Сабақ жоспары ОҚО,Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы



Дата08.07.2017
өлшемі117,39 Kb.
#20930
түріСабақ

Географиядан қысқа мерзімді сабақ

жоспары

ОҚО,Созақ ауданы , Шолаққорған ауылы,

Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалім: Ахметова Алия

Сынып:«

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты

(мақсаттары)

Физикалық дене. Зат. Салмақ.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Физикалық денелер мен заттар туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Заттарды ажырата алады.

Кейбір оқушылар: Физикалық дене құралдарымен танысады

Тілдік

мақсаты


Оқушылар: (істей алады) Физикалық денелерді топтастыра алады


Негізгі сөздер мен тіркестер : «зат», «салмақ», «өлшемдер»


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар.

І кезең: «Даярлық байқауы» (Ой қозғау).

ІІ кезең: «Тез жауап» .

ІІІ кезең: « Географиялық лото».

ІV кезең: Жаңа сабақты түсіндіру.

V кезең: Сабақты бекіту.



Сіз неліктен ......екенін айта аласыз ба? Не себептен физикалық денелер қалыпты деңгейінен озгеріске ұшырайтынын айтып бере аласыңдар ма ?


Жазылым бойынша ұсыныстар


Алдыңғы оқу

Зат. Салмақ


Жоспар



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)


Ресурстар


Басталуы

Ұйымдастыру

кезеңі


1 мин

3 мин


2 мин
6 мин

Сәлемдесу ,оқушыларды түгелдеу.

Сергіту сәтін ұйымдастыру . « Шапалақ,мұрын, құлақ».

Оқушыларды суреттерге байланысты 2 топқа бөліп алу.

Топта топ басшысын , баяндамашы ,хатшы және уақыт белгілеуші рөлдеріне бөліну.



Сыни тұрғыдан ойлауға «Түрткі ,сынақтан, өткізу ,қайта бағыттау» сұрақтары

1.Зат дегеніміз не?

2.Өлшем бірліктері туралы не айта аласыңдар?

3. Физикалық денелердің өзара әрекеттеуі жайлы не білесіңдер?



Презентациялар А4 түрлі түсті парақ.





Ортасы

« Мағынаны тану кезеңі»



25 мин

І

кезең:




Оқушылардың сайысқа дайындығына және жинақылығына зер салу үшін ой қозғау сәті. Әр топқа жұмбақтар интерактивті тақтадан көрсетіледі.

І-топ


  1. Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,

Жаз шіріп ,қыста үсіп тоңбайтұғын.

Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін









Аяқталуы



II кезең.

«Тез жауап»

III кезең:

«Географиялық лото»

IV

кезең:

V кезең.

8 минут


Іші кең, бәрін салса толмайтұғын. (Жер, аспан)

  1. Үлкен-үлкен түйені,

Тастапты адам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп.(Тау)

II-топ


1)Тұрғыны жоқ елдер

Үйі жоқ қалалар

Ағашы жоқ ормандар

Суы жоқ теңіздер.

Бұл не? (Географиялық карта)

2)Бар ма, жоқ па

Оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде

Өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)

1-топ.


1)Жер нешінші ғаламшар? (3)

2)Жер күнді межеленген уақытта толық айналып өтуін не дейміз? (Жыл)

3)Құрлықтың жан-жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан ірі бөлікті не деп атайды? (Материк)

4)Жер бетінің қанша пайызы су? (71)

5)Ең алғашқы өте дәлдікпен берілген карта XVI ғ. басында қайда жасалды? (Еуропада)

6)Жер шарында қанша мұхит бар? (4)



7)Жердің ішкі құрылымын ата. (ядро,мантия,жер қыртысы)

8) Жердің қатты қабаты? (литосфера)
9) Емдік сулардың шығып жатқан жері? (арасан)
10) Тынық мұхиттың ең терең жері? (Мариан шұңғымасы)


11) Жер бетінің құнарлы қабаты? (топырақ)
12) Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су? (өзен)
13) Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты не дейді? (өзеннің алабы)
14) Жердің ауа қабаты? (атмосфера)
15) Белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайын не дейміз? (климат).
2 - топ.
1) Жер шарының кішірейтілген моделі? (глобус)
2) Жердің табиғи серігі? (Ай)
3) Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды не дейміз? (мұхиттар)
4) Жер бетінің қанша пайызы құрлық? (29%)
5) Картада көгілдір түспен не бейнеленген? (Су)
6) Жер шарында қанша материк бар? (6)
7) Тау жыныстарының негізгі үш типін ата. (Магмалық, шөгінді, метаморфты)
8) Жердің су қабығы? (гидросфера)
9) Су табиғатта неше күйде кездеседі? (3)
10) Дүние жүзілік мұхиттың бөліктері? (теңіз, шығанақ, бұғаз)
11) Топырақтану ғылымының негізін салушы орыстың жаратылыстанушысы? (В. В. Докучаев)
12) Өзеннің құяр жері не деп аталады? (өзеннің сағасы)
13) Үнді мұхиттың ең терең жері? (Зонд шұңғымасы)
14) Ауа қандай газдардың қосындысы? (Оттегі, азот, көмірқышқыл, аргон)
15) Белгілі бір жердегі тәулік ішінде болатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайы не деп аталады? (Ауа - райы).
Әрбір топ слайд бойынша көрсетілген суреттің атауын тауып, картадан көрсетуі керек.
І топ:
1) Дүние жүзіндегі ең ыстық материк? (Африка)
2) Дүние жүзіндегі ең үлкен материк? (Еуразия)
3) Дүние жүзіндегі ең кіші және құрғақ материк? (Австралия)
4) Дүние жүзіндегі ең ылғалды және жасыл материк? (Оңтүстік Америка)
5) Жер бетіндегі ауданы жағынан ең үлкен арал? (Гренландия)
ІІ топ:
1) Мұз жамылған материк? (Антарктида)
2) Ең ұзын мұхит? (Атлант)
3) Ең үлкен және ең терең мұхит? (Тынық)
4) Жер бетіндегі ауданы жағынан ең үлкен көл? (Каспий)
5) Ең ұзын өзен? (Ніл)
Жаңа сабақты түсіндіру.Жаңа тақырып: «Физикалық дене. Зат. Салмақ».
Табиғаттағы заттар қандай күйде кездеседі? Мысал келтіріңдер.
Физикалық дене дегеніміз – бізді қоршаған заттар ( машина, үй, жиһаз, ойыншықтар, т. б.).
Зат дегеніміз – физикалық дененің құрамдас бөліктері ( оттегі, ауа, су, т. б.)
Сұйықтың молекулалары бір - біріне тартылып тұрады, яғни сұйықтың қабығы бар тәрізді болады, мұндай байланысты беттік керіліс деп атайды.
Кез - келген физикалық дененің құрамында белгілі бір мөлшердегі заттар және олардың өзіндік салмағы болады. Салмақты негізінен таразымен өлшейді, масса бірлігіне килограмм (кг) пайдаланылады.

Сабақты бекіту.

1.Физикалық дене дегеніміз не?
2. Зат дегеніміз не?
3. Салмақтың өлшем бірлігі?
Қорытындылау:

Топ пікірлері тыңдалады.

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

«Блоб ағашы» әдісі бойынша өз әсерлерін,

Пікірлерін тақырыпты қалай түсінгендерін сипаттайды, өз сезімдерін білдіреді, оқығандары бойынша ассоциация жасап, оны кескіндерге жазады.



Не қызық болды?Не қиын болды? Жаңа ақпарат.

Үйге тапсырма беру.


Интерактивті тақта,оқулық, түрлі-түсті стикер




Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байлыныс.Құндылықтардағы байланыс.

Сабақ барысында қызықты мәліметтерді қарастыру.Оқушылардың қабілетіне қарай сыни ойлауға дағдыландыру.

Не қызық болды?Не қиын болды?Жаңа ақпарат бойынша оқушылырдың не үйренгенін анықтаймын.

Биолгия , тарих

Рефлексия

Сабақ?оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Өлшем түрлерімен танысқан тұлға.

2.Жеке және топтық жұмыста сыни ойлата білу.

3.Оқушылар бір-бірін басбармақ бойынша бағалайды.Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз.





Қорытынды бағалау

1. Физикалық дене дегеніміз не?
2. Зат дегеніміз не?
3. Салмақтың өлшем бірлігі?
Қорытындылау: Әр топтың қорытынды ұпай санын шығарып, бағаланады. Топтағы белсенділік танытқан оқушыларды атап өтіледі.табысты болды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз?)

1.Салмақ өлшемдерін презентация арқылы көрсету.



2.Сыни тұрғыдан ойлау.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1.Постер қорғау, жеке, топтық жұмыс,

2.Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?Сын тұрғысынан ойлау,оқуды бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет