«Артық болмас білгенің...»
Міндеті: грамматикалық тақырыпты пысықтау
Атқарылатын жұмыс түрлері: Мәтінде берілген грамматикалық бірліктерге талдау жүргізу.
1-тап: Ол өзінің құрметті қонақтарын кең жүрекпен қарсы алады. Сөйлемге СКТТ технологиясы бойынша синтаксистік талдау жасау.
2-тап: Берілген сөйлемдегі етістікке лексикалық —грамматикалық талдау жасау.
3-тап.Берілген сөзге СКТТ бойынша фонология талдау жасау
4-тап. Етістіктің рай категорияларының жұрнақтарын жалғау
5-тап. Көсемшенің жұрнақтарын жалғау
6-тап. Есімшенің жұрнақтарын жалғау
СКТТ бойынша жай сөйлемге синтаксистік талдау
Ол өзінің құрметті қонақтарын кең жүрекпен қарсы алады.
Сөйлемде 1 тыныс белгісі бар, ол нүкте, ойды аяқтап тұр.
Айтылу сазы мен мазмұнына қарай: хабарлы, себебі ой баяндалып тұр.
Құрамына қарай: жай сөйлем, себебі тиянақты бір ойды ғана білдіреді.
Жай сөйлем түрлерін анықтау үшін, сөйлем мүшелеріне қарай талдаймыз:
4. Баяндауышсыз сөйлем болмайды
Баяндауыш тұрақты, сөйлем соңында тұр
5.1. не істейді? Қарсы алады. — күрделі, етістікті — баяндауыш Баяндауыш арқылы бастауышты табамыз
5.2. кім қарсы алады? Ол — дара, есімдікті — бастауыш Бастауыш пен баяндауышты қатыстыра отырып, тұрлаусыз мүшелерді анықтаймыз
5.3. Ол кімдерді қарсы алады? Қонақтарын — дара, зат есімді, табыс септікті тура толықтауыш (ТТТ)
5.4. Ол қандай қонақтарын қарсы алады? Құрметті — дара, қатыстық сын есімді — анықтауыш Ол кімнің қонақтарын қарсы алды? Өзінің — дара, есімдікті, ілік септікті анықтауыш
5.5. Ол өзінің қонақтарын қалай қарсы алды? Кең жүрекпен — күрделі фразеологиялық тіркесті, үстеу қызметіндегі пысықтауыш
4.1. жақты — бастауышы мен бандауышы бар — айқын
4.2. жайылма — тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелер де қатысқан
4.3. толымды — ойға қатысты сөйлем мүшелері толық қатысқан.
«Қызыл Жар» қонақ үйі Петропавл қаласының жайлы да жасыл ауданында орналасқан.
Етістік
Не істелген?
Орналас — түбір, қан — бұрынғы өткен шақ жасайтын жұрнақ
Тұлғасына қарай: негізгі
Мағынасына қарай: негізгі
Нәтижесіне қарай: болымды
Синтаксистік қызметі: баяндауыш, екі сызықпен сызылады.
Сөзге фонология талдау жасау. Жасалған
1. Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жуан буынды сөз. Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан дауыстылар.
2. Бұл сөз: жа — сал-ған болып үш буынға бөлінеді. Себебі сөздің құрамында үш дауысты дыбыс бар. жа— буыны ашық буын.
Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр;сал— буыны бітеу буын. Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр, ған— буыны бітеу буын. Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр,
Қа —сал-ған
3. Бұл сөз:
жа — болып екі жағдайда тасымалданады. Себебі
сал —
ған сөз екі буыннан тұр немесе сөз буын жігіне сәйкес тасымалданған.
4. Бұл сөзде екпін ған буынындағы а дауысты дыбысына түсіп тұр. Жасалған .Себебі қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буыныа түсіп тұрады
5. Түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі бар. Себебі үндестік заңына бағынып тұр.Түбір жуан болғандықта, қосымша да жуан.
6. Сөзде дыбыс үндестігі бар.. Себебі түбір үндіге аяқталып, ұяңға басталады.
Қонақүйдің шартты белгілері...(слайд түріндегі суреттер)
|