Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010


V. Жаңа материалды пысықтауДәптермен жұмыс



бет10/36
Дата31.12.2019
өлшемі5,25 Mb.
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36

V. Жаңа материалды пысықтауДәптермен жұмыс40-жаттығу Өлеңді оқып жуан айтылған сөздерді теріп дәптерге жазу.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынай көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

Оқулықпен жұмыс

(Тақтаға әр түліктің суретін іліп, олардың төлдерін қалай атайтынын сұрай отырып, өлеңмен таныстыру.)Өлеңді тізбектей оқыту

Малды құрметтеу қажет екені туралы түсінік беруаған, қолғап, қой, қалпақ



VI.Жаңа сабақты қорытуТөрт түлік мал туралы білген болсақ , ендеше олардың төлдерін топтастырайық

VІІ. Бекіту: Схема пайдалану

VIIIҮйге тапсырма, бағалау Өлеңді мәнерлеп оқып келу
26 сабақСабақтың тақырыбы: Әже.Әлди-әлди. Жаттығу жұмыстары

Сабақтың мақсаты: а) Ананың әлдиі, әже өлеңдеріне түсінік беруә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту б) Әжені құрметтегу, ананы аялауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: Әже, отбасы сурет.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II. Мақсат қою кезеңі:-Балалар, ұйықтар алдында аналарың сендерге бесік жырын айтады ма? - Қандай өлең жырларын білесіңдер?-Аналар туралы не айтамыз?Анамызға қалай көмектесеміз?- Ендеше бүгінгі өтетін жаңа тақырып «Аналарға» арналады.

III. Жаңа сабақ

Оқулығымызға қарайық,Әлди -әлди

Әлди,әлди,ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама ,бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін,

Жілігіңнің басына

Үкі тағып берейін

2. Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар?Олар жуан ба, жіңішке ме?ЕРЕЖЕ сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады: дәптер,терезе, киік, өзен, күрек.

Суретке қарап әңгіме құрастыру

Шаңырақ шуағы Сергіту сәті

42-жаттығу.Өлеңді жаттап алу.

Құттықтаймын , мама, туған күніңмен

2. Жіңішке айтылған сөздерді атаңдар.Олардың құрамындағы дауыстылар жуан ба, жіңішке ме? Өлеңді әнімен айту.



Мәтінді оқу

Сергіту сәті

Өлеңді түсініп оқу Әже



IV. Жаңа материалды пысықтауӘже туарлы әңгіме құру.

V. Бекіту кезеңіӘже, ана туралы өз ойларын айтқызу VI. Үйге тапсырма, бағалау
27 сабақ Сабақтың тақырыбы: Не тәтті?

Сабақтың мақсаты: а) Шешендік сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру Жиренше шешен туралы түсініктерін қалыптастыру сөздік қорын қалыптастыру б) Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау, бекіту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: Жиренше шешен туралы аңыз әңгімелер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырманы сұрау, пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Ережелерді еске түсіру.

IV. Мақсат қою кезеңі:- Балалар, қандай шешен, билерді білеміз?

V. Жаңа сабақОқулықпен жұмыс43-жаттығу Мәнерлеп оқып, көшіріп жазуАна

Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет.

Ғ.Мүсірепов

1. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Не тәтті?

Мәтіндегі екі баланың жауабын салыстырыңдар.



VI. Жаңа материалды пысықтау44-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу

Ең жақын адам

Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім» дейтін . Ф.Оңғарсынова



VII. Бекіту кезеңі: Жиренше шешеннің тағы да басқа аңыздарын оқып, талдау

VIII. Үйге тапсырма, бағалау
28 сабақ-29 сабақ . Сабақтың тақырыбы: Әдептілік әліппесі.

6 Өзіндік жұмыс



Сабақтың мақсаты: а) Адамгершілік туралы түсініктерін қалыптастыру. ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту б) Үлкенді құрметтеуге сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырманы сұрау, пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Алған білімдерді пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі:- Бүгінгі «Үлкенге құрмет-кішіге міндет». Үлкендерді қалай сыйлаймыз.

V. Жаңа сабақОқулықпен жұмыс45-жаттығу Өлеңді оқып, үшінші шумағын көшіріп жазу.Бесік жыры2. Жуан айтылатын сөздердің астын-бір рет, жіңішке айтылатын сөздердің астын екі рет сызыңдар.Мәтінді түсініп оқыңдар.

Әдептілік әліппесі

Атам менің әрқашан

Кішіпейіл бол деген.

Ақыл сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.

Атам менің әрқашан

Бол дейтұғын бауырмал.

Мынау байтақ ғаламда

Қаншама дос, бауыр бар.

Өлеңді тізбектей отырып, кезектестіріп оқыту.

VI. Жаңа материалды пысықтау2. Атасы немересіне қандай ақыл айтты?3. Ақыл сөздерді қалай түсінесіңдер?4. Саған ата-анаң қандай ақыфл айтады?5. «Менің атам» тақырыбына әңгіме айтыңдар6.Өлеңнен атаның ақыл сөздерін теріп жазу.

VII. Бекіту кезеңі:№6 өзіндік жұмыс

1-нұсқа


Жуан айтылған сөздердің астын бір, жіңішке айтылған сөздердің астын екі рет сыз.

2-нұсқа


1.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз.

2. жуан айтылған сөздердің астын екі рет сыз.3-нұсқа.



VIII. Үйге тапсырма, бағалау
30 сабақСабақтың тақырыбы: Ақсақалдың ақ батасынан. Мақалдар.

Сабақтың мақсаты:а) Адамгершілік туралы түсініктерін қалыптастыру. ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту б) Үлкенді құрметтеуге сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу



II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырманы сұрау, пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңіЕрежелерді еске түсіру.

IV. Мақсат қою кезеңі:- Дауысты дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?- Дауыссыз дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?

V. Жаңа сабақОқулықпен жұмыс46-жаттығу Сөздерді салыстырып оқыңдар .сан-сән от-өт ыс-іс ұн-үннан-нән боз-бөз тыс-тіс тұс-түс2. берілген сөздердегі а-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү дауысты дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын байқау.ЕРЕЖЕ 47-жаттығу жаңылтпашты тездетіп, дұрыс оқыңдар.Жаңылтпаш

Дән-дәулет.

Дәулет-дән

Сән-сәулет

Сәулет-сән

2. Сөздердің ә дыбысының жіңішке естілуін байқау48-жаттығу1. Сөйлемдерді көшіріп жазуБіз ауамен дем аламыз.Адамға таза ауа өте қажет.Әуе ашық, таза.2. ауа, әуе сөздеріндегі а,ә дыбыстарын салыстырыңдар.Қайсысы жуан , қайсысы жуан, қайсысы жіңішке айтылған?



VI. Жаңа материалды пысықтау«Әке көрген оқ жонар» деген

нақыл сөз беріліпті кім қалай түсінеді?

Ақсақалдың ақ батасы

Оқуда алғыр бол,

Ойлауға даңғыл бол.

Өмірде әділ бол,

Ашуда сабыр бол.

Ісіңде шебер бол,

Ақылға кемел бол.

Қиынға батыл бол,

Еңбекте батыр бол.

Уәдеңе берік бол,



Ауылыңа көрік бол.

VII. Бекіту кезеңіМақалдар. Ата балаға сыншы

  1. Ата-бәйтерек

Бала-жапырақ

  1. Батаменен ер көгерер

Жаңбырменен жер көгерер

  1. Атадан бала туса игі,

  2. Ата жолын қуса игі

VIII. Үйге тапсырма, бағалау
31-32 сабақСабақтың тақырыбы: Әке мен бала . А-Ә дыбыстары.

Сабақтың мақсаты: а) Әңгімен оқи отырып , алған білімдерін пысықтау. ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту б) Үлкенді құрметтеуге сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

IV. Мақсат қою кезеңі:Балалар мәтін оқиық мәтін Әке мен бала туралы болмақ.

V. Жаңа сабақ:Мұғалім мәтінді өзі оқып береді.Әңгімедегі әке мен баланың іс-әрекетін кім маған сипаттап береді?2. Әкесі тағаны баласына неліктен алдырғысы келді?3. Баласы тағаны неге алмады деп ойлайсыңдар?4. Әкесі тағаны қалай пайдаға асыруды?5. Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

VI. Жаңа материалды пысықтау:Әке мен баланың іс-әрекетін суреттеу.49-жаттығу 1. Сөздердің дыбысталуын салыстырып оқыңдар.Асқар-әскер тары-дәріБары-бәрі сатты-сәттіСан-сән ар-әрАл-әл ақ-әкБерілген сөздердегі а,ә дауысты дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын байқаңдар3. Қарамен жазылған сөздердікөшіріп жазыңдар.Олардың жуан және жіңішке айтылуы қай дыбысқа байланысты?

VII. Бекіту кезеңі:Балалар, Әке мен бала мәтіндері туралы түсініктерін талдау.Әке мен балаға сипаттама беру.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау Мақалдар.
33 Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке дауыстылар. Көкемнің ақылы.

Сабақтың мақсаты: а) Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықтау, мамандықтар туралы түсінік беру. ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту б) Әр мамандықтың пайдасы туралы айта отырып , әр мамандық иесін құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау

IV. Мақсат қою кезең:-Балалар , бүгін біз сіздермен жуан, жіңішке дауысты дыбыстар туралы алған білімімізді пысықтаймыз

V. Жаңа сабақ:50-жаттығу 1. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.1. Д... рігер ауруға д...рі берді.2....скер күзетте тұр.

3. Әбішұлы Әріп-т..ртіпті, ұқыпты оқушы.Әріп д..птерлерін таза ұстайды.4. Әсем с...нді киініп жүреді.4. ә жуан дауысты дыбыс па, жіңішке дауысты дыбыс па?Дыбысталу ерекшеліктерін байқаңдар.51-жаттығу Сөздерді салыстырып оқыңдар.От-өтОр-өрОн-өн2. Сөз жұптарындағы о, ө дауысты дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын байқау3. сөздерді жуан, жіңішке етіп тұрған дауыстыларды атаңдар.Сергіту сәті «Көкемнің ақылы» Өлеңді мәнерлеп оқып әке тілегін теріп оқып, мәнін түсіну



VI. Жаңа материалды пысықтауЖуан-жіңішке жұп дауысты дыбыстарға мысалдар келтіру

VII. Бекіту кезеңі:Көкемнің ақылы өлеңін оқып талдау.Тізбектей оқыту

VIII. Үйге тапсырма, бағалау:Өлеңді мәнерлеп оқып келу.
34 сабақСабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.О, қорқайын мен неге?

Сабақтың мақсаты: а) Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін

пысықтау,нағашы ата туралы түсініктерін қалыптастыру ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамытуб) Үлкен кісіні сыйлауға , құрметтеуге тәрбиелеу



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау

IV. Мақсат қою кезеңі:-Балалар , бүгін біз сіздермен жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды талдаймыз

V. Жаңа сабақ:Оқулығымыздың 62 бетіне қарайық.Өлеңді жаттап алыңдар

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де. С.Мәуленов

52-жаттығу Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Өркен ерте тұрды.Ол т... сегін жинады.Апасы қ...ра сыпырып жүр екен.Өркен күрек алды.Ол апасына к... мектесті.

2. О, ө дыбыстар бар сөздердің астын сызыңдар.

53-жаттығу 1.Көп нүктенің орнына берілген жуан дауыстылардың жіңішке сыңарларын тауып жазу.

Жуан дауыстылар:а,о, ы, ұ

Жіңішке дауыстылар: ..., ...., ...., .....,

2.Жуан және жіңішке дауыстыларға қатысты сөздар тауып айту.

54-жаттығу Сөздердің дыбысталуын салыстырып оқу.

VI. Жаңа материалды пысықтау:Өлеңді оқу

О, қорқайын мен неге?

Нағашы атасы:

-Шам жақпаған үйде сен

Қалмайды дейді.

Қараңғы бөлмеге кір десе,

Бармайды дейді.

Осы рас па?

Жиені:

-О, қорқайын мен неге?



Нанбасаңыз,

Сол қараңғы бөлмеге

Менімен бірге жүріңіз

Менімен бірге кіріңіз

Нағашы атасы:

-Мен жаңылып айтып жатыр екем ғой.

Менің жиенім батыр екен ғой... М. Әлімбаев

VII. Бекіту кезеңі:1.Өлеңді оқу барысында әрбір сөйлемнің, сондай-ақ екі кісі сөзінің-диалогтің дауыс ырғағын сақтаңдар.2. Өлеңді талдап қосымша сұрақтар қою.

VIII. Үйге тапсырма, бағалауӨлеңді мәнерлеп оқып келу. 3. «Нағашы ата»туралы әңгіме жазыңда
35 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Көрші атам. Сәлем бере білейік. Мақалдар

Сабақтың мақсаты: а) Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықта ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту б) Үлкен кісіні сыйлауға ,әдептілікке тәрбиелеу, дұрыс амандасуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.балалар, өткен сабақта қандай тақырып өткен едік кім маған айтады?Дұрыс, дайын болсақ , сабақ айтамыз.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-Балалар, осы нағашы ата деген кім?-Дұрыс мамамыздың әкесі.-Кім өз нағашы атасы туралы айтып береді?

IV. Мақсат қою кезеңі:-Балалар , біз үлкен аталармен амандасқан кезде ұлдар не деп амандасамыз?.- Балалар, осы Сөз атасы –сәлем деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?-Үлкен апалармен амандасқанда қалай амандасамыз?- Көрші аталарыңмен, апаларыңмен қалай амандасасыңдар?

V. Жаңа сабақ:Бүгінгі өтетін жаңа тақырыпта «Көрші атам»деп аталады.

Күнде үйінің қасынан

Көрші атамды көремін

Жүгіріп кеп асыға

Оған сәлем беремін

Қолымды ол күліп кеп,

Иіліп тұрып алады

-Міне нағыз жігіт!- деп,

Сүйсініп бір алады

Сәлем бере білейік (көрініс ретінде)

-Ассалаумағалайкум!-«Алланың нұры жаусын!»

- Уағалайкумассалам!- «Өзіңізге де соны тілеймін!»

Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесіңдер?

М. Жаманбалиев



V .Жаңа материалды пысықтау:-Ал енді бір-бірімізбен амандасып көрейікші.Сыныптастармен,Мақалдар

VI. Бекіту кезеңі

VII. Үйге тапсырма, бағалау

38 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Не деу керек? Буын



Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға буын туралы түсініктерін қалыптастыру

ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамытуб)Үлкен кісіні сыйлауға ,әдептілікке тәрбиелеу, дұрыс амандасуға тәрбиелеу



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге қандай тапсырма берілді?Біз бір-бірімізбен қалай амандасамыз, қане көрсетейік.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін пысықтау

IV. Мақсат қою кезеңі:Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «буын » туралы болмақ. Буын дегеніміз не?- Қане кім айтады?

V. Жаңа сабақ:Ереже Сөзде неше дауысты дыбыс болса сонша буын болады: от, ба-ла58-жаттығу 1. Сөздерді буынға бөліп оқу.Апа, әже, ата,көке, шеше, нағашы,жиен.

Әр сөздегі дауысты дыбыстарды атау.Суретке қарап әңгіме құрап көрейік-Ата және бала.Бала атаға қалай көмектесіп жатыр?-Дұрыс, жолдан өтуіне көмектесіп жатыр.Сергіту сәті59-жаттығу мақал-мәтелдерді оқыңдар.1.Ананың сүті-бал,Баланың тілі-бал2.Күнніңшуағы жылы,Ананың құшағы жылы.2. Әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын барын айтыңдар.



VI. Жаңа материалды пысықтау:

Не деу керек?

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді



  • Не деп барып , жеу керек?

Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу, айқай

Сен де шықтың ,көршіңді

Қағып кеттің байқамай



  • Мұндайда не деу керек?

Әжең сенің түскі асқа

Қант-кәмпит салды мол

Жұрттан бұрын ыдысқа

Өз бетіңмен салдың қол



  • Жөн еді не айтқаның?

VII.Бекіту кезеңі:-Балалар, өлеңдегі сауалдарға жауап беріп көрейікші- Бұдан басқа қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?Мақалдар

  1. «Сіз» деген- әдеп,

«Біз» деген- көмек.

  1. Әдепті бала

Ата –анасын мақтатар

Әдепсіз бала

Ата-анасын қақсатар

VIII. Үйге тапсырма, бағалау
39сабақ. Сабақтың тақырыбы: Буын.Бөрік

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға буын туралы алған білімдерін пысықтау ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту б) Үлкен кісіні сыйлауға ,әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, ойын «қолғаптың сыңарын тап»

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Балалар, «Не деу керек?» өлеңін кім мәнерлеп оқып бередіБерілген сұраққа толық жауап береміз.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Ережені еске түсіреміз

Буын дегеніміз не?Енді мына сөөздердің буындарын «Қолғаптың сыңарын тап» ойыны арқылы табамыз.Ал-ма, ба-ла, о-рақ қа-лам.



IV. Мақсат қою кезеңі:-Балалар , біз сендермен «буын» туралы ержені қайталай отырып білімімізді пысықтайық.

V. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс60-жаттығу 1. Сөздерді буынға бөліп оқыңдарара қала аюа-ра қа-ла2. Төмендегі берілген сөздерді буынға бөліп, бағандағы көрсетілген тиісті сөздердің астына жазыңдар.Бала, оқы, ою, екі, шеге, ұя, жина, ию.

3.Сөз буындарының неше дыбыстан құралғанын айтыңдар.Дауыссыздардың буын басында келгеніні байқаңдар.61-жаттығу Сөздерді буынға бөліп оқыңдар.

орақ қалам мая 2. мына сөздерді буынға бөліп, бағандағы көрсетілген тиісті сөздердің астына жазыңдар.Өрік, көмір, қия, ыдыс, мысық, қою.г3.Сөз буындарының неше дыбыстан құралғанын айтыңдар.буындағы дыбыстардың орналасу ретін аңғарыңдар.

VI.Жаңа материалды пысықтау:

Мәтінді түсініп оқыңдар Бөрік



VII.Бекіту кезеңі:1Нұрмаш әкесінің бөркін не үшін кигісі келді? 2Әкесінің бөркін киген Нұрмашты сипаттаңдарБекбай атай неліктен бөрікке тіл қатты?3Өзіңнің үлкендерге ұқсағың келе ме?Неліктен?

VIII. Үйге тапсырма, бағалау 62-жаттығу 2 тапсырмасы.
40сабақ. Сабақтың тақырыбы: Буын.Төзім

Сабақтың мақсаты: а) Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтай отырып,

төзім, ықылас туралы түсініктерін қалыптастыру. ә) Оқушылардың сабақ барысында ойлау қабілетін,сөздік қорын дамытуб) Төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Балалар , Бөрік әңгімесінде Бекбай атай неге бөрікке тіл қатты?Әңгіменің мазмұнын кім маған айтып береді.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«Қолғаптың сыңарын тап» ойыны арқылы буынға бөлінген сөздердің буынын тап.

IV. Мақсат қою кезеңі:-Буынға бөлінетін сөздерге мысал келтірейік

V. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс63-жаттығу 1. Сөздерді буынға бөліп оқыңдар: балға, жалбыз , иықбал-ға , жал-быз , и-ық 2. мына сөздерді буынға бөліп, бағандағы тиісті сөздердің астына жазыңдарЖылқы, дәптер, иек,дүрбі, иіс, қырман, уық

3.сөз буындарының неше дыбыстан құралғанын айтыңдар.Екі дауыссыз дыбыс қатар келген сөздерді атаңдар..64-жаттығу буынға бөлінген сөздерді оқыңдар.ерт-те

құ-мырс-қа.2.Төмендегі сөздерді буынға бөліп, әр буынның неше дыбыстан құралғанын айтыңдарЖұмыртқа,шегіртке, ұртта, айтпа3. Қатар келген үш дауыссыз дыбыстың буынға қалай бөлінгенін байқаңдар.

VI.Жаңа материалды пысықтау:Мәтінді түсініп оқыңдарТөзім

VII.Бекіту кезеңі:1. Аяулы ертегіні неліктен тыңдай алмады?. 2Гүлдана ертегіні қалай тыңдады?.3 Аяулы Гүлданаға неге таңғалды?.4Әже ертегіні тыңдау үшін Аяулыға не қажет деді?



Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты
Сабақтың мақсаты
Сабақтың көрнекілігі
Сабақтың түрі
Viii. үйге тапсырма, бағалау
Vi.жаңа материалды пысықтау:
Vi.жаңа материалды пысықтау: 116-жаттығу.
Vii.бекіту кезеңі:-
Ii.үй тапсырмасын сұрау:
Iv. мақсат қою кезеңі:
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың мақсаты:
Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап. сабақтың барысы:

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет