрпінің астын сыз.

ІҮ. Сабақты аяқтау: Бағалау.
11 . Тақырыбы: Қатемен жұмыс. Сөйлеу мәдениеті. 39-41 жаттығу.

Мақсаты: Оқушылардың жазған диктанттарын талдау, Сауатты жазуға үрету.Оқушыларға сәлемдесу үлгілерін түсіндіре отырып, жаттығулар орындау. Сөйлеуін, сөздік қорларын дамыту.Мәдениеттілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: плакат, топтама.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

ІІ. Мақсат қою.Қатемен жұмыс. Сөйлеу мәдениеті.

ІІІ Диктантты талдау.а/ жіберілген қателермен жұмыс жүргізу.ә/ талдау.б/ тақтамен жұмыс. Сөздік жұмыс. Ережелерді еске түсіру. Дәптерлеріне сөздік диктант жазғызу.

Ү. Оқулықпен жұмыс. 39,40-жаттығу. Сәлемдесу үлгілерін оқу. Оқу, талдау, әңгімелеу.Сәлемдесу үшін айтылатын сөздерді көшіріп жазу. Сәлемдесуге байланысты түрлі мысалдар келтіру.Өмірмен байланыстыру.

ҮІІ Бекіту.Суреттерге талдау жасау.Сәлемдесу.Мақал-мәтелдер.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:41-жаттығу.Бағалау.
12. Тақырыбы: Тіл және сөйлеу туралы түсінік /42- 45 жаттығулар/

Мақсаты: Тіл және сөйлеу жайлы түсінік беру. Тіл арқылы бір –біріне хабар беріп,білмегенін сұрап кеңесетінін айту.Тілін, сөздік қорларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Типі: жаңа сабақ

Көрнекігілі: суреттер, оқулық

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік,

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тіл және сөз туралы түсінік.Тіл бізге не үшін қажет?

ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс,а/ 42- жаттығу. Сурет бойынша «Сөйлеу не үшін қажет» сұрақтарына жауап беру.Сөйлесуге дайындау, сабақ , кітап,газет оқуға үйрету, теледидар көру.

ә/ 43- жаттығу.Сөйлемнің мағынасын түсіну.Тіл арқылы адамдар бір-бірімен түсінеді Сергіту сәті:Дәптермен жұмыс



Көркем жазу:Зз Зз Зз Зауза. б/ 44-жаттығу Мәтінді оқып, мазмұнын жазу

ІҮ. Қорыту.Бүгін не өттік?Қазір адамдар бір-біріне қалай хабар береді?

Ү. Үйге тапсырма:1. 39 –жаттығу. 2. Бағалау
13. Тақырыбы: Сөйлеудің түрлері мен мәнері /46-49 жаттығулар/

Мақсаты: Тіл және сөйлеу жайлы түсінік бере отырып,.сөйлеу түрлерінің түрлерін ажырата білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту. Байқампаздыққа тәрбиелеу.

Типі: жаңа сабақ

Көрнекігілі: суреттер, оқулық

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік,

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:45 жаттығу

ІІІ. Білімдерін пысықтау:Адамдар-бір-бірімен қалай түсініседі?Тіл не үшін қажет?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Сөйлеудің түрлері мен мәнері

Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс,Көркем жазу:Ии Ии Ии Ине. а/ 46- жаттығу

Ауызекі сөйлеу – дыбыстап айтып, құлағымызбен еститін сөздер, Яғни үн арқылы беріледі.ә/ 47- жаттығу.Мәтінді оқу. Жазылып берілетін хабар жазбаша сөйлеу деп айтылады. Адамдар ертеде әріпті немесе таңбаларды білмей, тасқа сурет салып білдірген. Алғашқы екі сөйлемді көшріп жазуб/ Сұрақтарға жауап алу.- Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болған.



Сергіту сәті:в/ 48- жаттығу.Әр сөйлемдегі қимыл иесі сөйлеу тілінің қай түрін қолданғанын айту.г/ 49- жаттығу ауызша орындау.

ҮІ. Қорыту.Арнайы суреттер бойынша сөйлеу тілінің қай түрі екенін айту.

ҮІІ Үйге тапсырма:1. Тіл және сөйлеу мысалдар келтіру.2. Бағалау
14. Тақырыбы: Дыбыс және әріп. «У» дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы. /50-54 жаттығу/

Мақсаты: 1. «У» дыбысының дауысты және дауысыз болып айтылуы жайлы түсінік беру. 2.Тілін, сөздік қорларын дамыту 3. Алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакат, суреттер

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену,өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу, түгендеу,оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру.Сөйлемнің қандай түрлері бар?Ауызекі сөйлеу не арқылы беріледі?Жазбаша сөйлеу иілі деген не?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:У дыбысы қандай дыбыс. У дыбысына келетін сөздер табу.

Ү. Жаңа сабақ

Көркем жазу: Ққ Ққ Ққ Қала.

50- жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. У дыбысы бар сөзді буынға бөлу.Тау-ға, бау-ға, ту-ып, ау-ла-ға.1. У дыбысының қай кезде дауыссыз екенін айту. 51 –жаттығу топтап жазу, неліктен олай топтағаныңды дәлелдеп көр. Жаңылтпашты оқу. Ау-ыр-са, тәу-ір /дауыссыз/.Ережені меңгерту.



Сергіту сәті

ҮІ. Бекіту. 52 жаттығу. Ребус шешу (бауырмал), сөйлем құру.

У дыбысы қандай дыбыс?



ҮІІІ. Үйге тапсырма: 53 жаттығу.Бағалау.
15. Тақырыбы: У дыбысының айтылуын пысықтау.

Мақсаты: У дыбысының дауысты болып айтылуын меңгерту. Тілін, сөздік қорларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбелеу.

Көрнекілгі: арнайы суреттер бойынша

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.53- жаттығу.

ІІІ. Білімін тексеру. 54-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, у дыбысы бар сөздерді буынға бөлу, оның алдындағы дыбысқа көңіл бөлу.

Өздік жұмыс.55- жаттығу. Жатқа жаз, у дауысты ма? Дауыссыз ба? Анықта, астын сыз.

Топпен жұмыс: 56-жаттығу.

1. заттың аты: сусын, ...

2. заттың сыны: зәулім, ...

3. заттың саны. елу, ...

4. Қимыл атауы: қыдыру, ...

ІҮ .Бекіту. 57- жаттығу. У дыбысы қандай дыбыс? У дыбысының дауыссыз болып айтылуы. Мысалдар келтіру, талдау, дәлелдеу.

/қауын, емдеу, бояу т.б./



ҮІІІ. Үйге тапсырма: 58-жаттығу.Бағалау.
16. Тақырыбы: У әрпінің айтылуын пысықтау.

/ 59-67 жаттығу/

Мақсаты: 1. Жаттығулар орындай отырып, «У» әрпінің жазылуын және айтылуын салыстыра білу, есте сақтау.2. Тілін , сөздік қорларын дамыту.3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакат

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу, түгендеу,оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.58 – жаттығу

ІІІ Білімдерін тексеру.У дыбысының дауыссыз болып айтылуыУ дыбысының дауысты болып айтылуы. Мысалдар келтіру, талдау. Тура, уық, байлау, оқушы сөздерін буынға бөліп талдау.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.тақырыбы, мақсаты.

Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс. 59-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу,салыстыру, түсіндіру.

Өздік жұмыс. 60- жаттығу.Қуу, жауу,сауу, буу



ҮІІ Бекіту.Ойын .«Кім жылдам». У дыбысы бар сөздерді табу. 62- жаттығу оқу, түсіндіріп дәлелдеу.

ҮІІІ Үйге тапсырма:61- жаттығу. Бағалау
17. Тақырыбы: У әрпінің жазылуы / 63-71 жаттығу/

Мақсаты: 1. Жаттығулар орындай отырып, «У» әрпінің жазылуын және айтылуын салыстыра білу, есте сақтау.2. Тілін , сөздік қорларын дамыту.3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакат

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу, түгендеу,оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.61 – жаттығу

ІІІ Білімдерін тексеру.У дыбысының дауыссыз болып айтылуыУ дыбысының дауысты болып айтылуы.Мысалдар келтіру, талдау.Тура, уық, байлау, оқушы сөздерін буынға бөліп талдау.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс.63 жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. У дыбысы бар сөзді табу.64-жаттығу. Сөздерді түсініп оқу. У дыбысының айтылуы мен жазылуын салыстыру.Ту, тура, шуда, жуас.

ҮІ Білімін тексеру. 65-жаттығу, Суретші, шуда, жуас сөздерін қатыстырып сөйлем құру. 66,69- жаттығу.Ребусты шешу. «Қуыршақ» (Аққу,сиыр,бұршақ).

ҮІІ Бекіту.Бүгін не білдік? У дыбысы қай кезде дауыссыз және дауысты болады. Мысалдар келтіру. 67,70 – жаттығулар ауызша дәлелдеу.

ҮІІІ Үйге тапсырма:71- жаттығу. Бағалау
18. Тақырыбы: У әрпінің жазылуы

Мақсаты: У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтулы және жазылуын меңгерту.Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.Белсенділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Плакат

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. сабаққа даярлық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет