Сабақ жоспары: «Қонақүй. Етістік»



Дата22.03.2017
өлшемі142,81 Kb.
#12097
түріСабақ
Сабақ жоспары: «Қонақүй. Етістік»

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.

Міндеттері

— Оқушылардың демалыс, жол жүру тақырыбында білімдерін жетілдіріп, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету;
— Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету;
— оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау;
— Оқушыларды өз елінің әсемдігі мен сұлулығына сүйсіндіре отырып, отансүйгіштікке баулу;

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер

сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, интерактивті оқыту әдісі, СКТТ

Негізгі әдіс

Ізденіс

Сабақтың көрнекілігі

кеспе, слайдтар, интерактивті тақта, мәтін

Сабақтың итеграциялық мүмкіндігі

тарих, жағрафия, мәдениеттану

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың барысы

 

І дидактикалық кезең

Оқушылардың танымдық қызметінің мотивациясы. Міндеті: сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. Атқарылатын жұмыс түрі: Оқушылар сөзжұмбақ арқылы тақырыбты өздері ашады. Суреттегі қонақүйлер қайда орналасқанын айта отырып, бүгінгі лексикалық және грамматикалық тақырыпты тауып шығарады.

Сыныппен амандасу

Сыныпты түгендеу, кезекшімен сөйлесім

Оқушыларды сабаққа бейімдеу

Балалар, жылда неше мезгіл бар?

Қазір қай жыл мезгілі?

Бір жылда неше ай бар?

Қазір қай ай?

Бір айда неше күн бар?

қазір айдың қай күні?

Аптада неше күн бар?

Бүгін аптаның қай күні?



Мұғалім сөзі: дұрыс, балалар, бүгінгі сабағымыз сәрсенбінің сәтінде, қонақтар арасында өтпекші. Қазақ халқы ежелден қонақжайлығымен белгілі, сондықтан да бәріміз де осы шараға қош келіппіз!

ІІ дидактикалық кезең

«Қайталау — оқу анасы»

Міндеті: Гграмматика тақырып ұштастырып, етістікті әр түрлі формада қолдана алатындарын сұрақтарға жауап беру. (Оқушылар етістік тақырыбына тоқталып, оның шақ, жақ, рай категорияларын естеріне түсіреді.

Атқарылатын жұмыс түрі: Берілген сұрақтарға жауап беру.

Етістік дегеніміз не?


Етістіктің сұрақтары?
Етістікте неше шақ бар?
Осы шақтың жұранқтары?
Өткен шақтың жұрнақтары?
Келер шақтың жұрнақтары?
Етістікте неше рай категориясы бар
Шартты райдың жұрнақтары?
Қалау райдың жұрнақтары?
Бұйрық райдың жұрнақтары?
Тұйық етістіктің жұрнақтары?

ІІІ дидактикалық кезең

«Көп ойлан, жақсы сөйле — пайдалы болсын»

Міндеті: өз туған қалаңның мәдени ошақтарын білу қажеттілігін көрсету.

Атқарылатын жұмыс түрі: Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқып, аударып, керекті сөздерді қою.

Петропавл қаласында көптеген қонақ үйлер бар. Олар: «Түркістан», «Кочевник», «Алтын адам», «Скиф», «Елім-ай», «Қызыл Жар». «Қызыл Жар» қонақ үйі Петропавл қаласының жайлы да жасыл ауданында ... . Ол өзінің құрметті қонақтарын кең жүрекпен ... .



«Қызыл Жар» —Петропавл қаласында қонақ үй бизнесінен лайықты ... . Бұл қонақ үй Қазақстан Республикасы мен қаламызға келетін шетелдік қонақтар арасында ерекше белгілі. Мұнда тамаша демалуға және іскерлік кездесулер өткізуге барлық жағдайлар ... . «Қызыл Жар» қонақ үйінің жаңашыл үлгідегі 7 қабатты ғимараты мен жайлы нөмірлері қала қонақтарына қолайлы сервис ... . Онда жақсы дем алуға тамаша жағдай ... . Ғимараттың орналасқан мекен-жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к., 54 үй.

— Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды

— оқушылар кезекпен бір-бір сөйлемнен оқиды және аударады, керекті сөздерді қойып, мазмұнын түсінеді

— тікелей сабаққа қатысты сөздермен жұмыс: берілген етістіктерді үш тілге аударып жазу...

Орналасқан — расположен
Қарсы алады— встречает
Орын алады — занимает место
Ұсынады — предлагает
Жасалған — созданы

(мәтінді өзім оқимын, оқушылар көп нүктенің орнына қажетті етістіктерді естеріне түсіре отырып жазады)

— мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы мәтінді аудару

— мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашу:



Тақырыбы: мәдени мүралардың қажеттілігі туралы

Идеясы:

 — өз туған жеріміздің мәдение мұрасы, біз бұл мұраларды сақтауымыз қажет;


 — келер ұрпаққа аманат етуіміз қажет;

ІҮ дидактикалық кезең

«Артық болмас білгенің...»

Міндеті: грамматикалық тақырыпты пысықтау

Атқарылатын жұмыс түрлері: Мәтінде берілген грамматикалық бірліктерге талдау жүргізу.

1-тап: Ол өзінің құрметті қонақтарын кең жүрекпен қарсы алады. Сөйлемге СКТТ технологиясы бойынша синтаксистік талдау жасау.


2-тап: Берілген сөйлемдегі етістікке лексикалық —грамматикалық талдау жасау.
3-тап.Берілген сөзге СКТТ бойынша фонология талдау жасау
4-тап. Етістіктің рай категорияларының жұрнақтарын жалғау
5-тап. Көсемшенің жұрнақтарын жалғау
6-тап. Есімшенің жұрнақтарын жалғау

СКТТ бойынша жай сөйлемге синтаксистік талдау

Ол өзінің құрметті қонақтарын кең жүрекпен қарсы алады.

Сөйлемде 1 тыныс белгісі бар, ол нүкте, ойды аяқтап тұр.

Айтылу сазы мен мазмұнына қарай: хабарлы, себебі ой баяндалып тұр.

Құрамына қарай: жай сөйлем, себебі тиянақты бір ойды ғана білдіреді.



Жай сөйлем түрлерін анықтау үшін, сөйлем мүшелеріне қарай талдаймыз:

4. Баяндауышсыз сөйлем болмайды

Баяндауыш тұрақты, сөйлем соңында тұр

5.1. не істейді? Қарсы алады.  — күрделі, етістікті — баяндауыш Баяндауыш арқылы бастауышты табамыз


5.2. кім қарсы алады? Ол — дара, есімдікті — бастауыш Бастауыш пен баяндауышты қатыстыра отырып, тұрлаусыз мүшелерді анықтаймыз
5.3. Ол кімдерді қарсы алады? Қонақтарын — дара, зат есімді, табыс септікті тура толықтауыш (ТТТ)
5.4. Ол қандай қонақтарын қарсы алады? Құрметті — дара, қатыстық сын есімді — анықтауыш Ол кімнің қонақтарын қарсы алды? Өзінің — дара, есімдікті, ілік септікті анықтауыш
5.5. Ол өзінің қонақтарын қалай қарсы алды? Кең жүрекпен — күрделі фразеологиялық тіркесті, үстеу қызметіндегі пысықтауыш

4.1. жақты — бастауышы мен бандауышы бар — айқын

4.2. жайылма — тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелер де қатысқан

4.3. толымды — ойға қатысты сөйлем мүшелері толық қатысқан.

«Қызыл Жар» қонақ үйі Петропавл қаласының жайлы да жасыл ауданында орналасқан.

Етістік


Не істелген?

Орналас  — түбір, қан — бұрынғы өткен шақ жасайтын жұрнақ

Тұлғасына қарай: негізгі

Мағынасына қарай: негізгі

Нәтижесіне қарай: болымды

Синтаксистік қызметі: баяндауыш, екі сызықпен сызылады.



Сөзге фонология талдау жасау. Жасалған

1. Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жуан буынды сөз. Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан дауыстылар.

2. Бұл сөз: жа — сал-ған болып үш буынға бөлінеді. Себебі сөздің құрамында үш дауысты дыбыс бар. жа— буыны ашық буын.
Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр;сал— буыны бітеу буын. Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр, ған— буыны бітеу буын. Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр,

Қа —сал-ған

3. Бұл сөз:

жа — болып екі жағдайда тасымалданады. Себебі

сал —


ған сөз екі буыннан тұр немесе сөз буын жігіне сәйкес тасымалданған.

4. Бұл сөзде екпін ған буынындағы а дауысты дыбысына түсіп тұр. Жасалған .Себебі қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буыныа түсіп тұрады

5. Түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі бар. Себебі үндестік заңына бағынып тұр.Түбір жуан болғандықта, қосымша да жуан.

6. Сөзде дыбыс үндестігі бар.. Себебі түбір үндіге аяқталып, ұяңға басталады.









Қонақүйдің шартты белгілері...(слайд түріндегі суреттер)

V дидактикалық кезең

«Бекіту— нәтижеге бағытталған білім беру»

Міндеті: Тест арқылы оқушылардың бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау.

Атқарылатын жұмыс түрі: Қонақүй қызметінің шартты белгілерін көрсете отырып, оларға түсініктеме беру

ҮІ дидактикалық кезең

Міндеті: Сабақта алған білімдерін жан-жақты дамыту

Атқарылатын жұмыс түрі: үй тапсырмасын беру

1. Жекелей жұмыс түрі: «қонақүйге тоқтадым» сөз тіркесін 3 жақта жекеше және көпше түрде жікте.



ҮІІ дидактикалық кезең

«Бағалау — мақсатқа жету жолы»

Міндеті: сабақ нәтижесі бойынша оқушылар білімін бағалау.

Атқарылатын жұмыс түрі: алған бағаларына сәл сараптама жасай отыра, күнделіктеріне қойып беру.

Пән мұғалімі Төлеуханова Сажида Қанатқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет